Митанова Куралай Куленовна,
№27 бөбекжай — бақшасының тәрбиешісі
Тараз қаласы
Білім беру саласы: Денсаулық
Бөлімі: Дене шынықтыру
Мақсаты: Жалпы дамыту жаттығуларын өз бетінше орындауға үйрету.Қос аяқтап секіруге үйрету. Гимнастикалық орындықтың үстімен тепе-тендікті сақтап жүруге үйрету,қимылды ойындарға қызығушылықтарын арттыру.Есті сақтау қабілеттерін дамыту
Технологиялық қамтамасыз ету:гимнастикалық орындық, (қоянның, қасқырдың,түлкінің,аюдың) дауысы.
Билингвалды компонент:Апа-бабушка, қоян-заяц, қасқыр-волк, аю-медведь, түлкі-лиса.
Оқу қызметінің барысы:
Балалар бүгін бізге қонақтар келіпті.
Сәлемдесіп алайық.
Сәлеметсіздер ме?!
Әженің жылаған дауысы естіледі.
Ой, балалар біреудің дауысы шығып жатқан сияқты.
(Үйшікке жақындау. Әжемен сәлемдесу)
-Әже сізге не болды?
-Ой балалар мен бауырсақты жоғалтып алдым. Сендер маған көмектесесіңдерме?
-Балалар әжеге көмектесесіңдер ме?
-Ия.
Балалар жол өте алыс кедергілерде, өте көп. Сол үшін біз күшті болуымыз керек.
Бірінші денемізді қыздырып күш жинап аламыз.
-Қанекей, бой қыздыру жаттығуларын жасайық. Бір қатарға тұрып солдаттарға ұқсап жүрейік, жәймен аяқ ұшымен аталарға ұқсап жүрейік, апаларға ұқсап жүрейік.
-Жарайсыңдар!
Енді денемізге дамыту жаттығуларын жасайық.
Аяқ бірге басымымызға сағат сияқты тик-так оңға, солға
Қолымызды алдыға созып қолымызды қайшылаймыз
Қолымызды жоғары көтеріп ағаштарға ұқсап тербелейік.
Отырып тұру, Секіру қояндарға ұқсап, жүрумен ауыстыра
Тыныс алу
Шар үрлейік
Жарайсыңдар!
Ал енді күшімізді көрейікші
Енді жолға шығуға дайынбыз ба?
-Ия.
Қане, менің артымнан жүріңдер
Балалар бауырсақ ертегісін еске түсірейікші. Бауырсақ кімнен қашты?
Атадан, әжеден
Әжеден қашып бауырсақ немен жолықты?
-қоянға
Қоян шығады алдарынан
-Сәлеметсің бе қоян!
-Сәлеметсіңдер ме! Не іздеп журсіңдер?
Біз бауырсақты іздеп жүрміз
Сен оны көрдің бе?
-Ия мен оны көрдім
Бірақ менің сендерге бір тапсырмам бар соны орындасаңдар бауырсақтың кайда кеткенін айтамын.
-Жарайды.
-Қане балалар қоянға ұқсап секірейікші
-Балалар аяқты біріктіріп секіреді
-Жарайсыңдар!
-Сендер менің тапсырмамды орындадыңдар
-Бауырсақ орманға қарай домалап кетті
-Рахмет саған қоян.
-Сау бол!
-Қояннан кейін бауырсақтың алдынан не шықты?
-Қасқыр
-Қасқыр сәлеметсіз бе!
-Сәлеметсіңдер ме! Сендер не іздеп жүрсіңдер?
-Біз бауырсақты іздеп жүрміз
Сен көрмедің бе?
-Ия мен көрдім ол мына көпірден домалап кетті.
-Рахмет қасқыр сау бол!
Балалар гимнастикалық орындықтан тепе-теңдікті сақтап журеді.
Жарайсыңдар!
Бауырсақтың артынан ары қарай жолымызды жалғастырайық.
Қасқырдан кейін бауырсақтың алдынан не шықты
-Аю.
Сендер кімсіңдер мені ұйқымнан оятқан
Сәлеметсің бе аю?!
Біз бауырсақты іздеп жүр едік
-Мен бауырсақтың қайда домалап кеткенін білемін,бірақ мен ойын ойнағым келіп тұр менімен ойын ойнасаңдар айтамын.
Балалар аюмен ойын ойнаймыз ба?
-Ия
Қимылды ойыны: «Аю орманында»
Орманға біз барамыз
Жеміс-жидек аламыз
Аю жатыр орманда
Ырылдайды ол сонда.
Аю ойынды сенімен бірге ойнадық
Енді бауырсақтың қайда домалап кеткенін айтасың ба ?
Иә
Бауырсақ жазық алаңға қарай домалап кетті. Мен ұйқымды ары қарай жалғастырайын сау болыңдар!
Аюдан кейін бауырсақтың алдынан не шықты.
Түлкі
Сәлеметсің бе түлкі?
Сен бауырсақты көрдің бе?
Ия көрдім, бірақ менің мына көбелектерімді ұщыруға көмектессеңдер айтамын.
Тыныс алу.
Қане, балалар
Көбелектерге ұшуға көмектесейікші
ой, ой менің көбелектерім ұшып кетті.
Рахмет сендерге.
Мен сендерге бауырсақты берейін сау болыңдар.
Балалар әжей бауырсақты күтіп қалған шығар.
Бауырсақты әжейге апарып берейік
Әжейге бауырсақты береді.
Әже, балалар сендерге көп рахмет мен сендерге тәтті кәмпиттер дайындап қойдым, әкпейлеріңе берейін, балабақшаға барғанда жейсіңдер.
Қорытынды.
Балалар енді тездетіп балабақшаға қайтайық. Балалар балабақшаға келдік шеңберге отыру. Біз нені көрдік?
Кімге көмектестік? Қоянның орысшасын қалай айтамыз?