Тәрбиеші: Балалар, қараңдаршы бізге бүгін қонақтар келіпті. Ең алдымен қонақтармен амандасып алайық.
-Сәлеметсіздер ме?
Балалар шаттық шеңберін орындайды.
Үлкенде сіз,
Кішіге сіз,
Құрметпенен сіздерге,
Бас иеміз біз!
Тәрбиеші: Балалар, сендер ертегілерді жақсы көресіңдер ме?
Балалар:Иә.
Тәрбиеші: Сендер қандай ертегілерді білесіңдер?
Балалар: «Бауырсақ», «Үш аю», «Маша мен аю», «Шалқан», «Шұбар тауық».
Тәрбиеші: Жарайсыңдар, көп ертегі біледі екенсіңдер. Бүгін мен бір ертегі кейіпкерін көрдім. Ол сендермен кездескісі келеді, сендер оны көргілерің келе ме?
Балалар: Ия.
Тәрбиеші: Бұл кім екенін, сендер жұмбақ шешу арқылы білесіңдер.
Атасынан қашқан кім,
Апасынан қашқан кім,
Піскен күні қызарып,
Терезеден секіріп.
Орманға қарай қашқан кім?
(Бауырсақ)
Балалардың жауабы: бауырсақ
Тәрбиеші:Дұрыс айтасыңдар, балалар. Жұмбақтың жауабы-бауырсақ екен. Міне, біздің кейіпкеріміз. Бауырсақ- өте көңілді.
Бауырсақ: Сәлеметсіздерме? Балалар! Мен саяхаттағанды жақсы көремін. Сендер саяхаттағанды жақсы көресіңдер ме?
Балалар: Ия.
Бауырсақ: Олай болса , орманға қарай бет алайық.
Тәрбиеші: Балалар бауырсақпен бірге шеңбер бойлап жүреді. (музыкаменен)
— Балалар, қараңдаршы біреудің құлағы көрінетін сияқты.
— Бұл кім екен?
Балалар: Қоян.
Тәрбиеші: Дұрыс, айтасыңдар қоян екен.
Қоян: Сәлеметсіздер ме, балалар!
Қайда жол тартып барасыңдар?
Біртүрлі бауырсақтың дәмді иісі шығады. (иіскеп қояды).
Тәрбиеші: Бауырсақты көрсетеді.
Бауырсақ: Бірақ, сен мені жеме. Себебі, мен балалармен саяхаттап жүрмін.
Қоян: Жемеймін. Егер сендер менімен ойын ойнасаңдар ғана жемеймін.
Тәрбиеші: Ойнаймыз ба?
Балалар: Ия.
Сергіту сәті.
Ұзын құлақ сұр қоян,
Естіп қалып сыбдырды,
Ойлы-қырлы жерлермен,
Ытқып-ытқып секірді.
Қоян: Сергіту сәтн орындап болған соң, көңіл-күйім көтеріліп қалды.
(Қош, сау болыңдар, балар! (Музыкамен балалар жүре береді).
Алдарынан қасқыр шығады.
Қасқыр: Саламатсыңдар ма? балалар!
Балалар, қайда жол тартып бара жатырсыңдар! Біртүрлі бауырсақтың дәмді иісі шығып тұр. (Иіскеп қояды)
Тәрбиеші: Бауырсақты көрсетеді.
Бауырсақ: Жемеші мені. Мен балалармен саяхаттап жүрмін.
Қасқыр:Жемеймін. Сендер менің бөлтірігіме үй соғып берсеңдер, мен сені жемеймін.
Тәрбиеші: Соғып береміз бе?
Балалар: Әрине соғып береміз.
Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар бұл тапсырманы орындап шықтыңдар.
Қасқыр: Рахмет, балалар, бөлтіріктеріме үй соғып беріңдер.
Қош, сау болыңдар, балалар! Музыкамен шеңбер бойлап балалар жүреді.
Алдыларынан аю шығады.
Аю: Саламатсыңдар ма?балалар!
Балалар, қайда жол тарттыңдар? Балалар мен мына жолдан өте алмай тұрмын. Осы жолдан қалай өту керектігін көрсетсеңдер, бауырсақты жемеймін.
Балалар: Жолмен жүруді көрсетеді.
Аю: Балалар, рахмет жолдан өткізіп жібердіңдер. Сау болыңдар!
«Бауырсақ» әнімен саяхатқа шығады.
Тәрбиеші: Алдынан түлкі шығады.
Түлкі:Мм, тәтті, дәмді иіс шығып тұр. Менімше, бұл бауырсақтың иісі.
Сәлеметсіңдер ме? Балалар!
-Бауырсақты жесем бе? екен.
Тәрбиеші: Жемеші, себебі сен мейірімдісің, әдемісің, терің қандай жұмсақ, мұндай тон ешкімде жоқ.
Түлкі: Бауырсақтыжемеймін, іздеріңнен де ермеймін. Сау болыңдар, балалар!
Тәрбиеші: Ух, осы бауырсақты жеп қояма? –деп ойладым.
Бауырсақ атасы мен апасына барады.
Осымен ертегі сәтті аяқталады.
Заурбекова Г.,
№11 бөбекжай-бақшасының
ІІ санатты тәрбиешісі,
Жамбыл облысы, Тараз қаласы