Қазіргі қоғамдағы түйіткіл мәселелердің бірі – бала тәрбиесі мен білімі болғандықтан, балалардың жан-жақты өсуіне инновациялық технологияларды қолдану Ақтөбе қаласындағы Заречный — 4 елді-мекенінде орналасқан 3 жастан 6 жасқа дейінгі бүлдіршіндер тәрбиеленіп отырған №47 «Нұр-Ай» балабақшасының ең алғашқы мақсаты болып табылады.
Ұлтымыздың мәдениетін сақтап, оны келер ұрпаққа жаңа көзқараспен жетілдіріп, жеткізуде білім беру ісі басты құрал болып саналады.Қазіргі білім берудің негізгі мақсаты білімі мен біліктілігін, дағдысын қалыптастыруға қол жеткізу ғана емес, ертеңгі қоғамның белсенді азаматы – бүгінгі жастарымыздың өнегелі тұлғасын қалыптастыру. Жас ұрпақ тәрбиесі сияқты үлкен міндетті атқаруда мектепке дейінгі тәрбиенің орны ерекше екені белгілі.
Қазіргі қоғамдағы түйткіл мәселелердің бірі – бала тәрбиесі мен білімі болғандықтан, балабақшадағы балалардың жан-жақты өсуіне инновациялық технологияларды қолдану біздің балабақшамызда ең алғашқы мақсат болып табылады. Жаңашыл технологияларды жүйелі қолдану үшін педагогтардың қызығушылықтарын ояту, ізденімпаздыққа баулу мақсатында біздің балабақшамыздың ішінара ұйымдастырылып отыратын ұжымдық шаралардың арқасында іске асып, осындай дәрежелі -практикумдар өткізу арқылы инновацяиялық технологияны кеңінен қолдану дәстүрге айналды.Балабақшаның үлкен бөлшегі – бала болғандықтан, баланың ойын ойнамай өсуі мүмкін емес. Ойын арқылы кез-келген әдіс-тәсілді ұйымдастыруға , баланың қызығушылығы мен ынтасын оятуға, сонымен қатар дұрыс бағытталған заманауи технологияларды қолдану аясында біздің балабақшамызда инновациялық әдістермен жұмыс жасау өте жоғары қарқынмен атқарылып келеді.
Балабақшаның алға қойған мақсаты- ертеңгі ел болашағы жас ұрпақ тәрбиесіне жете мән беру. Баланың қабілетін арттырып, жақсы қасиеттерге баулу. №47 «Нұр-Ай» балабақшасы ашылғаннан бастап, балалармен түрлі шаралар өткізіліп келеді.Атап айтсақ, балабақшаішілік, ауылдық, қалалық, облыстық, Республикалық шараларға да белсене ат салысып келеді. Қарғалы округінің ұйымдастырумен өтетін айтулы күндерге арналған шараларға да балабақша ұжымы белсене қатысып отырады.
«Жұлдызың жана берсін, балақай» демекші балабақшаның кішкентай жұлдыздары 2017 жылы Орал қаласында өткен Республикалық «Ақкөгершін» байқауына арнайы Орал қаласына 10 бүлдіршінді өздерінің жауапкершіліктеріне алып апарған балабақша педагогтары өздерінің еңбегінің нәтижесін көріп, жүлделі І орын және кубокты алып келді. Оған қоса, би жанры бойынша Ақтөбе қаласында «Радуга Движений-2017» байқауына қатысып, І орын мен кубок иеленген кішкентай тәрбиенушілеріміз басқа да Халықаралық, Республикалық байқауларға қатысып жүлделі орындар алып, балабақшамыздың биіктен көрінуіне ат салысып келеді. Балабақша педагогтарының ізденісінің нәтижесінде, тәжірибе алмасу мақсатында үнемі қалалық, облыстық семинар-практикумдар өткізіліп тұрады.
Ұжымның барша қызметкерлерінің қатысумен, Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай ұйымдастырылған қалалық «Жер байлығы-ел байлығы!» атты және «Үздік Аяз Ата мен Ақша қар» атты байқауларға қатысып, қала әкімінің атынан Алғыс хат пен ақшалай сыйлық иеленді.Оған қоса, қалалық білім беру бөлімінің атынан Алғыс хат, Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының атынан Диплом, Ақтөбе қалалық ғылыми-тәжірибелік орталығының атынан Алғыс хатпен марапатталды.Алда әлі алынбаған асулар, шықпаған биіктерді бағындыруға іскер басшы Назгул Измуханбетқызы бастаған № 47 «Нұр-Ай» балабақшасының ұжымы әрқашанда дайын.
Аппазова Моншақ Бекарыстанқызы,
№47 «Нұр-Ай» балабақшасының әдіскері