Home » Сценарийлер » Бейсенова Гульжанат Жанбаевна

Бейсенова Гульжанат Жанбаевна

Бейсенова Гульжанат Жанбаевна,
Астана қаласы,
№74 «Дәурен» балабақшасының тәрбиешісі

«Бауырсақ» ертегісі
(Ұйымдастырылған ашық оқу қызметі)

Білім беру саласы: Қатынас.
Оқу іс – әрекеті : Сөйлеуді дамыту.
Мақсаты : Балаларға ертегі туралы түсінік беру. Ертегі кейіпкерлерін қонаққа шақыра отырып, қиялы мен қабіліетін жетілдіру. Балалардың сөздік қорын байланыстырп, сөйлеуге дағдыландыру.Баларға жағымды жағымсыз қасиеттерді айыра білуді үйрету.Өз ара сыйласып, достық қарым – қатыснаста болуға, біреуге қызғанып қарамауға, бірін – бірі құрметтеп, үлгі тұтуға тәрбиелеу. Ертегідегі кейіпкерлерінің сөз мәнерін, қимыл қозғалысын келтіріп ойнауға баулу. Сөздерді анық айтуға, тіл байлығын, есте сақтау қабілетін дамыту.
Қойылымның кейіпкерлері. Ертегіші әже, шал мен кемпір, бауырсақ, қоян,қасқыр, аю , түлкі.
Көрнекіліктер : ертегі кітабы, суреттер, ойыншықтар, бауырсақ ертегісіне арналған бас қалпақшалар және ертегі кейіпкерлерінің костюм.
Билингвалды компониент: Ертегі – сказка-tale , бауырсақ – колобок , орман – лес-forest , әже – бабушка-grandmather , ата – дедушка-grandfather .
Әрекет кезеңдері : Тәрбиешінің іс – әрекеті , баланың іс – әрекеті .
Мотивациялық қозғаушы . Жылу шеңбері :
Қайырлы таң, көк аспан ,
Қайырлы таң, жер ана ,
Қайырлы таң, қонақтар,
Қайырлы таң, достарым.
Қош келдіңіз бәріңіз ,
Сәләмәтсіз бе ?! (балалар жылулық шеңберін қайталап , орындайды)
Тәрбиеші : Құрметті қонақтар! Ертегілер әлеміне қош келдіңіздер! Ясли сәбилер тобының тірбиеленушілерінің қиялынан туындаған «Бауырсақ» ертегісін тамашаланыздар!
Іздену – барлау : — Балалар, бүгінгі күніміз сәтті өту үшін бір – бірлеріңе жылы лебіздеріңді білдіріңдер.
— Біз сиқырлы поездға отырып , барлығымыз ертегілер еліне саяхатқа барамыз.
— Алдымен менің қолымдағы сиқырлы кітабымды ашып, саяхатымыздың қалай болатынын қарап көрейін.
— О, біздің саяхатымыз қызықты болады екен, жарайды онда кеттік.Қане бәріміз поездға отырайық ! ( балалар поездың жүру қимылын жасап, поезд дауысын шығарады )
Ғажайып сәт: (Есік қағылып, ішке әже кіреді)
— Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мені таныдыңдар ма құлындарым, мен кіммін ?
Балардың жауабы: — Ия әже, Сәлеметсіз бе!
— Балалар мен сендерге ауылдан қонаққа келдім , мен құр қол келген жоқпын, мен сендерге ертегімді ала келдім, ертегі тындауға дайынсындар ма ?
— Біз бүгінгі тіл дамыту сабағында ертеден келе жатқан « Бауырсақ» ертегісімен танысамыз
«Бауырсақ» ертегісінің сахыналық қойылымы.
Ертегіші әже:
— Ата мен әже болыпты. Бірде ата жалынып:
— Ата
— Әжесі – ау, маған бауырсақ пісіріп берсеңші.
Әже
— Неден пісірейін? Ұн жоқ қой!
Ата
— Әй, әжесі – ай ! Қойманың түбін қырнап көрсең ғой бауырсақтық ұн табылып қалар.
Ертегіші әже :
— Кемпірі солай істейді: қойма түбін қырып-қырнап екі уыс ұн табады да, қаймаққа шылап, қамыр илеп, бауырсақты майға пісіріп, терезе алдына суытқалы қояды.
Жата-жата жалыққан бауырсақ терезе алдынан үйдің іргесіне домалап түседі, іргеден көгал үстіне домалайды, көгалдан жылжып жолға жетеді. Одан әрі жолмен зырлай жөнеледі. Бауырсақ жолда зымырап бара жатса, қарсы алдынан қоян шыға келеді.
Қоян: (Мадина)
Бауырсақ! Бауырсақ! Мен сені жеп қоямын!
Бауырсақ:
Жоқ, сен мені жеме, саған қандай өлең айтып берер екем, онан да соны тыңда.
Ертегіші әже:
Қоян құлағын түреді, ал бауырсақ әнге басады:
Бауырсақ:
Әжей қойма қырнаған, екі уыс ұн жинаған.
Балқаймаққа шылаған, пісіріп маймен сылаған.
Суытып та сынаған, бауырсақпын зулаған!
Атайдан да құтылдым, әжейден де құтылдым.
— Ертегіші әже:
Бауырсақ жалғыз аяқ жолмен келе жатса, оның алдынан қасқыр шыға келіп:
Қасқыр: (Жасұлан)
Бауырсақ! Бауырсақ! Мен сені жеп қоямын!
Бауырсақ:
— Сен мені жеме, мен саған өлең айтып берейін.
Ертегіші әже:
Бауырсақ әндете жөнеледі
Бауырсақ:
Әжей қойма қырнаған,екі уыс ұн жинаған.
Балқаймаққа шылаған, пісіріп маймен сылаған.
Суытып та сынаған, бауырсақпын зулаған!
Атайдан да құтылдым, әжейден де құтылдым.
Қояннан да сытылдым, қасқыр, сенен құтылу
Қиын емес бұл маған
Қасқыр:
Ертегіші әже:
Бауырсақ орман ішімен домалап келе жатса оған аю қарсы шығады.
Аю: (Азат)
— Әй , бауырсақ ! Мен сені жеп қоямын!
Бауырсақ:
— Сен мені жеме, мен саған өлең айтып берейін.
Әжей қойма қырнаған, екі уыс ұн жинаған.
Балқаймаққа шылаған, пісіріп маймен сылаған.
Суытып та сынаған, бауырсақпын зулаған!
Атайдан да құтылдым, әжейден де құтылдым.
Қояннан да сытылдым, қасқырдан да құтылдым,
Маймақ, сенен құтылу, қиын емес бұл маған!
Ертегіші әже:
Осылай бауырсақ әрі қарай домалай жөнеледі.
Түлкі: (Аяжан)
-Амансың ба, бауырсақ! Көргендерге ұнайды, жүзің қызыл шырайлы!
Ертегіші әже:
Бауырсақ мақтағанға мәз болып, өлеңін айта бастайды. Түлкі болса құмарта тыңдаған боп, қыбырын білдірмей,бауырымен сырғып, жақындай береді.
Бауырсақ:
Әжей қойма қырнаған, екі уыс ұн жинаған.
Балқаймаққа шылаған, пісіріп маймен сылаған.
Суытып та сынаған, бауырсақпын зулаған!
Атайдан да құтылдым, әжейден де құтылдым.
Қояннан да сытылдым, қасқырдан да құтылдым,
Аюдан да сытылдым, түлкі, сенен құтылу
Қиын емес бұл маған!
Түлкі:
— Не дейсің құлағым нашар естиді, мұрныма отырып айтшы
Бауырсақ:
— Балалар мені түлкі алдап жеп қоймақшы, мені құтқарып, өлең айтып беріңдерші (балалар хорменсергіту сәтін жасайды)
— Түлкі бауырсақты жеме!
Түлкі ештене істей алмай жөніне кете береді.
Ал балалар, бауырсақты жетектеп ата мен әжеге келеді.
(Әже ертегісін аяқтап, балалармен қоштасып, шығып кетеді)
Тәрбиеші:
Рефлексивті – қорытындылау: Сұрақ – жауап арқылы қорытындылау
— Балалар ертегі сендерге ұнады ма?
Ертегінің мазмұны не жайында екен? Ал, енді балалар, ертегідегі жағымды және жағымсыз кейіпкерлерді айыру үшін мынадай тапсырмалар орындайық.Неліктен бұл жерде аю, қасқыр, жағымды кейіпкерлерге жатады? (Өйткені олар бауырсақты жеген жоқ.)
— Өте жақсы!
— Ал, түлкі ше?
-Түлкі қу, айлакер.
Жағымды-Жағымсыз
Балалар, бауырсақ неден жасалады? (Ұннан)
-Ұн неден алынады? (Бидайдан)
Тәрбиеші: Бауырсақтың түсі қандай?
Бауырсақ: Сары.
Тәрбиеші: Бауысақтың пішіні қандай?
Бауырсақ: Домалақ, шеңбер.
Күтілітін нәтиже: Ертегідегі кейіпкерлердің сөз мәнерін , қимыл қозғалысын ойнап келтіруді, сөздерді анық айту.
Қалыптасқан әдет: Оқу іс – әрекетіне белсене араласады.
Істей біледі: Сөздерді анық айтып , кейіпкерлерін біледі.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.