Home » Айтарым бар » БАҚ және әлеуметтік желімен жұмыс

БАҚ және әлеуметтік желімен жұмыс

Бүгін, 2017 жылы 26 қыркүйек күні І. Кеңесбаев атындағы жалпы орта мектебінде Республикалық «Білім Айнасы» ғылыми-танымдық газетінің редакциясы ұйымдастырған «Педагогтардың шығармашылық дағдыларын дамыту» атты тренингі өтті. Бұл тренингті жас тілші Абай Сәдібекұлы жүргізді. Бүгінгі таңда мектеп мұғалімдеріне көптеген газеттерге жазылым ұсынылады. Ал мұндағы ерекшелік те сол – газетпен байланыс үдерісі жазылымсыз-ақ жолға қойылған. Мақала, ашық сабақтар және тәрбие сағаты секілді шығармашылық жұмыстарды газет немесе журнал беттеріне шығару мәселелері жақсы қарастырылған. Жас ұжымның алға қойған мақсаттары мен бағыттары айқын байқалып тұр. Осы уақытқа дейін ұстаздарды шығармашылық жұмыстарын жариялауда алаңдататыны – сапасы мен қолжетімділігі болса, Білім айнасында ол мәселелердің нәтижесі көңілге қонымды. Мен өзім Абай Сәдібекұлы өткізген осы педагогикалық тренингтен оған көз жеткіздім және жақсы әсер алдым. Мақала жазуға дағдыландыру тренингі білім саласындағы сабақ құрылымымен ұштасып кеткендей болды. Сұрақ-жауап, «Миға шабуыл» стратегиясымен қатар, мақала міндеттерімен, оның түрлері, құрылымымен таныстым. Жас тілші мотивацияны шебер қоя білді. Мен және менің әріптестерім осындай Республикалық деңгейдегі газет пен оның сайттағы кең мүмкіндіктеріне еш күмәнсіз қол жеткіздік деп ойлаймын. Білім айнасы газетінің белсенді оқырманы бола отырып, БАҚ және әлеуметтік желімен жұмыс тәсілдерін тиімді пайдаланамын деген ойдамын.

«Білім айнасы» газетінің редакциясы ұйымдастырған тренингке бар ынтасы мен қызығушылығымен қатысқан мұғалімдер құр алақан қайтпай, Сертификат, белсенді атсалысқан Жумабекова Гульнар және Асекенова Меруерт «Алғыс хатқа» ие болды. Соңында тілшімен бірге естелікке суретке түстік.

 

Жумабекова Гульнар Махаловна

І. Кеңесбаев атындағы жалпы орта мектебінің

орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Оңтүстік Қазақстан облысы

Созақ ауданы, Таукент кенті

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.