Заманауи Қазақстанның жастары және Павлодар қаласының «Адал ұрпақ» мектеп клубтары сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселесін шешу үшін алғашқы слет өткізді. Аталмыш шара қыркүйек айында М.М. Катаев атындағы Оқушылар сарайында «Білім беру саласында жемқорлық бар ма?» деген тақырып бойынша өткен болатын. Бұл шарада сайысқа қатысқан оқушылар шешендік өнер және үгіт бригадалардың ең үздік сахналық қойылымдарын көрсетті. «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының слетін Павлодар облысының білім беру басқармасы өткізген болатын. Аталмыш шараның мақсаты – өскелең ұрпаққа патриоттық тәрбие беру. Облыстық слетте Павлодар қаласы мен аудандарынан 20 команда қатысты. Балалар сыбайлас жемқорлық туралы сахналық әрі музыкалық қойылымдарды паш етті. Ертіс ауданынан келген команда Оқушылар сарайының үлкен сахнасында заманауи ән-күй қойылымдарын ұсынды. №17 ЖОМ-нің еріктілері «Шалқан» атты шағын қойылымды барша жұртшылыққа тарту етті. Сахналық қойылымнан басқа әрбір командалар «Оқушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы» тақырыбы бойынша буклеттер мен жадынамалар әзірленді. Слет шеңберінде «STOP коррупции!» атты ең үздік бейнеролик байқауы өтті. Барлық номинациялар бойынша қазылар алқасы жеңімпаздарды анықтады.
Жеңімпаз командалар дипломдарға ие болды.
Конкурсқа 212 адам қатысты. Іс-шараны 173 көрермен тамашалады.
Асем Аипова,
М. М. Катаев атындағы Оқушылар сарайы,
Павлодар қаласы.