(Ертеңгілік)
Мақсаты: Күз туралы балалардың дүниетанымдарын арттыру, күз мезгілінің қоршаған ортаға әсерін таныту, күз ерекшеліктерін, күз сыйын ұғындыра отырып, балаларға мерекелік көңіл — күй сыйлау.
Тәрбиеші: Салеметсіздер ме құрметті ата-аналар, ұстаздар бүлдіршіндер! Бүгінгі ортаңғы «Кемпірқосақ» тобының «Бау-бақша патшалығы»атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер! Ортаға «Кемпірқосақ» тобының бүлдіршіндерін шақырайық. (Әуенмен балалар залға кіреді)
Шерхан:
Берекесін сыйлауға
Өлкемізге күз келді
Жемістерін жинауға
Шақырады біздерді
Әз Жәнібек:
Ағаштардан жамырап
Ұшты кенет жапырақ
Ой алақай тамаша
Шашу шашты жапырақ
Мадияр:
Қайтқан құсты көрдің бе
Қаптай ұшқан әуелеп
Күткен күзім келдін бе
Сыңсып бағың әуелеп
Ерсін:
Көк майсалы көрікті
Алқаптағы көп егін
Бұл күндері киіпті
Сары жібек көйлегім
Нұрисламбек:
Мерейлі күз мырза күз
Сыйлығыңа ырзамыз
Аппақ арай таңында
Шомыламыз нұрға біз
Еркебек:
Тапталады табанға
Судыр-судыр жапырақ
Өрттей сары бояуға
Малынғандай атырап
Тәрбиеші: Армысыңдар балалар! Міне көңілді жаз бітіп қоңыр күзде келіп жетті. Бұл адамзат бүкіл жан жануарлар тіпті бүкіл табиғат бұл мезгілде әрекетсіз тыныш жатпайды. Адамдар менің уылжып піскен дәмді жеміс жидектерімнен неше түрлі тосаптар қайнатады,көкөністерімнен неше түрлі салаттар жасайды. Ендеше «Кемпірқосақ» тобының бау -бақша патшалығына қош келдіңіздер.
Тәрбиеші: Бұл патшалықты
Жасыл қарбыз басқарыпты
Қарбыз:Теңбіл теңбіл қарбызбын
Доп секілді дөңгелек
Тәрбиеші: Бұл патшалақтың ханшасы
Асқабақтай анасы
Асқабақ: Үлкенге де кішіге
Мейірімдімін бәріне
Тәрбиеші: Бау бақша патшалығының сәбіз ханшайымы болып,ол өте әдемі,ақылды екен.
Бар өнерін бойына
Жастайынан жиыпты.
Қарбыз:Ханшайымға лайық, ханзадалар сайысын жариялаймын
Шабарман:Тыңдаңыздар тыңдаңыздар!
Ханзадалар сайысы,
Жиналып бәріңіз келіңіз.
Ханшайымға лайық,
Ең мықтысын көріңіз.
Жүргізуші: Бұл сайысқа әр шеттен көкөністер мен жемістер келді
Соңғы үлгіде кейінген
Қонақ болып келді бәрі
Нұрай: (Алмұрт)
Мен алмұртпын, алмұртпын,
Аузындамын бар жұрттын.
Айзере: (Алма)
Мен алмамын, алмамын,
Таңдай жұлар бар дәмім.
Кәусар: (Жүзім)
Мен жүзіммін, жүзіммін
Моншақ болып тізілдім.
Жаннұр: (Өрік)
Өрікпін, мен өрікпін,
Бау-бақшаға көрікпін
Баптап мені күткен соң,
Талды бойлап өріппін.
Інжу: (Шие)
Мен шиемін, шиемін,
Күннің көзін сүйемін.
Қышқыл шырын менде бар,
Төмен бас иемін
Інжіл: (Анар)
Бұтақтан үзілген
Жарылса анармын
Моншақтай тізілген,
Дәндерін аламын.
Жүргізуші: Қонақтар жиналып қалды, ханзадаларды күтудеміз.
Шабарман:
Патшалықтың алдына,
Ханзадалар кезекте тұр.
Патшалыққа келіп қалды,
Жасыл қияр ханзада.
Жасыл қияр ханзада:
Мен жасыл қиярмын
Дәмім тілді үйірген
Патшалыққа жақсылығым сансыз
Не тілесің бәрі бар
Менің сізге сыйым бар.
(табаққа салынған жемістер)
Бишілер шығыңдар
Патшаның көңілін көтеріңдер!
Испан биі.
Сәбіз: Қуаныштымыз келгеніңе,
Біздің бақша патшалығына.
Жақсы биледіңіз
Біз сізге дән ризамыз.
Шабарман:Аса қадірлі Бұршақ ханзадасы мен Қызанақ ханзадасы есік алдында күтуде.
Қарбыз:Кіре берсін
Бұршақ ханзадасы:
Кішкене түймедеймін мен
Ұнаймын мен бәріне
Дәмді тағамдарымен
Сый жасаймын бәріңе!
Қызанақ ханзадасы:
Піскен кезде қызанақ
Көз тартар қызыл түсімен
Бар ма адам сүйсінбей,
Томат шырын ішпеген?
Менің әкелген сыйлығым бар.
Оркестр:«Кемпірқосақ» тобы балаларының орындауында
Жүргізуші: Балалар бізге бұршақ ханзадасымен қызанақ ханзадасы әдемі оркестр алып келіпті.
Сәбіз:Рахмет
Шабарман:
Қадірлі Жүзім ханзадасы келіп тұр.
Жүзім:Жинап едім жүзімді
Сабағынан үзілді
Қатар қатар қойған ем
Маржандай боп тізілді
Менің сыйлығымды қабыл алыңдар.
Ән:Күз жомарт
Қарбыз:Ханзадалардың бәрінің өнерін көрдік. Ханшайым саған қайсы лайық.
Сәбіз:Маған таңдау оңай емес
Бір-бірінен өткен бәрі
Маған бәрі ұнап тұр
Шабарман:Есік алдында жуа ханзада күтіп тұр.
Жуа ханзада:Боламын мен дәмдеуші
Барлық-барлық тағамға
Көкөністер ішінен
Мен пайдалы адамға.
Сәбіз: (жуаның қасына келеді)
Маған жуадан басқа ешкім керек емес.
Қарбыз:Жоқ, жоқ, ешқашан
Сен жуаға бармайсын.
(сәбіз ашуланып орынна отырады, жуа мұңайып өзінің орынна кетеді).
Шуыл естіледі
Асқабақ:Бұл неғылған шу
Тағыда ханзадалар бар ма?
Арамшөптер шығады.
Арамшөп 1-Әлишер:
Біз барлық жерде өсеміз
Далалықта да, бақшада да
Арамшөп 2-Нұртөре:
Әдемі биік тік өскен
Ақылды әрі әдемі
Міне дәл осындай ханшайым,
Арамшөп ханзадасына керек.
Сәбіз:Жоқ, жоқ арамшөппен достасу,
Мүлде ойымда жоқ менің.
Арамшөп 3-Қайсар:
Жақсылықпен бармасаң,
Күштеп алып кетеміз.
Сәбіз:Ханзадалар көмектесіңдер
Арамшөптерден құтқарыңдар
Жасыл қияр ханзада:
Мен қарттаумын төбелеске
Ханшайымды алуға дайынмын.
Бұршақ ханзадасы:
Бұл біздің іс емес,
Қорғауға араласу.
Қарбыз:Мәссаған араларыңызда
Бізді қорғайтын жан табылмады ма?
Асқабақ:
Өтінемін көмектесіңіздер
Менің қызымды босатыңдар
Қонақтарым қашпаңдар
Менің жүрегімді ауыртпаңдар
(жуа жүгіреді)
Жуа:Сәбізді мен құтқарам
Мен беделді отбасынан емеспін
Бақшаның байырғы тұрғынымын.
Әй сен арамшөп шық бері
Кел менімен төбелес.
Жүргізуші:Ұзақ уақыт төбелесті,
Ал ертегі өтіп барады
Соңғы рет жуа соқты
Арамшөптер кенеттен жоғалды.
Бірінің артынан бірі қашты
Бұл жерде болмағандай.
Жуа сәбізге жақындап ата-анасына апарады.
Сәбіз:Өтінемін ата-ана
Жуаны мен таңдадым.
Қарбыз:Солай болғысы келсе болсын
Ендеше көңілді көтерейік.
Қане әуен жіберіңдер
Көңілді би қосыңдар.
Жүргізуші:Барлық бақша патшалығы
Тойда билеп, ән салды.
Жүргізуші:Міне ертегі көрсеттік,
Күлдік, ән айтып ойнадық
Өлеңдер, әндер, билерді.
Осымен ертегіміз аяқталды.
Закарина Гүлмаржан Уахитқызы
Атырау облысы, Исатай ауданы
Тұщықұдық ауылы
«Құлыншақ» бөбекжай – балабақшасы
І санатты тәрбиеші
Ортаңғы топ (4-5 жас)