«Науқан-2018»
Ақсу қаласының дарынды балаларға арналған мамандандырылған гимназиясының 2 сынып жетекшісі Аубакирова Ақмарал Имантахуовна оқушылармен бірге қауіпті батареялар қалдықтарын жинау үшін экологиялық «Батареяларды жина, табиғатты қорға!» науқанын өткізді. Осы акцияға гимназия оқушылары мен мұғалімдері және ата-аналар белсене атсалысты.
Мектеп оқушыларының қоршаған ортаға, табиғатқа деген сүйіспеншілігін қалыптастыруға, оны қорғап, қамқорлық жасауға тәрбиелеу қашанда маңызды. Осыған орай, кез келген табиғи жағдайларға тәжірибе жасап, балалардың қатысуымен ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге болады. Тіпті, мұндай бастамаларға бастауыш сынып оқушыларының да ерекше қызығушылықпен атсалысатындығын тәжірибе көрсетіп отыр.
Іс-шара барысында оқушылар жарамсыз батареяларды дұрыс жинау, шашылып жатқанда олардың табиғатты ластайтынын және адамның денсаулығына айтарлықтай зиян келтіретіні туралы мағлұмат алды. Яғни, батареялар қоқысқа лақтырып тастаған кезде басқа қоқыспен бірге өртеу қондырғыларында күйіп қалады. Түтіннің бұлттары – диоксиндер біздің денемізге тек түтінге ғана емес, топыраққа, су мен өсімдіктерге де түседі, тамақпен және сусынмен үстелге келеді. Шелектерге лақтырылған бір батарея ауыр металдармен 20 шаршы метр жерді және орман аймағындағы ағаштар мен жануарлардың тіршілік ету ортасын ластауы мүмкін. Қауіптің алдың алу үшін оларды арнайы контейнерлерге тастау қажет.
Еңбек сабағында оқушылар пластик бөтелкесінен контейнерлер жасады. Оған батереяларды жинап салып, арнайы машиналарға артты. Ал, қайта өңдеу кезінде әдеттегі батареялар өз қызметін қайтадан бастайды деуге болады, себебі оның 98%-ы қорытылғаннан кейін қайта толтырылады.
— Осы уақытқа дейін біз ескі батареялардың қоршаған ортаға келтіретін зиянын білгеніміз жоқ. Сондықтан, қолданыстан шыққан батареяларды арнайы контейнерлерге барынша көп жинақтауға тырыстық. Бұл күні мені оқушыларымның зор қызығушылығы мен жауапкершілігі қатты қуантты,-дейді Ақмарал Имантахуовна.
Айгүл МОЛДАШ,
Білім айнасы