Home » Жаңалықтар » БАҒДАРЛЫ ЖОБА АЯСЫНДА

БАҒДАРЛЫ ЖОБА АЯСЫНДА

Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауында мүмкіндігі шектеулі жандарға мемлекеттік деңгейде көңіл бөлу қажеттігін алға тартып, «Кедергісіз келешек» жобасын жүзеге асырған болатын.

Бағдарлы бастама аясында «Нұр Отан» партиясы қалалық филиалының жанынан құрылған аймақтық қоғамдық бақылау тобы қаладағы бірқатар автомектеп нысандарына зерделеу жұмыстарын ұйымдастырды. Кембағыл жандарға қолайлы жағдай қалыптастыру үшін жұмылған партиялықтар әуелі сексен жылдық тарихы бар «Жамбыл оқыту комбинаты» ЖШС-іне ат басын бұрды. Аталған нысан қарапайым кіре беріс баспалдағымен ғана қамтылған. Рейд барысында бас сұққан «Бағыт», «Бекен» автомектептерінде де қамкөңіл жандар үшін талапқа сай пандустар орнатылмағаны анықталды. Нысан иелерінің айтуынша, автомектептерге мұндай санаттағы адамдардың келуі сирек екен.

– Автомектепке қамкөңіл жандардың келуі өте сирек құбылыс. Мұндай санатты азаматтардың ішінен бізге құлағында кемістігі бар, ым-ишарамен сөйлейтін жандар келіп жатады. Бірақ, оларды да арнайы медициналық сараптамадан өткізіп, өзінің қабілетіне қарай ғана оқытамыз,-деді «Жамбыл оқыту комбинаты» ЖШС-нің оқытушысы Әлмахан Мәуленов.

Істің мән-жайын білген партия белсенділері оларға күрмеулі мәселелерді шешуді тапсырып, арнайы пандустар болу қажеттігін ескертті.

– Партияның «Кедергісіз келешек» жобасы мүмкіндігі шектеулі жандардың өмір сапасын арттыруға бағытталғаны баршаға белгілі. Бұл жоба төрт бағыт бойынша жүзеге асуда. Мүмкіндігі шектеулі жандарға қамқорлық жасау, ұдайы қолдау көрсету әрбір қазақстандықтың азаматтық парызы,-деді «Нұр Отан» партиясы қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Арын Асқарбеков.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.