Home » Мақалалар » Бектурганова К.К. Байхадамова Б.Е Жетінші бағыт – адами капиталды дамыту

Бектурганова К.К. Байхадамова Б.Е Жетінші бағыт – адами капиталды дамыту

Жылдың ең басты құжаты – Елбасымыздың Қазақстан халқына кезектi Жолдауы. Жолдау  еліміздің экономикасы мен халықтың әл-аухатын арттыруға негізделген. Құжат әр саланың атқаратын қызметін айқындап, халыққа бағыт – бағдар беріп, алдағы күннің дамуына ықпал болатын  он бағытты қамтыды. Соның бірі жетінші бағыт — адами капиталды жақсарту болып табылады. Яғни, білім саласы мен денсаулық саласына бағытталды.
Елбасымыз білім саласына қатысты «Білім берудің жаңа сапасы. Барлық жастағы азаматтарды қамтитын білім беру ісінде өзіміздің озық жүйемізді құруды жеделдету қажет.  Білім беру бағдарламаларының негізгі басымдығы өзгерістерге үнемі бейім болу және жаңа білімді меңгеру қабілетін дамыту болуға тиіс. Орта білім беру саласында жаңартылған мазмұнға көшу басталды, ол 2021 жылы аяқталатын болады».  Яғни, жаңартылған бағдарламамен оқыту кезең-кезеңмен көшіріліп, жалпы орта білім беретін мектептерге НЗМ тәжірибесі таратылуда. Осының аясында, 2016 оқу жылында мектептер жаңа бағдарламамен жасалған оқулықтармен  қамтамасыз етілді. Оқулықтардың да өзіндік ерекшеліктері  бар. Онда оқушылардың үш тілді меңгеруіне, лексикалық тақырыптары өмірден алынған әлуметтік тақырыптар негізінде берілген және логикаға құрылған. Бағалау жүйесі  халықаралық бағалау жүйесіне негізделген. Халықаралық білім саласының талаптарына сәйкестендірілуде.
2021 жылы еліміздің  жалпы орта білім беретін мектептері толықтай жаңартылған бағдарламаға көшіп, НЗМ қатарына қосылатынына сенімдіміз.

 

 

Бектурганова К.К.
Байхадамова Б.Е.
«Өрлеу-Тараз» ИТЖҒ(Г)ПОӘ
кафедрасының аға оқытушылары

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.