Тұңғыш Президент күні мерекесіне орай Павлодар қаласының барлық білім-тәрбие ошақтарында көптеген тәрбие сағаттары өтті. №120 балабақшасында тәрбие-тәлімдік мәні зор шара осының негізінде болды.
Орталық тәрбиешілері жас ұрпаққа Елбасының өмір жолын, ерен еңбегі, тұлғалық тұғыры жайлы түсінік беру мақсатында «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» атты тәрбие сағатын ұйымдастырды.
Балабақша басшысы Айгүл Мақанның айтуынша: «Елбасының өзінің өмір жолынан алынған үлгі боларлық сәттерін таңдап алдық. Осылайша біз жас балғындардың бойына патриоттық сезім мен еліне, жеріне деген сүйіспеншілікті оятып, орнатуды мақсат етеміз»,- деп сөзін жеткізді.
Мереке балғындардың ән мен жырларымен толықты.
Л. Теміртасқызы,
Білім айнасы,
Павлодар