Табандылықты талап ететін менің мамандығымның қиындығынан қызығы көп. Неге десеңіз, техника дамыған заманда тұспа-тұс өмір сүріп келеміз. Балаларды мектеп жасына дейін тәрбиелеу мекемесінде жұмыс істеп келе жатқаныма бірнеше уақыт болды.Тәлім алып жүрген бүлдіршіндердің айтқаныңды қағып алатын қағылездігіне қайран қаламын.К.Д.Ушинскийдің бір сөзі бар «Мұғалім-өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім» — деген. Мен осы сөзді өз ұстанымыма айналдырып алдым. Азанда жұмысқа қарай аяқ басқанымда, балалардың бойына бірдеңе сіңдіре алсам ғой деп тұрамын.
Біз бүгінгі білім беру жүйесінің жүзеге асып жатқандығын өз жұмысымызбен көрсете алуымыз керек.
Жаңа технологияны жаттап алу ауыр болғанмен,бізді яғни педагогтарды алдыға ұмтылдыратын өскелең ұрпақтың кез-келген нәрсені үйренуге деген қызығушылығы, қашанда күш-жігер беріп отырады.
Ал заманауи педагог ретінде менің міндетім- өзіндік идеясы басым бүлдіршін тәрбиелеу,оларға тәлім беріп, ары-қарай қанат қағуы үшін қолғанат болу. Педагог қандай болуы керек?Менің түсінімдегі педагог-ең үлкен парасат иесі.
Аузын ашқанда-ақ мәдениет ошағының мүшесі екені білініп тұруы керек.Педагог алдындағы әрбір балаға екінші ана.Себебі,кейбір балақайлар тәлім берушісінен үйіндегі анасының бойындағы қасиеттерді іздейді.Ал талап қою,қаталдық көрсету қазіргі күні қарым-қатынасқа кері әсер етеді.Сондықтан мейлінше,бұл нәрседен аулақ болатын болсаң,соғұрлым тәлім алушы үшін сүйікті тәлім берушіге айналуың ғажап емес.Баламен сөйлесу үшін оның жасымен,түсінігінде болуың керек.Яғни тіл табысу бізбен сіз ойлағандай өте жеңіл емес. Онымен дос болу,көңілін аулау сияқты амалдарды қолдану арқылы ғана баламен ара-қатынасты нығайтуға болады.Сонымен қатар, кеңшілдікпен мейірім мінездің ең көркемі болып есептеледі.Осы мінезді алдыға тарта отырып,оқушының ойын,көз-қарасын біліп алуға болады.Мен педагогика жолында өзімді қалыптастырғым келеді.Тәжірибеммен бөлісіп,пікір алмасуды парызым деп білемін.
Маман ретінде өзіндік идеяларымызды ұсынып,соны жұмысқа жарататын болсақ жоспардың жүзіге асқаны деп ойлаймын.Педагогика-екінің бірі таңдайтын мамандық болғанымен екінің бірі істеп кете алмайды.Себебі, білім берушінің бойында ақылмен тапқырлық ғана емес,онымен қоса төзіммен шыдам болуы керек.Тек осы қасиеттерді қанжығаға байлай отырып, үздік білімгерлерді дайындайтын боламыз.
Мынандай керемет халық даналығы бар «ұстаз түлегіне алға бастырар талап сыйлайды»- деген.Расында,біз,тәлім алушыларға түнде ай,күндіз күн сияқты жарықпен жылу берушіміз.Олардың тардай болып кірген жеріне таудай етіп шығаратында осы педагогтар қауымы.Менің ойымша, кез-келген педагог білімгеріне бар ынтасымен білім беруі керек. «Болашақ жастардың қолында», ал оларды сол жарқын болашақ үшін тәрбиелейтін тағы да біз!
Бегимбетова Замзагуль Токтарбековна,
Алматы облысы, Ескелді ауданы
Қоңыр ауылы
«Қызғалдақ» балалар бақшасының
әдіскер-психологі