Home » Мақалалар » Бақыт деген не?

Бақыт деген не?

Әркім бақыт дегенді әр түрлі түсінеді. Бақыт деген не?
Бақыт адамның өмір қызығы мен қуанышы мен рахатына қанағаттану дәрежесін танытатын этикалық ұғым.
Бақыт деген де әркімнің ойы әр қилы. Бірі жауап тапса, бірі әлі күнге сандалып жүр.  Бақыт негізінде адамның өмірі мағыналы және нәтижелі болған кездегі өз болмысына деген ризашылық сезімінің қалыптасуы жатыр. Мұрат тұлғаның болашаққа деген сенімін, бақыт оның іске асу деңгейін көрсетеді. Сондықтан бақыт ұғымы кең көп мағыналы ұғым.
Бақыт дегенде әркім өз түсінік, өз қажетін ойлайды. Өмірде нені маңызды деп санаса тіршілікте соған жетуге ұмтылады. «Құс ұшуға жаралған, адам бақытты болуға жаралған» дейді халық мақалы  Бақытты өмір сүру- қуанышты болу, рақатқа бөлену, дәулетке кенелу. Адамға қуаныш әкелетін оқиғалар-табысқа қол жеткізу іс-әрекеттің марапатталуы, ылғи алға қойған мақсаттың орындалуы, отбасының, бала-шағаның қызығы. Қуаныш сезімі адамға күш беріп кісінің жігеріне жігер қосады. Алайда, қуаныш пен бақыттың арасында айырмашылықта бар. Қуаныш өткінші жеке бір сәтке байланысты. Бақыт адамның бүкіл өмірінің арқауы.
Бұл әрбір жеке тұлғаның жеке басына қатысты жақсылыққа, ізгілікке жету жолындағы өзі үшін ұмытылу.
Қорыта келгенде бақыт деген кең ұғым. Елбасы болашаққа бағдар, рухани жаңғыру еңбегінде « Патриотизм кіндік қаның тамған жеріңе, өскен ауылыңа, қалаң мен өңіріңе яғни туған жеріңе деген сүйіспеншіліктен басталуы» дейді. Бақыт- туған елін отанын сүю арқылы арманы мен мақсатына қол жеткізу.

 

Балнұр Қуанышқызы
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы
Халықаралық Ақпараттық технологиялар университетінің 1- курс студенті

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.