Home » Баяндамалар »  Баяндама “Сырнай аспабында белгілі бір ойнау тәсілдерін меңгеру»

 Баяндама “Сырнай аспабында белгілі бір ойнау тәсілдерін меңгеру»


Алғаш оқушылармен жұмыс жасауда қиыншылықтар кездеседі. Сабақ барысында музыкалық материалдарды яғни, мектеп әндерін орындау, нотаны бірден оқу талаптары туындайды. Сонымен қатар музыка сабағында теориялық және практикалық білімдерді, музыкалық материалдарды терең  игеруі қажет (аспаптың шығу тарихы мен дамуын).Баян аспабының шығу тарихы мен дамуы. Біздің елімізде сырнай аспабы кеңінен танымал. Бұл аспапты интернационал десек те болады. Ол үлкен концерт залдарында, мәдениет сарайларында, көркем-өнер ұжымдарында, әр түрлі профессионал оркестрлерде орындалады. 19 ғ басында Ресейде гармон аспабы пайда болған, кейбір деректерге қарасақ одан да бұрын, яғни 18 ғ аяғында пайда болған дейді. 19 ғасырдың екінші жартысында баян аспабы халыққа кеңінен танымал бола бастады. Ресейдің көптеген қалалары мен губернияларында «баян» аспабы жасалған, бұл туралы гармондардың аттарынан байқауға болады. Мысалы: «Тульская», «Саратовские», «Янецкий», «Вятский», «Сибирский» және т.б. 1907 жылы атақты гармонист орындаушы Я. Орнанский титаренко аты аңызға айналған әнші-орындаушы «Баянның» құрметіне орай шебер  П.Стерлиговке баян аспабын жасауға тапсырыс береді. «Баян» аспабының аты осылай шықты.

Ұлы Қазан революциясынан кейін, гармон аспабын орындау ерекше дамып, әр түрлі байқаулар мен конкурстар өте бастады. 19 ғасырдың екінші жартысында көпұлтты Ресейдің баян аспабы көптеген аймақтарына тарап, Қазақстан жеріне де жетті. Ежелгі қазақ халқының «сырнай» аспабына үндес келген гармошканы «сырнай» деп атаған. Қазақ халқының есінде гармоникте орындайтын ақын-әншілер сақталған. Атап айтар болсақ, Жаяу Мұса баян аспабымен Петербургте, Казан, Чехияға, Польшаға қазақ әндерімен қатар, орыс әндерін орындау шеберлігімен әйгілі болған. Баян аспабының керек екендігінің айғағы, Республиканың түкпір-түкпіріне кең таралғанын аңғартады. Гармонима (сырнай) баян ежелден бері қазақтың музыкалық дәстүріндк кеңінен қолданып келе жатыр. Мысалы: Нартай ақын, Шашубай және Майра, бертін келе Садық Кәрімбаевтардың творчествосы бұған дәлел бола алады. Өзінің қарапайымдылығына, икемді, дыбыстың үнінің құлаққа сүйкімділігімен және интонациялық ладтың (миномдиялық, нонейлық) шоғырына байланысты бұл аспап ауыл араларында кең өріс жайған. Сондықтан болар мектептерде мұғалімдер оны педагогикалық оқу барысында көп пайдаланады. Бұның себебі өте қолайлы аспап.

мажор мен минор гаммалары, олардың арпеджиосы мен аккордтары.

Баян аспабы бойынша 1-2 класста негізгі теориялық білім қалыптасады. Одан кейінгі класстарда қиынырақ шығармалар алынып, баян техникасымен жұмыс істелінеді,сонымен қатар гаммалар, аккордтар, арпеджиолар ойналады.

Барлық гаммалар, арпеджио, аккордтар баян сабағында күнделікті тез екпінде орындалып отыру керектігін естен шығармауымыз керек. Гамма мен арпеджиоларды барлық клавиатурада әр түрлі штрихтармен (легато, стаккато) ойнау керек. Клавиатураны жақсы меңгеру дыбыс мәдениетімен жұмысты жақсарту, бұлшық етті буынмен саусақтарды машықтандыру, әр түрлі штрихтарды орындауға дыбыстану техникасын жақсарту үшін, триольдар, пунктирлық ырғағы толы жаттығуларды ойнаған абзал. Осы жаттығуларды әрі қарай қолдану үшін керекті тональдікке транспорт жасау керек. Бұл бір жағынан оқушының транспорт қабілетін қалыптастырады. Әр түрлі тональдікте гамманы үйрену үшін арнайы жаттығулар беріледі. Мысалы: 1. Кейбір жаттығулар әр түрлі ұзақтықтағы дыбыстардың суреттерін дамытуға, клавиатурадағы оң қол мен сол қолды дұрыс қолдануға арналады. Осы жаттығуларды қолданғанда бастапқы екпінді сақтап қалу керек. Басқа жаттығулар екі ноталарды дамытуға арналады. Жаттығуларды көрсетілген барлық өлшемдерде ойнап, саусақтардың синхрондық жұмысына қол жеткізу керек.

Гамма, арпеджио жаттығуларымен жұмыс болашақ музыка маманының техникалық орындау шеберлігін арттыруға мүмкіндік туғызады. Орындау шеберлігін жетілдіре түсу үстінде күнделікті жаттығулардың маңызы ерекше. Мұның өзі көркем шығарманың мазмұны мен мұның толық ашуға мүмкіндік туғызады. Бұл мәселенің төңірегінде белгілі орындаушы – виртуоз Г. Нейгауз: «Орындау шеберлігін кез келген түрде дамыту дегеніміз-өнердің өзін дамыту, олай болса оның мазмұнын ашуға жәрдемдеседі» – деп жазады. Биік деңгейдегі орындау шеберлігі ең алдымен гамма, арпеджио жаттығуларымен жүйелі түрде жұмыс жасаған кезде қалыптасады.

Этюд.

Этюдтармен жұмыс жасаудың өзіндік ерекшелігі болады. Орындау шеберлігін жетілдіру үстінде гамма, арпеджио және арнайы жаттығулардан басқа этюдтердің де маңызы ерекше зор. Педагогикалық тәжірибеде әр түрлі орындау ерекшеліктеріне лайықтап жазылған этюдтер кездесе береді. Кейде олардың қайсы біреулеріне музыкалық шығармалар қатарына да қоюға болады. (мысалы, Р.Шуманның этюдтері.)

Этюдтермен жұмыс үстінде оқытушы бір ғана техника, орындау шеберлігін жетілдіру мақсатын көздемесе керек. Техникалық шеберлік оқушының орындаушылық мәдениетімен аспапта дыбыс шығару, музыкалық ой-фразаларды дұрыс бөлу, реттеу сияқты процестермен де тығыз қабысып жатады.

Этюдтермен жұмыс мына бағытта жүргізілуге тиіс: ең алдымен, орындағалы отырған этюдтың құрылысына тоқталып, техникалық ерекшеліктерін анықтап алу қажет. Одан әрі нота текстімен жұмыс жүргізіп, аппликатурасын басқа да орындау ерекшеліктерін жетілдіре түскен абзал.

Екіншіден, этюдты бөлшектеп талдаған кезде ғана оның ішкі ерекшеліктеріне еркін енуге болады. Орындауға қиын соғатын тұстарын бірнеше рет қайта орындап, талдап, содан соң барып шығарманың басқа тұстарымен жалғап отырудың да өзіндік мәні зор. Нота тексті айқындала бастаған кезде барып түрлі динамикалық- агогикалық белгілермен орындау тәсілдері, мехты уақытылы ауыстырып отыру сияқты процестерге мән берген жөн.

Үшіншіден, этюдты әр түрлі жылдамдықпен орындағанның да методикалық негізі бар. Нота текстін жаттап алу процесі этюдтың техникалық және көркемдік мазмұнының, орындау ерекшеліктерімен қатар жүргізілуі тиіс.

Классик композиторларының шығармалары.

Әрбір сыныпта  классик композиторларының бір шығармасы беріледі. Білімін әлем мәдениетімен таныстыру қажет.

Орыс және шетел классикасымен таныстыру. Негізінен біз Варламов, А.Алябьев, М.Глинка, П.Чайковский, Р.Шуман, Ф.Шуберт, В.Моцарт, И.Бах және басқалардың шығармаларын орындаймыз.  Орындаушы-музыканттардың музыкалық шығармаларымен жұмыс істеудің белгілі бір жалпы принциптері қалыптасқан. Музыкалық шығармалармен жұмыс істеудің негізгі үш этапын көріп шығайық.

I-этап – Музыкалық шығармамен жалпы танысу.

II-этап – Шығармалармен құрылымдық деңгейде жеке-жеке жұмыс істеу.

III-этап – Шығарманы жалпылай толықтырып қажетті деңгейге жеткізу.

I-этап – бұл этапта берілген шығарманы жаттауға ұмтылу, және оқушының сол шығармаға қызығуын ояту негізгі мәселе болып табылады. Сондықтан таныстыру процесі қызықты болып, шығарма туралы жарқын образдық түсініктер береді. Осы түсініктер жұмыстың кейінгі этаптарында жететін ерекше дыбыстық мақсаттарына қызмет етеді. Шығармалардың ерекшелігі, оның түрі және орындалатын шығарманың әуен ерекшеліктерімен музыкалық мәнерлерін, сонымен қатар  басқы музыкалық компоненттер туралы түсініктер берілуі қажет.

II-этап – шығармалармен жұмыс істеудің ұзақ және қомақты түрі болып табылады. Шығарманы орындау үшін орындаушылық әуенін, фразаларын, және периодтарын сонымен қатар шығарманы орындауда кездесетін техникалық қиындықтарды жеңуде белгілі бір бағыттарға ие болуы қажет.

Бұл жұмыста шығарма құрылымында фразаның ең басты аяқталған құрылымы екендігі есте болуы тиіс. Ол артикуляция, штрих, динамика, мехпен жұмыс істеу сияқты процестерді қамтиды. II –этаптың басты мәселесі- жай темпте жұмыс істеу.

III- этаптағы жұмыс шығармадағы фраза, период, және күрделі құрылымдағы логикалық келісім бойынша құруды қамтамасыз етеді, сонымен бірге бейне дамуының біркелкілігін қалыптастырады. Басқаша айтқанда барлық элементтері белгілі бір мазмұнды жүктемені орындауда бүтін бір көркем бейнені көрсететін, аяқталған музыкалық форманы келтіріп шығарады.III-этаптағы негізгі жұмыс істеу әдісі – бұл шығарманы жалпы және қажетті темпте орындау. Мұндай орындау кезінде жеке кемшіліктер, жетерлі дәрежеде орындауды қамтамасыз ете алмай сияқты жағдайлар кездеседі. Соның салдарынан оларды толық құру қажеттігі пайда болады. Айта кететін жағдай, шығарманы үйрететін жаттығулар кезінде жұмыстың техникалық және көркемдік жақтарын ажыратуға болмайды. Олар өзара тығыз байланыста болып барлық үш этапта музыкалық шығармалармен өткізілетін жұмыс арқылы іске асады. Рондо-бұл формада бір тема үш реттен кем өткізілмейді. Классик шығармалары баян аспабына өңделген түрінде беріледі. Мысалы: В.Моцарттың «Түрік маршы», Ф.Кулаудың «Рондосы», Гендельдің «Фугеттасы». Осы шығармаларды талдау барысында біз белгілі бір ережелерге сүйенеміз: Тональдік анализге, көлеміне, өлшеміне, фактурасына. Әннің негізін скрипка кілтінде оқу, сол қолдағы бас партиясын оқу және екі қолды бірге қосып оқу. Шығармамен жұмыс істеу  III – этаптан тұрады.

         Қазақ композиторларының шығармалары.

Соңғы кезде Қазақстан баяншыларының сырнай-баянға арналған музыкаларында, ұлттық құндылықтарды көрсетуге арналып отыр. Тура осындай жағдайды ұлттық әуеннің қырларын дұрыс түсініп, қабылдау мынадай нәтижелерге әкелді. Терциясыз структураның, кварта, квинта және секунда интервалдарының үндестігін жиі пайдалану-бұл баян фактурасына күш түсумен қатар, сенуімен сақтайтын, оң қол партиясының гармониялық үндесін, үйлесім табу болып есептеледі Біздегі ноталық материалдар орыс, совет, шетел композиторларының шығармаларынан, ТМД халықтарының қайта өңделген музыкаларынан құралған қазақ халық және профессионалдық музыкаларының педагогикалық репертуарында жоқтығын еске ала отырып, қазіргі кезде авторлар музыкалық шығармашылықта Қазақстан композиторларының қазақ халық әндерін, күйлерін қайта өңдеуге ерекше көңіл бөлген. Қазақстан композиторлары: Е.Брусиловский, Мацуцин, Д.Тұяқбаев, Гайсин, Меңдіғалиев және Ошлаковтың шығармаларын орындаймыз. Мысалы: Брусиловскийдің «Колхоздағы той».

                Сырнайға өңделген немесе лайықталған әндер мен күйлер.

Халық аспабында орындаушылар, көңіл-күйлерін керемет көркемдігіне аударады. Халық әндерін өңдеу барысында өз репертуарларын кеңейтіп отырады. Алғашқы рет қазақ халық әндерін атақты фольклорист А.Затаевич күйсандыққа өңдеген. Д.Тұяқбаев, А. Гайсин, Мацуцин сынды композиторлар қазақ халық әндерін баян аспабына өңдеген. Оң және сол қол клавиатурасының басқыштарын игерумен қатар, орындау деңгейі дамыған аспапты еркін игеруі қажет. Әр сыныпта шығарманың көлемі, фактурасы ұлғайып, мех жүргізуде техникалық қиындықтар туындайды. Мысалы: Гайсиннің өңделуінде қазақ халық әндері «Ақбақай», «Шорману» Жаяу Мұса деген шығармаларында Деташе  ойын тәсілі мехпен қолданады. Деташе – бұл әр дыбыстың бөлек, мехтың ашылып – жабылып жүргізуімен орындалатын ойын тәсілі. Тремоло – мехтың жүру бағытына байланысты алмасып отыратын бір немесе бірнеше дыбыстың жылдам қайталанып, орындалатын ойын тәсілі. Мехтағы деташе және тремоло ойынын еркін игеру үшін, сол қолдың қарапайым қозғалысы мен шынтақтың ашылып-жабылуы өте қажет. Бұл бұлшық еттердің көмегімен орындалады. Деташе және тремоло ойын тәсілін игеру үшін жұмысты жәй темпте бастау қажет. Ойын барысында бұлшық еттерді бос ұстау керек.

Оқушының  өз бетінше жұмыс жасауының қорытынды кезеңінде күнделікті дайындыққа өтіп жүрген уақыттың бір бөлігі өткен шығармаларды қайталауға, кез-келген музыкалық шығарманы нота текстімен орындауға, сонымен қатар таныс музыкалық әуенді өз бетінше баян аспабында тарта білуге, оны белгілі бір интервалға көшіріп ойнауға, (транспорт жасауға) дағдылануға жұмсалуы шарт. Бұл туралы белгілі орындаушы-пианист К.Черни былай деп жазған: «Егер ескі ұмытылса, жаңадан келер пайда аз…. жаңа шығарманы тек қана ескісін пайдалана отырып жылдам жаттап алуға болады».

Басты мақсат –  өз бетінше жүргізген шығармашылық жұмысы жақсы ұйымдастырылып, белгілі бір бағытта жүйелі түрде өтілуін қамтамасыз ету болмақ.

Баян аспабында дыбыс шығару техникасы

Қазіргі заманда Қазақстанның мәдениеті мен өнерінің жан — жақты өрлеу кезеңінде өткен заманның рухани мұрасын қорғауға, оны жастарды тәрбиелеуге, олардың рухани деңгейін көтеруге, кеңінен пайдалануға қамқорлық жасау басты міндет болып отыр. Сондықтан да жеткіншек ұрпақты еңбек, адамгершілік, идеялық саяси және эстетикалық жағынан жетілдіру, жеке адамның шығармашылық қабілеттерін дамыту мәселесі бүгінгі таңда елімізде жалпы мемлекеттік міндеттер деңгейіне көтерілді.

Баян аспабын үйрететін ұстаздың негізгі мақсаты — музыкант тәрбиелеу. Баянға үйретумен қатар студентке эстетикалық тәрбие беріледі, олардың көркем шығармалардағы әдемілікті сезінуін, өз музыкалық қабілетін дамытуына, баян аспабында орындаушылық шеберлігін жетілдірулеріне ықпал жасалады.

Музыкалық көркем шығармалардың мәнін терең түсінбей музыкант тәрбиелеу мүмкін емес. Мұндай қабілет студенттің көптеген шығармаларды

жан -жақты талдау нәтижесінде шығарманың тәрбиелік мәнін ашу үшін қолданған әдіс — тәсілдерге байланысты. Баян аспабын оқып — үйрету үшін жан — жақты білімді мамандар қажет. Ұстаздың теориялық алған білімімен оны орындаудағы орындаушылық қабілеті бір — бірімен тығыз байланысты. Ұстаздың осы қасиеті оның үйретушілік өнеріне негіз болады. Кейбір ұстаздар бойында бойындағы бар қабілетін өзі орындауда жақсы көрсете алады да, ал студентке үйретуде үйрету әдістері онша болмай шығады. Ал кейбір ұстаздар өзін де үйреткен студентін де жақсы дәрежеде көрсете алады. Сондықтан ұстаз тек қана жақсы орындаушы музыкант қана болмай, жақсы үйретуші , тәрбиелеуші болуы қажет.

Баян аспабын оқып үйрену үшін бұл аспапты қалай ұстау, отыру ережесі, оң қолдың дұрыс қойылуы ережесін сақтауы керек. Баян аспабының құрылысынан, нота сауаттарын мұқият танысып үйренуі қажет.Үйрену кезеңінің алғашқы кезеңдерінде шағын шығармалардан бастап ойнап, жаттығу жұмыстарын жүргізу, бірте- бірте үлкен, күрделі формадағы шыға    рмаларды орындауға дейін студет ұстазының көмегімен де және өз бетімен ұзақ дайындалып орындау шеберлігін арттырып, орындаушылық мәнерін өсіру керек. Ол үшін нота сауатына көңіл қойып, әрбір ырғаққа, әрбір ұзақтыққа, динамикалық белгілерге, саусақ апликатурасына, мех белгісіне, әртүрлі штрихтардың орындалу ережесіне жеке- жеке жұмыстанып, жаттығу жұмыстарын көп жүргізу керек. Бұл айтылғандар орындалмас бұрын ең бірінші дыбыстың қалай шығуына тоқталуымыз керек.

Өнердің басқа салаларынан музыка өнерінің ерекшелігі — сөзбен айтып немесе жазып немесе бейнелей алмайтын, сезімді, музыкалық дыбыс арқылы жеткізеді. Орындаушы шығарманың өзіндік қасиеттерін дұрыс сақтап, үлкен сезіммен беріліп ойнаса, өзіне де, тыңдаушыға да жақсы әсер береді. Шығарманың әртүрлі штрихтары мен динамикалық белгілерін орындау ең бірінші дыбыстың таза шығуына байланысты. Дыбыстың естілуі клавиштерді қатты басудан емес, мехтың ашып, жабуына байланысты. Ал мех қозғалысы сол қолдың күшімен іске асады. Мехты көрсетілген (ПV) белгілері бойынша жәй, бірқалыпты, өткір кедергісіз, ұзақ ноталарды бөлмей орындау қажет. Ал мехты дұрыс  жүргізудің әртүрлі сан — алуан штрихтары бар, кейбір шығармаларда әуенді, сазды орындалса, кейбір шығармаларда жинақы, жеңіл, өткір, шапшаң, үзік — үзік ойналады, яғни музыка сауатымен айтқанда мех қозғалысы — легатодан бастап, нон легато, стаккатто,  портаменто, тенуто, деташе, маркато, тремоло, рикошеттер т.б. штрихтары бар. Соның ішінде ең негізгі штрихтар: легато,  нон легато,  стаккатто.

  1. Легато түрінде дыбыс, бірінші дыбыстан екінші дыбысқа ауысқанда үзіліссіз, толқынды, әуенді шығуы керек. Бұл орындағанда саусақты бір дыбыстан екінші клавишті басуға оқталғанда ғана көтеріп, екіншіні басып үлгеру керек. Саусақ клавиштан өте жоғары көтерілмеуі керек. Лигамен жазылған ноталарды орындағанда мехты бір бағытқа жүргізу керек. Легатоны нотаға белгілегенде доға тәрізді линиямен белгілейді:
  2. Мехты нон легато штрихымен жүргізгенде дыбыс байланыссыз, әр дыбыс өз алдына бөлек — бөлек естіледі, легато мен стаккатоның ортасындағы штрих, өте байланысып та, өте байланыссыз да ойналмайтын штрих. Қолдың саусағы, буыны клавиштер нота ойнағаннан кейін жеңіл көтеріледі. Нон легато — нота үсті немесе астында кішкентай нүкте мен лига арқылы белгіленеді.
  3. Мехты стаккатто штрихімен жүргізгенде дыбыс өте қысқа, өткір, анық ойналады. Стаккаттоны орындау үшін қолдың буыны мен саусақтары дыбыстың өте шапшаң, тез, қысқа ойналуына жұмыстанады. Дыбыс үздік — үздік, бөлек — бөлек естіледі, жеңіл, ойнақы орындалады. Бұл стаккаттоның да үш түрі бар. Олар:
  4. Саусақтықстаккатто (пальцевые стаккато)
  5. Буындық стаккатто (кистевые стаккато)
  6. Екпін түсіру стаккаттосы (Акцентированное стаккато)

1.Саусақтықстаккатто (пальцевые стаккато) бұл түрі бір дауыстағы жүрдек және шапшаң темпте ойналатын шығармаларға пайдаланылады.

2.Буындықстаккатто (кистевые стаккато) октава мен аккордтарға жүргізіледі, бұған буынның барлық қозғалысы қатысады.

3.Екпін түсіру стаккаттосы  (акцентированное стаккатто), яғни екпін түсірустаккаттосына саусақтық та,буындықстаккатто да қатысады, яғни күшейтіліп, екпін түсіріңкіреп қысқа, өткір ойналады. Стаккатто белгісі . нүкте нотаның үстіне немесе астына қойылады. Тағы басқа жоғарыда аталған штихтарды дұрыс орындаса мехтың жүру ережелері де орындалады. Мехтың дұрыс жүргізілуі нотаның яғни дыбыстың таза шығуына әсерін тигізеді. Дыбыс шығу процесін үш негізгі этапқа бөледі.

  1. Дыбыстың басталуы (атака звука)
  2. Дысыстың жүруі (ведение звука)
  3. Дыбыстың аяқталуы (окончание звука)

Сонымен дыбыстың әуенді, әсерлі, жәй сазды немесе ойнақы, жеңіл, көтеріңкі, шапшаң естілуі, қатты немесе бірқалыпты орындалуының барлығыда мех жүргізу ережелерін әбден түсініп, жаттыққаннан кейін ғана орындалады. Сонда ғана тыңдап отырған ортаға өзіндік әсерін қалдырады. Бұл ережелерді студентке асықпай, баппен түсіндіріп үйрету керек. Әр сабақты студент жалықпайтындай, әртүрлі әдіс — тәсілдерді және  ақпараттық коммуникациялық технологияларды пайдаланып өткізу кәсіби маман даярлауда алатын орыны ерекше. Нәтижесінде студент өнерге құштар, қазіргі заман талаптарына сай,  бәсекеге қабілетті маман болып қалыптасады.

Аспапта ойнауға үйретудің негізгі əдістері

Жарияланды 1-12-2016, 18:21 Категориясы: Музыка

Жоспары:
1.Оқытудыңəдіс-тəсілдерітуралыұғым.
2. Оқытудың ең кең тараған əдістері
3. Ауызша, көрнекілік, тəжірибелік, бақылау əдістері

Əдіс — грек сөзі methods — зерттеу жолы. Мақсатқа жету жолы деген мағына береді.
Аспапта ойнауға оқытудың əдісі бұл — оқытушы мен оқушы қарым — қатынасы əрекетін қамтамасыз ететін жүйе.
I Бала бойында баяншы шеберлігімен дағдысын қалыптастыру.
II Жалпы дəне музыкалық қабілеттерін дамыту.
III Оқытудың мазмұнын меңгеру.
IV Оқушылардың өз бетімен білім жетілдірудің меңгеруі əдістеріне жəне құралдары жататын жүйе.
Оқытудың тəсілі — əдіс элементі, оның құралдас бөлімі, əдісті тарату жолы. Мұғалім баяншының жұмысында қолданатын тəсілдер нұсқауға, ередеге бағыштау, ойнау бврысында ескертпелер, аспапта жекеленген дағдыларды, тағы басқаларды ойнау, əндету.
Ауызша əдісі – бұл ұғындыру, əңгімелесу, оқулықпен немесе арнвйы əдебиетпен жұмыс, түсіндіру кезінде оқытушы мəлімет беріп қана қоймай, оқушылардың сұрақтарына жауап береді. Ал олар ойланып қойған сұрақтары олардың ойлауын дамытады.
Түсіндіру əдісі — түсініктеме, талдау, үйренетін материалдың əртүрлі ережелері туралы сөз қозғау. Мұғалім түсіндіру барысында тек ақпаратқа сүйенбейді, оқушы сұрақтарына жауап береді. Бұл сұрақтар ойлау қабілеттерін арттырады, көбіне түсіндіргенде қосымша аспаппен көрсету арқылы да түсіндіріледі. Түсіндіру барлық жастағы балалар топтарына кеңінен қолданылады. Бірақ бұл əдіс кішкентай балаларға қарағанда оқу материалының күрделігіне жəне оқушының зияткерлік мүмкіншілігіне байланысты орта жəне жоғары мектеп жастарындағы балаларға жиі қолданылады.
Əңгімелесу əдісі – бұл оқу барысында мұғалім сұрағы мен оқушының жауабының кезектесіп отыруы. Бұл əдіс оқушының білімін тексеру, қайталау жəне бекіту (үй тапсырмасын тексеру) мақсатында қызмет етеді.
Кітаппен жұмыс — оқушының өз білімін жетілдіруге, қосымша білім алуға даярлықтың маңызды жолы. Мұғалім міндеті — кейін оқушы өз бетімен жұмыс істеуі үшін пайдалана білуін қалыптастыру. Музыка кітаптары, баспасөз, интернет, анықтамалық əдебиеттер, т. б.
Көрнекілік əдіс — элюстрация жəне демонстрация əдісі. Олар ауызша жəне басқа əдістермен өзара байланысты қолданылады.
Элюстрация əдісі – оқытушы аспапта ойнайды немесе плакаттар қарау, сурет қарау, т. б.
Демонстрация əдісі – техникалық оқу — құралдарын пайдалану; магнитофон, диск, компьютер. Мысалы: берілген шығарманы белгілі орындаушы орындауында көрсету үшін. Оқу процессінде жаңа техникалық құралдарды енгізу, оқытудың көрнекті əдісін кеңейтеді. Бірақ элюстрациялауды өте көп қолдану оқушының ойнау процессіне кері əсерін тигізеді.
Оқытудың практикалық əдісі — бұл əдіспен оқушы баянгының тəжірибелік іскерлігі мен дағдысын қалыптастырады.
Қолдан — қолға ойнап көрсету əдісі – домбырада дəстүрлі түрде үйрету сияқты, көрнекілік əдістерінің бірі.
Жаттығу əдісі – музыкалық аспапта ойнауды үйретуде негізгі жəне кең тараған əдіс. Яғни іскерлік пен дағдылы мұғаліммен сабақ үстінде жəне өз бетімен оқу кезінде үнемі жүйелі түрде аспапта қайталап отыру педагог баяншылар тəжірибесіндегі тиімді жəне маңыздысы жалғыз бұл əдіс қана емес, басқаларымен де байланысты болуы қажет. Жаттығудың айтарлықтай маңызды шарты, оны зерделі пайдалану болып табылады. Нотаға қарап ойнау ауызша əдіспен практикалық əдісіне жатады.
Бақылау жəне өзін — өзі бақылау əдісі — мұғалім мен оқушы оқу процессінің нəтижесі туралы ақпарат алу əдісі.
Ауызша əдісі — мысалы: оқушының үй тапсырмасын тексеру кезіндегі ауызша жауап беру əдісі.
Практикалық əдісі — оқушының сабақ кезінде бақылау үшін тыңдау, сынақ жəне емтиханда аспапта ойнау. Оқушының өз бетімен дайындаған шығармасын тыңдау.
Бақылау, қадағалау — тəрбиеленушінің тəрбие жəне даму процессінің нəтижеге жетуін қадағалау, бақылау.
Компьютермен жұмыс — бұл:
1. Көрнекілік əдіс — музыка тыңдау, орындаушыларды көру.
2. Ауызша əдіс — авторлар туралы немесе шығарманы оқу.
3. Бақылау əдісі — тест сұрақтарына жауап беру, т. б.
4. Өзін — өзі бақылау əдісі — микрафон арқылы жазу дəне өзі ойнағанын тыңдау.
5. Біріккен(кешенді)- мысалы шебермен компьютер арқылы ашық сабақ беру; ауызша, көрнекілік.

Пайдаланған əдебиеттер:
1. Педагогика. Жалпы редакция басқарған.
Кудлярова А. Алматы 2004ж
2. Жумалиева, Сүлейменова.
Музыка пəнінің оқыту əлістемесі
Астана. Фелмант 2008ж

 

 

Тайпақова Айнұр Үйшікбайқызы
Т.Құлтумиев атындағы №1 Құлсары балалар саз мектебі
Құлсары қаласы

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.