Home » Ашық сабақтар » Баға – еңбек жемісі

Баға – еңбек жемісі

Мақсаты: Ата-аналарды қазіргі заманауи бағалау түрлерімен таныстыру.

Міндеттері:

  • Білім жүйесінде критериалды бағалаудың алатын орнын ата-аналарға түсіндіру.
  • Өзін-өзі және өзара бағалауда критерийлерді пайдаланудың маңыздылығын айқындау.
  • Критериалды бағалау арқылы оқытудың тиімділігін және оқу сапасын арттыруға болатынына көздерін жеткізу.
  • Оқу үдерісінде критериалды бағалауды қолдану жолдары мен түрлері жайында ата-аналарментәжірибе бөлісу.

Күтілетін нәтиже:

— Өзін-өзі және өзара бағалау туралы түсініктері қалыптасады, критериалды бағалаудың стратегияларын біледі;

Күтілетін нәтиже:

— Өзін-өзі және өзара бағалау туралы түсініктері қалыптасады, критериалды бағалаудың стратегияларын біледі;

Сабақ барысы.

2слайд

Ұлы педагог Ы. Алтынсарин «Оқытушы бағалағанда олардың іске қатысы жоқ сөздеріне қарап емес, олардың егістерінің бетіне шыққан жемістеріне, яғни оқушыларына қарай бағалау керек» деп айтқандай, оқушы жетістігін нақты бағалау мәселесі – білім беру жүйесіндегі өзекті мәселелердің бірі

Психологиялық жағымды көңіл-күй орнату. Ата-аналар қоржыннан шиыршықталған қағаздардың бір-біреуін алады. Қағаздарда сабаққа қатысушылардың есімдері жазылған. Әр ата-ана қағазда жазылған есімдерін атап, оған өзінің жылы лебізін, тілегін айтады.

3-слайд

Ұйымдастыру кезеңі. Қатысушыларды өз заттарымен топқа бөлу.

Ой шақыру.

Мұғалімдерге Ф.П. Решетниковтың «Тағы да екілік» суреті ұсынылады. Мына суретке мұқият қараңыздаршы, ондағы отбасы мүшелерінің әрқайсының көңіл-күйі қандай? Мектептен үйіне тағы да «екілік» бағасын арқалап қайтқан оқушының түр-әлпетінен нені аңғаруға болады? Ол өзін қалай сезініп тұр? Сурет неліктен «ТАҒЫ ДА екілік» деп аталады?

Тағы да екілік! Кеше де, бүгін де, ертең де… Ата-аналар, қалай ойлайсыздар, бұл баланың өз бағасын жақсартуға деген ынтасы бар ма? Жоқ болса, неге? Оған кім кінәлі, не кінәлі?

Бүгінгі сабақта біз сіздермен қазіргі заманда білім саласындағы нағыз саясатқа айналған проблеманың бірі – бағалау мәселесіне тоқталамыз. Өйткені оқушының білімін бағалау – оның оқуға деген ынтасының мүлдем жоғалуына немесе қызығушылығының оянуына бірден-бір себеп.

4-слайд

«Дейін және кейін» стратегиясы. «Дейін»: алдымен ата-аналарға өзара бағалау мен өзін-өзі бағалау туралы өз түсініктерін жазуды сұраймын. Әр топ ақылдаса отырып, өз ойларын постерге жазады, оны тақтаға шығып қорғайды. Бір топ жауап бергенде қалған топ мүшелері олардың жауаптарын тыңдап, әр топ бірін-бірі бағалайды. Бағалап болғаннан кейін оларға бағалау критерийі ұсынылады:

5-слайд

  1. Тақырыптың ашылуы
  2. Қалай бағалауға болады?
  3. Дәлелдердің нақтылығы
  4. Постердің рәсімделуі.

Жауаптарыңыз критерийлерге сай келе ме? Егер мен бұл критерийлерді тапсырманы орындатпас бұрын, алдын-ала бергенде сіздердің жауаптарыңыз да, бағаларыңыз да басқаша болып шығар еді.

Топтар, енді осы критерийлер бойынша өздеріңіздің жауаптарыңызды бағалап көріңіздер және топтар бірін-бірі қайтадан бағалаңыздар, қай топтың жауабы жақсырақ деп ойлайсыздар? Салыстырыңыздар.

Енді ойланыңыздар, не маңыздырақ, адамның өзін-өзі бағалауы ма немесе басқаның бағалауы ма? Сіздер өзіңізді қалай бағаладыңыз, басқа топтар сізді қалай бағалады? Салыстырыңыздар, өзін-өзі бағалау мен бірін-бірі бағалауда алшақтық бар ма? (Критерий бойынша дұрыс бағаласа, алшақтық болмайды).

6-слайд

Ата-аналар жиналысынан көрініс видео, фото

Дәстүрлі оқытудағы бағалау мәселесіне келетін болсақ, бұл тек мұғалімнің құзіретіне жататын сабақтың ең бір жауапты кезеңі болатын. Оқушылар көбіне өзіне қойылған бағаға келіспеушілік білдіріп, өз реніштерін білдіріп жататын, тіпті кейде, әсіресе, тоқсан соңында олардың ата-аналары да мектепке келіп дауласып, баға мәселесіне байланысты үлкен шу шығып жататыны жасырын емес. Бүгінгі таңда осындай проблеманы шешудің бір жолы – оқушының жетістігін критерий арқылы бағалау. Бағалау критерийлері оқушыларға да, ата-аналарға да түсінікті болуы керек. Кейде белгілі бір тапсырма бойынша оқушылар критерийді өздері де ұсынуы мүмкін, бұл – олардың оқуға деген қызығушылығының оянғаны. Критерий арқылы бағалаудың оқыту үшін маңызы неде?

Оқушы өзін-өзі талдау мен рефлексия жасау тәжірибесін үйренуі, оқу үдерісі ғана емес, бағалау үдерісінің де белсенді қатысушысы болуы керек. Бұл жағдайда өзін-өзі бағалауға баса назар аударылады.

7-слайд

Ширату жаттығуы: Ән «Қызыл гүлім»

8-слайд

Топтық жұмыс. Кластер жасау.

Критериалды бағалаудың ата-аналарға пайдасы бар ма? Ата-аналарға: баласының білім деңгейлерін бақылай алуға; баласының оқу үрдісін бақылай алуға; баласына оқу үрдісі кезінде қолдау көрсетуге мүмкіндік береді

Топтар өз кластерлерін қорғайды. Топтар бірін-бірі толықтырады, ой бөліседі.

Қорытынды. Жоғарыдағы «Тағы да екілік» суретіне қайта оралу: Қалай ойлайсыздар, суреттегі баланың өз бағасын жақсартуға деген ынтасын ояту үшін не істеу керек?

9-слайд

Рефлексия

Ж.Н. Дадуова,
№9 тірек (ресурстық орталық)
мектеп-интернатының
бастауыш сынып мұғалімі
Жезқазған қаласы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.