Home » Жаңалықтар » Бейне-сабақтар мен бейне-дәрістердің «педагогикалық идеялар панорамасы» республикалық конкурсына қатысыңыздар!

Бейне-сабақтар мен бейне-дәрістердің «педагогикалық идеялар панорамасы» республикалық конкурсына қатысыңыздар!

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қызылорда облысы бойынша ПҚ БАИ бірыңғай ақпараттық-білім кеңістігінде заманауи педагогикалық тәжірибені жинақтау және насихаттау, педагогтердің ақпараттық-коммуникациялық және технологиялық құзыреттіліктерін арттыру мақсатында ұйымдастырылып жатқан бейне-сабақтар мен бейне-дәрістердің «Педагогикалық идеялар панорамасы» республикалық конкурсының өңірлік кезеңіне материалдар қабылдау жалғасуда.

Конкурсқа ведомстволық бағыныстылығына, меншік түрі мен нысанына қарамастан 22 аталым бойынша білім беру ұйымдарының педагогикалық қызметкерлері қатыса алады.

Конкурсқа қатысуға бұрын жарияланбаған, басқа конкурстарға қатыспаған, интернет желісіне орналастырылмаған бейнематериалдар жіберіледі.

«Педагогикалық идеялар панорамасы» республикалық конкурсы – шығармашыл, ізденімпаз ұстаздар үшін үлкен мүмкіндік!

Конкурс туралы толық ақпаратты мына сілтемеден www.orleu-kyzylorda.kz немесе 8(7242) 26-29-03 телефонына хабарласып біле аласыздар.

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.