Аналардың тілегінде –Бейбітшілік
Бөбектердің жүрегінде – Бейбітшілік
Балдырғанның бал тілінде – Бейбітшілік
Шуағыңды төк күнде, Бейбітшілік
Көгершін боп қалықта, Бейбітшілік –
осы өлең жолдары еріксіз ойыма келіп, қолыма қалам алып өзіндік ой өрнегімді жазуға кірістім. Бізге еркіндік үлкен ерліктің арқасында келді. Ата-бабаларымыз Отан үшін отқа түсті, жауды жеңді. Көптеген қиындықты бастан кешірді. Отан оттан да ыстық деген ұранмен алға ұмтылды, тұтқиылдан келген жауды жеңді. Бірақ қатты жараланды, аяқ-қолдарынан айырылып, болашақ ұрпақ жолында аянбай күресті. Аман-сау қалғандары елге оралды, қаншама жауынгер қыршын кетті. Ауылда әйелдер жесір, балалар жетім қалды. Ауылда қалған аналарымыз тылда еңбек етті.
Міне, биыл Жеңістің 72 жылының қарсаңында мектебімізде игі шаралар өтіп, патриоттық әндер айтылып, соғыс кезін сомдаған көріністер қойылып жатыр. Біздің бір ғана тілегіміз: енді соғыс болмаса екен, тек бейбітшілік өміріміз жалғассын деймін.
Жалғас Ақкүміс,
Опорный орта мектебінің 4 «А» сынып оқушысы,
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы