— Сіз менің әкемсіз ғой?!
— иә әкеңмін қызым, әкеңмін.
— сіз күштісіз ғой
— иә қызым күштімін, күштімін.
— онда маған тыны (смартфон телефон) бересіз ғой
-…Осы жерде алдыңнан тік құз кездескендей кілт тоқтайсың ғой. Астыңда атың болса охыранар еді ары бармаймын дегендей. Үш жасар қыздың мынаншама мадақтауынан кейін қалай жоқ деп айта аласыз? Қаншалықты дұрыс не бұрыс екенін білмей дал болатын кез. Кімнен кеңес сұраймыз, қандай ақылға, ғалым пікіріне сүйенеміз. Бұрын көршінің баласы анандай екен мынандай екен дейген сынды сөздермен өзіміз өссек. Бүгінде көршілес елдердің тәрбие беру тәсілін айтып аузымыздың суы құритыны тағы бар. Ненің зиян ненің пайдалы екенінін ара жігін ажыраталмай қалдық. Кеңесің барма айта отыршы маған деп айтуға да кейде аузымыз бармайды. Өйткені кебеше керітартпа өзімшілдігіміз желкемізден тартады да тұрады. Оны мойындауға батылымыз, парқымыз жетпей жататын тұстарымыз жоқ емес.
Нестемек керек? Сәл ойланайықшы кімдермен бірігейік жан — жағымызға бажайлап қарап алайық.
Тәлімдік, тәрбиелік мәні бар. Ата — ана мен бала арасындағы сенімді сыйластықты, бір — біріне деген сезімді нығайту. Ата-ана мен тәрбиеші бірігіп, сапалы — білімді, саналы, салауатты ұрпақ тәрбиелеу мақсатына бағытталған. «Бақытыңды балаңнан ізде!» дейтін ток — шоуды Нұр-Сұлтан қаласының №18 «Аяжан» балабақшасының ұжымы ұйымдастырып, арнайы қонақ ретінде шақырған екен. Өзімізде тәрбие мәселесінде тәлімнен сусап жүрген жайымыз бар еді қуана келістім. Ата — аналар мен тәрбиешілердің тиімді уақытын қарастырған болу керек кездесуді кешкі сағат 17:30 ға қойыпты. Сол уақытта сол жерден табылуға тырыстым. «Үш байлық» қоғамдық бірлестігінің бас директоры, қоғам қайраткері, тіл жанашыры Асанғазы Оразкүл Асанғазықызы, Нұр-Сұлтан қаласының Әзірет Сұлтан орталық мешітінің найб имамы Өткелбаев Бақытжан Мүптіәділұлы, Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасының «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» бөлімінің басшысы Разбекова Ләззат Мұратқызы, «Астана дарыны» орталығының психологы Талжібек Сатылғанқызы, №46 «Самал» санаториялық балабақшасының меңгерушісі Қайырғалиева Балауса Төлеуғалиқызы, Нұр-Сұлтан Гуманитарлық колледжінің директоры Нұрланов Елдос Болатханұлы, Көп балалы ана Үйсінбаева Замира Гулумқызы, ата-аналар, тәрбиешілер мен педагогтар болды. Мағыналы іс — шара ұйымдастырып, ол жерге бірнеше (қолдары босай бермейтін) кіслердің басын қосып отырған Әсел Мүбаракқызына риза болып, ішіміз жылып қалғанында жасырмай айта кетейін. Кімді болмасын баласының тәрбиесі толғандырмай қоймас. Өмір көрген жақсылықта аспай, кедергілерге саспай қандай кезеңді болмасын жеңе біліп республикалының депутат мәртебесіне дейін көтерілген Оразкүл апамыздан сондай – ақ жаста болса бас бола білген бірнеше тәжірибелі мамандардың пікірін тыңдап соны өздерінің тәсілдеріне айналдырғысы келген ишара деп түсіндік. Бала тәрбиесінде ата -ананың зор үлестерінің барын біліп ол кісілерді де арнайы осындай ашық алаңға шақырып «Аналар мектебін» жандандырып, ол кісілермен тығыз қарым қатынас жасаудың жолдарын қарастыра отырып, әрекеттің жолын жандандыру шаралары құптарлық іс. Ізденімпаз ұстаздар бала тәрбиесінде жан-жақтамалықты бағалап сол жолда қызмет жасаған. Тұжырым соңында кісілер төрт факторға тоқталды. 1.Баланы дүниеге әкелген ата — ана, 2. Ұстамы жақсы ұстаз, 3. Араласатын достары (үй алма көрші ал), 4. Өскен ортасы (кіммен көп араласады). Осы төрттік мәселесі біздерде және сіздерде қалай болып жатыр? соған көбірік мән беру керек.
Қуантай Амантайұлы
Білім айнасы
Нұр-Сұлтан қаласы