Home » Баяндамалар » «БАТЫС ӨЛКЕСІ – ТАЛАЙ НАМЫСТЫ ЕРЛЕРДІ, АТАҚТЫ ТҰЛҒАЛАРДЫ ҮКІЛЕГЕН ҚАСИЕТТІ ӨЛКЕ»

«БАТЫС ӨЛКЕСІ – ТАЛАЙ НАМЫСТЫ ЕРЛЕРДІ, АТАҚТЫ ТҰЛҒАЛАРДЫ ҮКІЛЕГЕН ҚАСИЕТТІ ӨЛКЕ»

Батыс өлкедегі жыраулық, ақындық дәстүр ерекшеліктері

 Батыс Қазақстан өлкесінің ақындары мен жыраулары –әдебиет тарихында есімі аз аталатын,бірақ аймақта кең таралып, күні бүгінге дейін жырлары жатталған шығармашылық өкілдерінінің рухани мұрасын ғылыми тұрғыдан сараптап, саралап көрдім.Саралай отырып Батыс Қазақстан өңірінің дамуындағы тарихи жағдайлармен байланысты дамуын ескердім.

XVII-XIX ғасырдың екінші жартысына дейінгі тарихи-әлеуметтік жағдайдың өзіндік сипаты айқын екенін аңғардым.Бұл кезеңнің елеулі прогрестік сипаты-қазақ жерінде болған орыс ғалымдары мен ағартушыларының, демократ жазушыларының қазақ мәдениетінің ерекшелігін таныған гуманистік ой-пікірлері, орысша білім алған алғашқы қазақтардың талантты тобының өсіп жетілуі қазақтың ұлттық ғылымының, демократтық әдебиетке сүйенген жаңа үлгідегі қазақ әдебиетінің туып қалыптасуы сияқты жағдайлар.

Айтылған кезеңнің өзгерістері қазақтың дәстүрлі рухани мәдениетіне де елеулі әсер етіп, оның мазмұндық, формалық тұрғыдан жаңа салада өрістенуін талап етті. Жыраулар поэзиясындағы ел мен жұрттың, хан мен халықтың бірлігін ту етіп, ерлікті асқақтата жырлайтын көтеріңкі леп саябырсып, күнделікті өмір құбылыстарын, адамның мінез-құлық, ішкі сезімдерін тереңдей талдайтын шығармалар басымдық ала бастады.

XIX ғасырдағы қазақ ақындарының осы бір тобы халықтық поэзияның түрлерін жетілдіріп, оны заман шындығымен байланыстыруда, реализмді жетілдіруде, адам психологиясындағы өзгерістің себеп-салдарын жан-жақты салдарын ашып көрсетуді мақсат тұтты. Батыс Қазақстан өңірі тек территориялық тұрғыдан, я болмаса тарихи күрделі оқиғалардың орны өткен мекен ретінде ғана емес, фольклорлық дәстүрдің алтын арқауы үзілмеген аймақ ретінде де бағалы.Олай дейтініміз: болған оқиғаны эпикалық тұрғыдан жырлап, ұрпақтан -ұрпаққа жеткізетін жырау, жыршылар бір күнде туылмайды.Ол үзілмей келе жатқан игі дәстүрдің құнарлы топырағында ғана өсіп-өне алады.

Батыс өңірінде туған фольклорлық мұралардағы ерлік жырларының молдығы мен эпикалық сипатының басымдығы басты белгі екенін қазақ ғалымдары өз зерттеулерінде түрлі дәрежеде тілге тиек еткен. Бірақ кең ауқымды сөз етуге заман қысымының ықпалы кедергі келтірген.

Белгілі ғалымдар:С.Сейфуллин, М.Ғабдуллин, Е.Ысмайылов бұл дәстүрді ел басынан өткерген ірі оқиғалардың себебімен байланыстырады.Сондай-ақ өлкеде ерлік жырлары көп пайда болып, оның халық арасына кең таралып, жетуіне қызмет еткен дәстүрлі ақын–жыршылар ортасының өз дәстүрін ұзақ уақыт үзбеуіде себеп болған.

Батыс өңіріндегі ақындардың көпшілігі жазбаша сауатты бола тұра импровизацияға сүйенген.Сондай-ақ әр шығармашылық тұлғаның өзіндік құлақ күйі, қол қағысы, музыкалық қолтаңбасы болған. Нәшті әдеп бірде асқақтап биік шығатын, бірде сорғалап төмен құлайтын сөз ақын жырының сүйемелі. Мысалы: Нұрпейіс, Мұрын жыраулар Батыс Қазақстан Ақтөбе маңының, Атырау жағалауының ақындарына тән жорық жырларының сарынын беретін екпінді, атойлы күйлер тартқан. Мұндай жыр сазын Маңғыстау елінде «жыр сарыны» деп атаған.

Батыс Қазақстанның эпик ақын жыршыларының ішінде Марабай Құлжабай ұлының тұғыры биік (1841-1889).Ол –сегіз қырлы өнер иесі, әнші, ақын, домбырашы және айтыскер. Бірақ барлық өнерінің ішіндегі жыршылық өнері озық болып, өзіде негізінен осыған мән бергенге ұқсайды.

Марабай өте көп жыр білген, көп жырлаған. «Қобыланды батыр», «Ер Тарғын» жырларыныңда ең толық, ең көркем түрі осы Марабайдан қалған мұра. Және бұл жырлардың ел ішіне ең көп тараған, ауыздан-ауызға ауысып өзгермей айтылып келгеніде осы Марабай нұсқалары болып табылады.

Баяндаманы дайындау барысында көзім жеткені-Батыс Қазақстан өңірінде аты Қазақстанның барлық өңіріне танымал болған ақын-жыраулармен қатар әдебиет тарихына әлі енбеген таланттар шоғырының молдығы.Мұны тәуелсіздік жылдарындағы ғылыми ізденістер мен зерттеулер нәтижелері нақты көрсетіп отырғандығын баса айту керек.Қазақ әдебиеті тарихында аймақтық әдебиетті жеке зерттеудің маңызы зор.Себебі белгілі бір өңірдің әдебиетін терең зерттеу нәтижесінде ұлт әдебиетіндегі бұған дейін беймәлім болып келген жәйттерді анықтап, ақындық дәстүр жалғасытығы, әдеби мектеп сияқты шығармашылық заңдылықтарын нақты ашып айқындауға мүмкіндік туады. Батыс Қазақстан өлкесінің суырыпсалма ақындары мен жыраулары аймақтық әдебиетті зерттеуге өзіндік үлес қосып, қалың көпшілікке, мектептерге көмекші оқу құралы ретінде қызмет атқарады.

Бұған дейін ұлттық әдебиет тарихында есімдері белгісіз болып, тек Батыс Қазақстан өңірінде ғана мәлім болған Сүгір Мырзалыұлы, Зімбіл Тегенбайұлы, Ыбыраш Мырзалыұлы, Есебақ Дауылұлы және т.б бірнеше ақын шығармалары алғаш рет ғылыми айналымға енгізіліп арнайы мақалалар берілді.Себебі осы ақындарды жеке зерттеу арқылы Батыс Қазақстан өңірінің ақындық дәстүр ерекшеліктері ашылып қана қоймай, бүкіл қазақ әдебиетіндегі шығармашылық сабақтастығы қырларының кейбір тұстарына тереңірек баруға мүмкіндік туады.

Есет Қараұлы(1779-1869)

Есет Қараұлы Атырау облысы, Қызылқоға ауданы Қарабау елді мекенінде дүниеге келген.Ол жырау, ақын, би атануымен қатар батыр ретінде де танылады. Исатай мен Махамбет бастаған Кіші жүз қазақтарының ұлт-азаттық көтерілісіне қатысқан. Би әрі шешен Есет өмір туралы жыраулар сияқты адамгершілік, тұспалдау нақылымен толғанады.
Рухани мұра табиғатындағы ақындық дәстүрдің көркемдік ерекшелігі, сөз қолдану шеберліктері сараланады. Дәстүр – ең әуелі халықтық ұғым. Ол – әдетке сіңген салт, ғұрып, мирас ұғымдарының халық өмірінің диалектикалық–материалистік даму кезеңдерінде қалыптасқан шеңбері үлкен қасиетті мұраларының бірі. Дәстүрдің сапасындағы қоғамдық құрылысқа тән қалыптасу, мінез–құлық нормалары, идеялар, әдет–ғұрып, салт–сана т.б. барлық қоғамдардың бүкіл өмірінде белсенді рөл атқарады. Барлық халықтардың эстетикалық танымдық өміріндегі ең құдіретті игі сапаның бірі – ауызша және жазбаша сөз өнерінің дәстүрлері. Шынында да, халықтық сөз өнерінің дәстүрлері өз алдарына дербес, жеке эстетикалық, нақты көркем категориялық бастамалы құбылыстар ретінде танылады. Дүние жүзілік сөз өнері тарихында барлық елдерде де дәстүр атаулы әуелде жаңалық, жаңашылдық түрлерінде пайда болды. Дәстүрдің әуелгі соны із боп салынуы сөз өнері тарихындағы жеке тұлғалардың бір–біріне ұласқан шоғырлы топтық есімдерімен аталады. Сөз өнерінің ең негізгі түрлерінің бірі – халық поэзиясы. Халық поэзиясының авторлары ұмытылып кеткен және авторы белгілі түрлері де дәстүрлі тарихи дамудың жолымен келеді. Ал, халық поэзиясының ішінен бөлінетін салалар бойынша ақындық дәстүр ең көрнекті орын алады. Себебі ақындық дәстүр – өнер атаулының көптеген белгілерін өз бойына сақтай отырып, сөз өнерінің қуатты күшін ғасырлардан ғасырларға жеткізіп келе жатқан қоғамдық құбылыс боп саналады. Халық поэзиясының дәстүрлі табиғатына сай көркем өнерге кіретін сөз өнері, әуез өнері, әншілік – орындаушылық (термешілік, жыршылық) т.б. түрлердің тұтастануы – бір ғана халықтың өнеріне тән құбылыс емес. Бұндай көп қырлы өнер сипатын иелену – әлем халықтарының тарихындағы дүниежүзілік мәдени байланыстардың рухани жақындығы көрсететін фактор. Осыған байланысты қазақтағы ақындық өнер табиғатына үндес дүниежүзілік сөз өнері тарихынан көптеген фактілерді келтіруге болады. Біз бұл арада дүние жүзі халықтарындағы суырып салма, төкпе ақындық өнер иелерінің музыканы, орындаушылықты қатар тұтынған шеберлері болатын үндестікті ғана ескере алып отырмыз. Демек, осындай ұқсастықтарына байланысты дүние жүзі халықтарындағы ақындық өнердің жалпы табиғаты тектес екендігі танылады. Ал, 92 дәстүрлі ұлттық түріне, уақытқа сай мазмұнына байланысты әр халықтағы ақындық өнердің тек өзіне ғана тән ерекшеліктері болатыны мәлім. Қазақ халқының ұлттық сөз өнерінің тарихында ақындық дәстүр мектебінің ғасырдан ғасырға жалғасып келе жатқан ұзақ даму жолы бар. Қазақтың дербес халық боп қалыптасу кезеңіндегі жыраулық поэзиядан өсіп–өніп шыққан суырып салма, төкпе (импровизация) ақындық өнер жолы бүгінгі күнге дейін жазба әдебиет дәстүрімен қатарласқан даму жолымен келеді.

Абыл Тілеуұлы(1777-1864)

Батыс Қазақстан аймағының ақпа-төкпе, суырып салма ақындарының бірі Абыл Тілеуұлы қазіргі Маңғыстау облысының Бозашы елді мекенінде дүниеге келген ол 87 жас ғұмыр кешіп, Қаратөбе жерінде жерленген.1993 ақынның бейітіне биік кесене орнатылды. Абыл-атақты жырау.Ол жыраулық дәстүрді кейінге ұластырған.Өзінің 87 жас ғұмырында ақындық өнерді биік тұтып өмірлік азығы еткен Абыл ғасыр мен ғасыр араларын байланыстырып, жырларын кейінге аманаттаған өнер дүлдүлі.

Қайрат Жұмағалиев (1937-2013)

    Ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Қайрат Жұмағалиев 1937 жылы 19 қыркүйекте Бөкей ордасы ауданы, Бисен ауылында дүниеге келген. Бастауыш мектепті Теректі ауылында оқыған, Атырау облысының Құрманғазы ауданындағы Азғыр мектеп интернатында тәрбиеленген. Капустин Яр сынақ полигонының ашылуына байланысты Орда ауданы таратылып, халқы Оңтүстік Қазақстанға көшірілген соң, 1954 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының Жетісай ауданында III Интернационал атындағы қазақ орта мектебінде білім алған.Ол бірқатар шығармалары орыс тіліне аударылған. Жекелеген шығармалары ТМД халықтары тілдерінде, сондай-ақ ағылшын, француз, неміс, испан, поляк, араб, венгр тілдерінде жарық көрді. Әлем поэзиясының озық үлгілерін қазақ тіліне аударды.Қайрат Жұмағалиев «Молодая гвардия» журналының, «Қазақ әдебиеті» газетінің лауреаты. Беларусь Республикасының Құрмет Грамотасымен, Қазақстан Республикасының Құрмет Грамотасымен, КСРО-ның «Тың және тыңайған жерлерді игергені үшін», «Ерлік еңбегі үшін» медальдарымен, КСРО және Қазақстан Жазушылар одағының грамоталарымен марапатталған.Ақын  2013 жылы 18 желтоқсанда дүниеден өтті.

Ғұмар Қараш(1875-1921)

    Ойшыл ақын, қоғам қайраткері Ғұмар Қараш 1875 жылы Жәнібек ауданында дүниеге келген. Жастайынан жетім қалып, ағайын-туыстарының қамқорлығымен ауыл молдасынан оқып, сауат ашады.Өлең толғаулары философиялық ой-пікірлерге бай, бейнелі, әсерлі келеді.
Ғұмар Қараш 1917 жылы Ақпан революциясынан кейін ұйымдасқан «Алаш» партиясына, Алашорда үкіметіне үлкен үмітпен қарап, «Алаштың азаматтарына» атты арман мен үмітке толы өлеңдерін жариялайды. Ол қоғамды қан төгіспен, күшпен, зорлық-зомбылықпен өзгертуді қаламаған. Бірақ амалсыздан кеңестік кезеңге икемделуге тура келгенін сезініп, рухани толғанысқа түседі. 1917 жылы мамырда Ордада өткен Бөкей қазақтарының съезіне, сол жылы 5-13 желтоқсанда Орынборда өткен 2-жалпықазақ сьезіне қатысып, баянда Ғұмар Қараштың шығармалары мектеп оқулықтарында, орыс тілінде жарық көрген «Қазақ поэзиясының антологиясы» мен «Қазақстан ақындары» жинағында, мерзімді баспасөз беттерінде жарияланған.Өлең, толғаулары мен философиялық ой-толғамдары және әңгіме, мақалалары «Замана» деген атпен жарық көрді.ма жасайды.1921 жылы 12 сәуірде Құнаншапқан деген жерде қарақшылар қолынан қаза тапты.

Қорыта келгенде ақындық, жыраулық мұра – қазақ тарихының рухани өзегі. Қоғамдық құрылыс, әдет-ғұрып, салт-сана, өмір құбылыстарын тану, күнделікті және болашақтағы тұрмыс тынысына үн қосу, бағалау – бәрі де ақындық дүниетаным өрісінен өрген ойлардан, жырлардан туады. Демек, адамзаттық рухани мәдениет арқылы саналы тіршілік иесі ретінде болашақ ғасырлармен қауышуында да жыраулық, ақындық ұлы да, ізгі мұрат жолы осылайша жалғаса береді.

Сыдыкова Шынар Кадыргалиевна,
БҚО Бөрлі ауданы Ақсу ауылы
Ақсу мектеп-балабақша кешені

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.