«Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн» Ұлттық науқанына орай
«Бақытты балалық – жарқын болашақ кепілі» атты тақырыппен науқанның ашылу салтанаты есебі
01.06.2018. №102 мектепте «Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн» Ұлттық науқанына орай «Бақытты балалық – жарқын болашақ кепілі» атты тақырыпта науқанның ашылу салтанаты өтті.
Мақсаты: бала еңбегін қанауға қарсы күрес жұмыстарын ұйымдастырып насихаттау, ата-аналармен колобративті жұмыс істеу.
Ашылу салтанатын мектеп директоры Данагүл Рысбайқызы «Халықаралық балаларды қорғау күні» мерекесіне орай құттықтау сөзімен ашып, балаларға жазғы демалысты позитивті және қауіпсіз өтулеріне тілек білдірді. ДТІЖО-лары мен аға тәлімгердің жетекшілігімен бала еңбегін қанауға қарсы дискурс өтті, танымдық бейнекөрсетілімдер мен статистикалық мәліметтер көрсетіліп, балалар шығармашылығынан өлеңдер мен мәнерлеп оқу жұмыстары өтілді.
Ауэлбекова Г.У.
ДТІЖО
Жетісу ауданы
«№102ЖББМ» КММ