Home » Ашық сабақтар » Бауырсақ ертегісіне саяхат  

Бауырсақ ертегісіне саяхат  

Білім беру саласы:Коммуникация
Бөлімі:Көркем әдебиет
Кіріктірілген білім салалары:«Денсаулық», «Шығармашылық», «Таным»
Мақсаты:Балаларға таныс ертегі мәтіні бойынша оларды әр түрлі орталықтарда жұмыс жасау дағдысын қалыптастыру. Суретке қарап әңгіме құрастыруға үйрету.

Міндеттері: 1. Балаларды ормандағы жабайы аңдар,олардың тіршілігі туралы білімдерін бекіту.

  1. Диалог құру, жаңа сөздермен сөздік қорын байыту, тілдерін дамыту. Сурет арқылы ертегі мазмұнын айтқызу,балалардың ауызекі сөйлеу дағдысын қалыптастыру.
  2. Геометриялық пішіндерден түрлі заттарды құрастыру

Көрнекіліктер:«Бауырсақ» ертегісі кейіпкерлерінің суреттері, ақ қағаз, желім, геометриялық пішіндер.

Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, көрсету, сұрақ- жауап.

Сөздік жұмыс: сиқыр, сиқыршы, қақпа.

Биллингвальды компонент:Бауырсақ- колобок,аю-медведь, волк-қасқыр, қоян-заяц, түлкі-лиса.

Тосын сәт. Топқа сиқырлы ертегілер әлемінен сиқыршы келеді.

Сиқыршы: Сәлеметсіңдер ме, балалар?! Мен сендерге ғажайып «Сиқырлы ертегілер әлемінен» келдім. Жай келген жоқпын, сендердің қаншалықты ақылды, тапқыр екендіктеріңді білуге келдім.

Тәрбиеші: -Балалар, сиқыршы  өзінің тапсырмаларын алып келген екен. Мына  тапсырмаларды  орындамас бұрын сұрағыма жауап беріңдерші.

-Балалар, сендер ертегілерді жақсы көресіңдер ме?

-Ал, қандай ертегілерді білесіңдер?

-Біз бүгін сендермен «Бауырсақ» ертегісі бойынша тапсырмалар орындаймыз.

-«Бауырсақ» ертегісін есімізге түсіріп алайық. Өйткені тапсырмалардың барлығы бауырсақ ертегісімен байланысты екен.

Суретпен жұмыс.

-Балалар, біз бүгін үш орталықпен жұмыс жасаймыз. Әдебиет орталығында «Бауырсақ» ертегісін сахналаймыз. (саусақ театры арқылы)

Денсаулық орталығында біз ертегі кейіпкерлерінің қимылдарын  бейнелейтін боламыз. Мысалы,қоян секіреді, аю қорбаңдап жүреді, түлкі майысып жүгіреді т.б.

Құрастыру орталығында «Бауырсақ» ертегісіндегі  кейіпкерлердің бейнесін құрастырамыз. (Үлгіге қарап геометриялық пішіндерден)

— Ал енді түрлі-түсті қағаздар таратамын. Кімге қандай орталық түсті, сол орталыққа барады. (Балаларды орталықтарға бөлу.) Құрастыру, денсаулық орталығындағы балаларға тапсырмаларды түсіндіру.

Әдебиет орталығына барып, балаларды рөлдерге бөліп, «Бауырсақ» ертегісін сахналату.

Сиқыршы: -Балалар, осы тапсырмаларды дұрыс орындасаңдар,сендердің алдарыңнан мына сиқырлы алтын қақпа ашылады. Алтын қақпаның ішінде сендер үшін тосын сый бар. Қане, балалар, сиқырлы қақпаны ашуға тырысыңдар. Ол үшін тапсырмаларды дұрыс орындауларың керек.

Қоңырау арқылы балаларды орталыққа жинайды. Орталықтармен ауыстырады. Балалардың өз бетінше жұмыстары.

-Ал қане, сиқыршы, біздің балалар тапсырмаларды орындай алды ма?
Сиқыршы: -Иә! Қандай ақылды балалар?! (Сиқыршы балаларға ризашылығын білдіреді)

-Балалар, сендер барлық тапсырманы дұрыс орындадыңдар.

Қорытынды: -Балалар, сендерге бүгінгі оқу қызмет-әрекетіміз ұнады ма?

— Бізге қонаққа кім келді?

— Қандай ертегі бойынша тапсырмалар орындадық?

Сиқырлы алтын қақпаның ашылуы.Алтын қақпаның ішіндегі тосын сыйды балаларға көрсету.

-Балалар, әже сендерге арнап бауырсақ пісіріп жіберіпті.

Балаларды мадақтау.

 

 

Айслу Ермекқалиқызы Даукенова,
№16 «Лесная сказка» бөбекжайының
тәрбиешісі
Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.