Білім беру саласы: қатынас
Ұйымдастырылған оқу ісәрекеті: драма
Мақсаты: Ойын ойнау арқылы ертегі құрастыруға, ойлау қабілетін дамыту, ертегі арқылы балаларды достыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Мнемотехника таблица, интерактивті тақта, саусақ ойыншықтары, қыстырғыштар, түрлі-түсті қарындаштар, музыка.
Әдіс-тәсілдер: мнемотехника әдісін қолданып әңгімелеу, ән айту, тосын сәт, сұрақ ˗ жауаптар, монтессори элементі, образға енгізу, дамытушы және қимылды ойын.
Пәнаралық байланыс: ән -саз, сурет.
Үштілді сөздік: бағдаршам˗светофор˗трафиклайд, қызыл ˗красный˗ред, сары˗
желтый˗йеллоу, жасыл˗зеленый˗грин.
Шаттық шеңбері.
-Қайырлы күн, балалар! Мен сіздерді көргеніме қуаныштымын.
Қане, көңіл-күйімізді көтерейік.
Үнтаспаны қосып балаларға орыс тілінде ән айтуды ұсынады.
- Балалар, сендер ертегі тыңдағанды ұнатасыңдар ма? Ал ойдан ертегі құрастыра аласыңдар ма?Интерактив тақтадан қаладағы көлік жолдың суретін көрсетеді.
- — Қалай ойлайсыңдар, бұл жерде не жоқ сияқты?
- (Бағдаршам -Трафиклайд -Светофор сөздерін айтқызады, Балаларға боялмаған бағдаршам суретін таратады).
- -Балалар, суретте не көріп тұрсыңдар?
- Біз бүгінгі оқу іс-әрекетімізде ертегі құрастырамыз. Мен сендерге көмектесемін.
- Ал бағдаршам неге жоқ деп ойлайсыңдар. Бір қалада үлкен көлік жүретін жолда бір Бағдаршам өмір сүріпті. Ол өзінің жасап жүрген жұмысын қатты жақсы көріпті. Бір күні ол таңертең жұмысқа келсе өзінің түстерін жоғалтып алыпты. Бағдаршам жолда көліктер қалай жүреді деп қатты уайымдапты.
- Бағдаршам өзінің түстерін іздеуге жолға шығады. Бағдаршам тау мен тасты, жазық даланы кезіп көп жүріп, орманға келеді. Орман ішін аралап келе жатса алдынан қызыл телпекті кездестіреді. Бағдаршам қызыл телпектен өзіне қызыл түс беруін сұрайды.
- Тәрбиеші балаларға жетелеуші сұрақтар қойып, ертегіні әңгімелеп бастайды.
Қызыл телпек оған көмектесуін сұрайды..
Д/О: «Қызыл телпекке көмектесеміз»
Тәрбиеші балаларға слайд арқылы отбасы мүшелерінің суреттерін көрсетіп, ағылшын, орыс тілінде атауларын тапсырады.
(ата, әже, әке, ана, аға, апа, іні)
«Бағдаршамның қызыл түсін бояйды» (қызыл ˗ ред – красный)
Қызыл телпек бағдаршамға «рахмет» айтып қызыл түсті сыйлайды. Бағдаршам қуанып, өзінің саяхатын жалғастырады.
Бағдаршам орман ішінен әр түрлі көбелектерді, құстарды кездестіреді. Бірақ өзіне қажет түстерді таба алмайды. Көңіл күйі түсіп келе жатса алдынан өте биік шырша ағашын көреді. Жүгіріп барып шыршадан өзіне азғантай жасыл түс беруін өтінеді. Бірақ шырша мен инелерімді (тікенектерімді)жоғалтып алдым, маған инелерімді тауып берсең, саған жасыл түсімнен беремін дейді.
Д/О: «Шыршаға көмектесу».
Шырша суретіне әртүрлі қыстырғыштар арасынан жасыл түсті қыстырғышты тауып қыстыруға тапсырма береді.
«Бағдаршамның жасыл түсін бояйды»
(жасыл ˗ зеленый — грин)
Шырша ойланып Бағдаршамға көмектесіп өзінің жасыл түсін береді. Бағдаршам шыршаға рахмет айтып сапарын жалғастырады.
Орман ішінен өзіне сары түсті әрі іздейді, бері іздейді таба алмайды. Орман ішін кезіп ұзақ жүріп шаршап орман шетіне шығады. Сол сәт те айналаның бәрі жап жарық болып кетеді. Бағдаршам қуанып аспанға қарайды. Аспанда күн жарқырап күлімдеп тұр екен. Бағдаршам күнге өзіне сары түс беруін өтінеді.
Қане, балалар, бағдаршамға сары түс керек екен. Күннің шуағын жинап, көмектесейік.
Сергіту сәті
Күн, Күн
Күнге қарап күлеміз.
Күнге қарай ұмтылып
Шуақтарын жинаймыз.
Біздер оған қуанып,
Бағдаршамға сыйлаймыз!
Күн өзінің шуағын мол төгіп Бағдаршамға әдемі сары түсін сыйға тартады. Бағдаршам күнге «рахмет!» айтып, қалаға қайтып келеді де өзінің жұмысын қуанышпен жалғастырады.
«Бағдаршамның сары түсін бояйды»
(сары ˗ желтый — йеллоу)
Тәрбиеші мнемотехника таблица әдісін қолданып, балаларға ертегіні толық айтып береді.
Тосын сәт: Топқа бағдаршам кіреді.
Қимылды ойын: «Бағдаршам».
(Бағдаршам қоштасып шығып кетеді).
Тәрбиеші слайдтан бағдаршамның көше қиылысында жұмыс жасап тұрғанын балаларға көрсетеді.
- Балалар, көрдіңдер ме, бағдаршам өзінің түстерін тауып, жұмысына оралғасын, көшеде тәртіп орнады. Көліктер мен адамдар көше тәртібін сақтап жүруде.
- Балаларды мақтау, мадақтау.
— Жол тәртібін білейік,
Аман есен жүрейік.
Балаларға сыйлық береді.
Күтілетін нәтиже:
Нені білу керек: ертегі құрастыра алады;
Нені игереді: жолда жүру ережесін;
Нені біледі: сөздердің ағылшын, орыс тіліндегі аудармаларын.
Демеева Ақжайық Ибрагимовна
«Балауса» бөбекжайы МКҚК
ІІ санатты тәрбиеші,
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы,
Бейнеу селосы