Home » Жаңалықтар » Бейнеу ауданындағы іс-сапар

Бейнеу ауданындағы іс-сапар

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің өкілі Е.Онайбаев Бейнеу ауданында іс-сапарда болып, ондағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет саласына бақылау жүргізді. Атап айтқанда, Бейнеу ауылы әкімі аппаратында, Бейнеу аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінде кеңейтілген жиын өткізіп, «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша бірқатар мәселелерді көтерді.

Сонымен қатар, білім беру ұйымдарындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы бойынша Бейнеу политехникалық колледжі мен гуманитарлық экономикалық колледжі және Ы.Алтынсарин атындағы орта мектепте халыққа қолжетімді қызмет көрсету бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстармен танысты.

Бейнеу ауылы әкімі аппаратында, аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінде өткен жиында департамент өкілі «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша халыққа колжетімді анық ақпарат ұсынылуы керек екендігін жеткізді.

Ақпараттық жүйелерде орын алатын техникалық ақаулар кезіндегі қызметкерлердің іс әрекеті және мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен ықпалдастыру (интеграция) мәселелері сияқты бөлім қызметкерлерінің көкейінде жүрген сұрақтары қызу талқыланып, департамент өкілімен нақты жауаптар берілді.

 Әлеуметтік мәселелер бойынша жүргізілген бақылау

 Бақылау кезінде, «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша құжат тапсыру үшін, кезекте тұрған тұрғындармен тілдесіп, ұсыныстарын тыңдады.

Сол жерде аталған мемлекеттік қызметті көрсету кезінде Бейнеу ауылы әкімі аппараты мамандарына тұрғындардан мемлекеттік қызмет көрсету стандартымен айқындалмаған құжаттарды талап етуге жол бермеу жөнінде ескертіліп, тұрғындардың осы қызметті алу кезіндегі құқықтары түсіндірілді.

Нәтижесімен, осы бағытта түсіндіру жұмыстарының яғни, аудандық (facebook, instagram, VKontakte) әлеуметтік желілерінде  насихаттап, түсіндіру жұмыстарының әлі де болса күшейту керектігі тапсырылды.

Сонымен қатар, департамент өкілімен тұрғындардың назарына агенттіктің «Digital Agent» мобильдік қосымшасы арқылы мемлекеттік органдарды және «Азаматтарға арналған үкімет» МК АҚ Маңғыстау облысы бойынша филиалының халыққа қызмет көрсету бойынша бөлімдерін бағалау мүмкіндігі туралы ақпарат жеткізілді.

Бейнеу политехникалық колледжі

Колледждегі бақылау кезінде, ғимаратта агенттіктің «Digital Agent» мобильдік қосымшасы туралы ақпаратты колледждің радиоторабы арқылы студенттердің және оқытушы құрамның назарына үнемі түрде жеткізу туралы ұсыныс берілді.

​         Сонымен қатар, колледжде «connection point» өз-өзіне қызмет көрсету бұрышын қолжетімді түрде студенттермен бірге оқытушы құраммен қолдану сәтіне де көңіл аударылды. Аталған тәжірибені басқа да білім беру ұйымдарын қолданыста екендігі атап өтілді.

Бейнеу гуманитарлық экономикалық колледжі

 Е. Онайбаевпен Бейнеу гуманитарлық экономикалық колледжінде халыққа қолжетімді қызмет көрсету бағытында жүргізіліп жатырған жұмыстарымен танысып, бақылау жүргізілді.

Бақылау кезінде, студенттерге қызмет көрсету орталығының мамандарымен тілдесті. Аталған орталық арқылы студенттер өздеріне қажетті құжаттарды бір өтініш арқылы алып, сәйкесінше анықтамаларын осы жерден алатындығына көз жеткізді. Яғни, уақыттарын үнемді пайдалана отырып, оқу процесіне кедергі келтірмей қызметтерін алуда.

Сондай-ақ, агенттіктің «Digital Agent» мобильдік қосымшасы туралы толық ақпарат беріліп, жаңа форматта дайындалған бейнероликтері колледжге ары қарай ғимаратта орналасқан теледидарлар арқылы көрсету үшін табысталды.

Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп

 Мектептегі кездесуде қызмет алушыларға қолайлы жағдайлардың жасалуы, ақпараттардың ашық түрде ұсынылуы және т.б. қамтылды.

Атап айтқанда, мектептегі IT сыныптары, жаңа үлгідегі информатика пәні кабинеті, мектепке кіре берісте орналасқан мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарының ілінуі және өз-өзіне қызмет көрсету бұрышының қызметтерімен танысты.

Нәтижесімен, информатика пәні мұғалімдерімен сабақ процесі кезінде, оқушыларға электронды цифрлы қолтаңба алудан бастап, «e-gov» электронды үкімет порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді алу дағдыларына үйрету бойынша ұсыныстар беріліп, сол жерде мектеп директорымен ұсыныс қабылданды.

«Цифрлы Қазақстан» мектеп қабырғасынан бастау алса, еліміздің болашағы жарқын болатынына күмән жоқ.

Білім беру ұйымдарындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы

 Бейнеу ауданы әкімінің аппарат басшысы Г. Бақытованың басшылығымен, департаменттің бас маманы Е. Онайбаевтың, колледж, мектеп және мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының директорларының қатысуларымен кеңейтілген жиын өткізілді.

Жиында білім саласындағы мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы талқыланды.

Алғаш сөз алған департамент өкілі жиын қатысушыларын ауданда өткізілген ішкі бақылау іс-шараларының нәтижелерімен таныстыра отырып, орын алған кемшіліктердің (өтініштердің нысанға сәйкес болмауы, артық құжаттардың қабылдануы және нәтижелерінің берілмеуі) маңыздылығын түсіндіріп өтті.

Сонымен қатар, білім беру ұйымдарында қызмет алушыларға жасалу қажет қолайлы жағдайларды тізіп көрсетті.

Мемлекеттік қызмет көрсету тек қана құжат қабылдап, нәтижесін беру емес, бұл арнайы нормативтік құқықтық актілерге сәйкес көрсетілетін мемлекеттік қызмет екендігі және әр өтініш сапалы әрі қызмет алушылардың құқықтарының шектелмей көрсетілуі керектігі жеткізілді.

 

 

 

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және
сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша
департаментінің баспасөз қызметі

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.