Home » Ашық сабақтар » Бейнелеу іс-әрекетінде дидактикалық және дамытушы ойындарды қолдану  

Бейнелеу іс-әрекетінде дидактикалық және дамытушы ойындарды қолдану  

Баланың шығармашылық қабілетінің дамуы  белгілі бір дәрежедегі деңгейі ғана емес, қабылдау, есте сақтау, қиялдау, елестетуін дамыту болып табылады. Сонда ғана өз бетінше білімін қолданып, шығармашылық ойлайтын адам болып қалыптасады. Ол үшін бала мен тәрбиешінің арнайы ұйымдастырылған, мақсатқа бағытталған және жүйелі қарым-қатынасы болу керек. Мектепке дейінгі кезеңде баланың негізгі қызметі – ойын, қазақ халқының баланы ойын өсіреді деген дана сөзін ескерсек, бала ойнай жүріп ойлайды, ойы сергиді. Ойын арқылы баланың білімі мен білігін, іскерлігін ұштастырып, меңгерілген материалды есте сақтауы жетіледі. Сол күнгі жұмысты жоспарлағанда тақырыпқа сәйкес өткізілетін ойынды да жоспарлаймын. Ойын тақырыпқа сәйкес таңдалады. Қажет болған жағдайда өз қалауым бойынша мазмұнын өзгертемін. Бағдарлама бойынша бейнелеу іс- әрекетін ұйымдастырғанда қойылатын талаптарға тоқталғым келеді:

  • жұмыстың негізгі мақсатын, міндеттерін нақты айқындап алу;
  • мақсатқа жетудегі қолданылатын тиімді әдіс-тәсілдерді алдын ала анықтау;
  • іс-әрекеттің бір-бірімен үндесіп, мазмұн сабақтастығының болуын қадағалау;
  • балалардың дербес, еркін, шығармашылықпен әрекет етуіне толық жағдай жасау;
  • тақырыпқа сәйкес мазмұнды ашып, жаңа білім дағдыларын меңгеруге қажетті ойын,
  • тәрбие саласына байланысты басқа тәрбие жұмыстарын бекіту, қайталау, еске түсіру мақсатында сабақтастықта жүргізу.

Өз жұмысымда қолданып жүрген ойын үлгілерін бірнеше түріне тоқтала кетейін.

«Сиқырлы пейзаж» ойынының мақсаты – балаларға пейзаж туралы түсінік беріп, түрлі қиынды суреттерді пайдаланып, сюжетті суреттер құрастыру, заттарды топтастыруға жаттықтыру, өз бетінше тапсырманы орындауға дағдыландыру, ойлау қабілетін дамыту.

Ойынның кұрал-жабдықтары: әр түрлі сурет бөлінділері. Мазмұны: балалар алдарындағы үлгі бойынша бөлінділерден сурет құрайды.

«Пейзаж құрау» ойынының мақсаты – балаларға пейзаж туралы түсінік беріп, түрлі қиынды суреттер пайдаланып, пейзаж құрату,балалардың қиялын, ойлау қабілетін дамыту. Құрал-жабдыққа түрлі сурет қиындылары беріледі,  балаларға өз қиялымен құрастыру ұсынылады.Балалар жыл мезгілдеріне байланысты сюжетті пейзаж құрайды.

Ойынның мазмұны: Балалар алдарындағы үлгі бойынша жұмыстанады.

 «Суретті жалғастыр» ойыны. Мақсаты: Балаларға әр түрлі тақырыпқа байланысты суреттер беріледі, жалғастыру және пішіндерден өз қиялдарымен сурет салу ұсынылады, балалардың қиялын, ойлау қабілетін дамыту. Ойынның кұрал-жабдықтары: әр түрлі суреттер беріледі, балалар өз қиялымен құрастыру қажет. Ойынның мазмұны: балалар алдарындағы үлгі бойынша жұмыстанады.

 

«Түсіне қарай жина». Ойынның мақсаты: балаларға жыл мезгілдері тақырыбына байланысты түстерді ажыратып, суреттерді жинақтау, әр түске сәйкес суреттеді тауып орналастыру ұсынылады, балалардың қиялын, ойлау қабілетін дамыту. Ойынның кұрал-жабдықтары: әр түрлі суреттер беріледі,  балалар өз қиялымен  түстерді топтастыру қажет. Ойынның мазмұны: балалар алдарындағы үлгі бойынша жұмыстанады.

«Әдемі кілемшелер». Ойынның мақсаты: балаларды бөліктерден кілемше жасауға үйрету; түстерді ажыратып, суреттерді жинақтау, әр түске сәйкес суреттерді тауып орналастыру ұсынылады, балалардың қиялын, ойлау қабілетін дамыту. Ойынның кұрал-жабдықтары: қағаздан жасалған кілемшелер, геометриялық пішіндер. Әр түрлі суреттер беріледі, балалар өз қиялымен түстерді топтастыру қажет. Ойынның мазмұны: балалар алдарындағы үлгі бойынша жұмыстанады.

«Бет орамалға лайық жамауларды табу». Ойынның мақсаты: геометриялық пішіндерді ажыратуға, салыстыруға жаттықтыру; логикалық ойлау қабілеттерін дамыту. Құрал-жабдықтар: бала саны бойынша қағаздан жасалған бет орамалдардың үлгісі, әр түрлі пішіндер. Мазмұны: балаларға бет орамалдардың үлгісін таратып, алдарындағы пішіндердің ішінен әр орамалға лайық жамауды табуды ұсыну.

«Түрлі-түсті жолақтар». Ойынның мақсаты: түстерді атауға, салыстыруға жаттықтыру; берілген тапсырманы орындауға ынталандыру; достық қарым-қатынасқа тәрбиелеу.

Ойынның құрал-жабдықтары: қағазға желімделген әр түрлі жолақшалар. Ойынның мазмұны: балаларға жолақшаларды көрсету, түстерін атау. Берілген жолақшаның түсі бойынша үстелдің үстіндегі дәл осындай жолақшаны табу.

«Сиқырлы суреттер». Ойынның мақсаты: балалардың логикалық ойлау қабілетін, ес, зейін, қабылдау процестерін дамыту. Ойынның кұрал-жабдықтары: әр түрлі сурет бөлінділері. Ойынның мазмұны: балалар алдарындағы үлгі бойынша бөлінділерден сурет құрайды. Сурет бойынша әңгіме құрауды ұсыну.

Сонымен қатар ұйымдастырылған оқу қызметінде ғана емес, күннің бірінші және екінші жартысында жеке жұмыс немесе тапсырма ретінде ойындарды қолдануға болады. Бұл ойындарды жаңа тақырыпты түсіндіруге, өткенді қайталауға, білімді тиянақтауға жас тобына байланысты пайдаланамын. Сондықтан белгілі бір мақсатқа бағытталған оқыту процесіндегі  түрлі әрекеттер ойынға негізделіп құрылғаны жөн.

 

Жанна Дүзелбайқызы Иманалиева,
№9 «Еркемай» бөбекжайының І санатты тәрбиешісі,
Орал қаласы, БҚО

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.