Home » Жаңалықтар » Бақытты балалық шақ

Бақытты балалық шақ

1 маусым Балаларды қорғау күні мерекесі қарсаңында «Жарқамыс» бөбекжай балабақшасында «Бақытты балалық шақ» атты ертеңгілік өтті. Ертеңгілікке ауыл әкімі Р. М. Обаев, ата-аналар, балабақша қызметкерлері қатысты. Ертеңгілік барысында балабақшасы бүлдіршіндері ән айтып, би билеп өз өнерлерін ортаға салды. Ертеңгілік жоғары деңгейде өтті. Бүлдіршіндер орындаған «Балабақша», «Күн мен гүлдер», «Жас дәуірдің түлегіміз» әндер әсерлі орындалды. Күншуақ тобының қыздары «Шөжелерім» биін билеп көрермендерді қуанышқа бөледі.  Ауыл әкімі Р. М. Обаев дән риза болып,бүлдіршіндерге, тәрбиелеуші ұстаздарға әдіскер А. Б. Жәмиеваға, музыкалық жетекшісі Т. Ж. Орынбаеваға, тәрбиешілер Ғ. К. Жотинаға, Ж. Е. Сағынбайға, А. І. Өмірғалиға, С. Каржаубаеваға алғысын білдірді. Сөзінің соңында бүлдіршіндерге сыйлығын таратты. Бұл өткізілген шара облыс әкімі Б. М. Сапарбаевтың «Бақытты бала» жобасы аясында өткен шараның бірі болды.

 

 

Сағынбай Жұмагүл

«Жарқамыс» бөбекжай балабақшасы тәрбиешісі

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.