Қазіргі даму үрдісіндегі жетістіктермен жеткізуге жұмыс жасайтын бірден- бір тұлға көшбасшы келешек ұрпақ. Әр білім ошағы жылдар бойы жинақтаған тәжірибесін ескере отыра қоғамдағы қазіргі талапқа сай даму жолын белгілейді.
Қазіргі кезеңде елімізде Қазақстандық білім беру жүйесі әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл білім саласында оқу-тәрбие үдерісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр: білім беру парадигмасы өзгерді, білім беру мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, жаңаша қарым-қатынас пайда болды. Мектеп – оқушылармен олардың ата-аналарымен ұстаздар қауымдастықпен білім үрдісінде жеке оқушының тұлғасын жоғары өнегелілік іс-әрекет мақсатында қалыптастыратын орын әрі білім әлемі. Білім күші құдіретті. Алтын ұядан қанат қомдап ұшқан әрбір шәкірттердің кейінгі жолына да зер саламын. Сол оқушыларымның, ата-ананың, білім беріп жатқан ұстаздардың да ойы мен үшін аса маңызды. Әр ұстаздың алдына қойған мақсаты білім сапасын арттырып, оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын, белсенділігін, танымдық қабілетін дамытып, өз бетінше шығармашылықпен жұмыс жасауға ынталандыру.
Мектеп бір орында тұрмайтыны анық, біз келешекке кемел сеніммен алға үлкен мақсаттар қоямыз. Бүгінде игі істің бастамаларын мұғалімдер еңсеріп, әрі қарай жұмыс жасауда.
Мектептің даму жоспары, даму желісі білім берудің өзгерісімен анықталады. Мектеп дамуындағы мәселелер, білім нәтижесіне қол жеткізудегі басты көрсеткіштер, мұғалімнің іс-әрекетінің мазмұнын, оқушылардың шығармашылық дербестігімен көрініс табады. Мектептің дамуы нақты шынайылығы мектеп дамуының, оның рухани жетілуіне мәні терең, тәрбиелік, білімділік құндылығы ретінде танылуының маңызы зор. Мектептің даму жоспары сүлбесінің (моделі) жүзеге асырылуын қадағалау, бағалау, кері байланыс, қадамдар жасау оқушылардың оқу жетістіктерін жетілдіруге ғана бағытталмай, бұл мектеп тәжірибесіне бағдарлама идеяларын енгізу арқылы оқыту және оқу тәжірибесін өзгертуге, жетілдіруге өзінің зор ықпалын тигізеді. Білімдегі түбегейлі өзгерістер әрқайсымыздың белсенділігімізді арттырып, ой-өрісімізді, санадағы өрлеуге жол ашып отыр. Бірге жиналу-бастама, бірге болу-ілгерілеу, бірге жұмыс істеу-жетістік. Жоспарланған іс-шара мектептер, оқу орындарымен желілік қоғамдастық жұмысы тиімді жанданды. Мектепте жаңаша оқыту бастамасы жалпы оңды болды деген ойдамын. Мектептің басты ерекшелігі білімнің басым бағытын қоғамдық дамудың объективтілік заңдылығы ретінде тану болып табылмақ. Адамзат қоғамы зайырлы қоғамда білімнің басымдылығы қоғамдық құндылық ретінде, мемлекеттік құндылық ретінде және жеке бастың құндылығы ретінде өз орнын айқындай түсуде. Мектепті басқару сұлбасы бұл осы үрдіске мүмкіндігінше көп қатысушыларды тартуды көздейді. Олардың ішіне алдымен кіретіндер – тәжірибе жүргізуші мұғалім, сынып жетекшісі, оқушылар, ата – аналар, әдістемелік бірлестіктің жетекшісі, мектеп директоры, директордың орынбасарлары, инновациялық басқарудың І және ІІ деңгейіндегі топтар, 8 қадамды іске асырушы жауапты орындаушылар, сарапшылар, мемлекеттік мекеме қызметкерлері. Жаңа бетбұрыс жолында көп-көп ізденіс жасамайынша, табысты мектепті жасау мүмкін емес.
Сұлбада көрсетілгендей әрбір қатысушының міндеттері белгіленіп қойылған. Әдістемелік
бірлестіктің жетекшісі тәжірибе жасаушы мұғалімдерге консультативтік жәрдем жасайды, тәжірибе жасаушы мұғалімдердің – шығармашылық топтың жұмысын ұйымдастырады. Оқу материалының мазмұнын игеруді зерттеу мақсатында бақылау тапсырмаларын жүргізіп, талдайды.
Мектеп директоры жаңаша бағыттағы жұмыстардың барысында жалпы басшылық жасайды.
Ұрпақ тәрбиесіндегі әдіснамалық ұстаным оқушының рухани қажеттіліктерін үйлесімді дамытуды жүзеге асыру.
Мектептің өмірі қоғамның күнделікті өмірімен, өзгерісімен бірге қадам басады. Қазіргі кезде әрбір қоғам өркениеттілік жолына түсіп, жоғары өркениетті қоғам болу бағытында дамып отырғаны баршамызға мәлім.
Бірінші айтарымыз мынау: педагогикалық практиканың екі сатыда тұруы. Бірінші сатысына инновациялық басқарудың І деңгейі педагогикалық жүйелер жасау ісі жатса, ал инновациялық басқарудың екінші сатысына осы педагогикалық жүйелер негізінде педагогикалық істің атқарылуы жатады. Педагогикалық істің екі түрі белгілі: біріншісі, білім беру ісі болса, екіншісі, білім тексеру ісі болмақ. Білім беру ісі үш тұрғыдан қарастырылады: білім алушы, мұғалім, білім ошағы. Мұғалім тарапынан алғанда педагогикалық мақсат оқушының пәндік оқу мақсатына жетуіне көмектесу, ал педагогикалық міндеті соған барлық жағдай жасау болып табылады.
Адамзаттың алты ғасыр бойына аңсаған жарқын болашағы осындай қоғам болып табылады деп айтуға толық негіз бар.
“ Мұғалім мектептің жүрегі” деп тегін айтылмаса керек, тынымсыз соққан жүректей үздіксіз еңбек пен ерен еңбек бір нәтижеге жеткізеді.
Білім оқушы мен мұғалімнің өзара бірлескен іс-әрекетінің нәтижесінде қол жеткен білім, білік және дағдының, ойлау тәсілдерінің және тіршілікке қажетті дағдылардың жүйесі ретінде жүзеге асыру дәрежесі қоғамның қазіргі даму кезеңінің жоғары талаптарына сәйкес келетін нәтиже жетістігін яғни оқыту өнімдері қамтамасыз етуді көздейді.
Білім беруді реформалаудың мақсаты- қалың бұқараны сапалы біліммен әлемдік деңгейде қамтамасыз еткендей білім берудің тиімді жүйесін жасау, ұлттық білім беру жүйесін әлемдік білім кеңістігіне кіріктіру. Білім беру жүйесінің мұндай қызметін қамтамасыз ету білімнің нақты, жүзеге асатындай сапасының берілген бағдардан ауытқуына, білім беру нәтижесіне қойылатын талаптардың өзгеруіне әсерінің алдын алу мүмкін болатындай жоспарланған білім беру деңгейіне жету үшін жағдай жасауға бағытталған.
Мектеп түлектерінің алған білімдерінің тұлғалық дамуының және қазіргі жағдайда өмір сүруге дайындығының дәрежесін бейнелейтін, ғылыми негізделіп ұсынылған, білім алу жағынан жетістіктерге жету жолдарының жүйесі технология ұғымының құраушылары болып табылатын оқытудың және тәрбиелеудің алгоритмдері, әдіс-тәсілдері білім сапасының қажетті деңгейіне жетуге кепілдік береді.
Адамзат баласының сана-сезімінің өсіп өркендеуіне білімнің ықпалының зор екендігі де тарихи шындық.
Бұл тұрғыда халқымыздың ардақты ұлдарының бірі Міржақып Дулатов: «Жалғыз сүйеніш, жалғыз үміт-оқуда. Теңдікке жетсек те жұрттығымызды сақтасақ та, дүниедегі сыбағалы орнымызды алсақ та, бір ғана оқудың арқасында аламыз. Жақсылыққа бастайтын жарық жұлдыз — оқу. Надан жұрттың күні – қараң, келешегі- тұман» деп ғылым, білім, оқудың маңызын қара халыққа түсіндіруге тырысты. Әр ұжым ортақ мүдде үшін жанын салады, уақытпен санаспайды, ізденіс жасайды. Мен үшін ұжымның мүддесі аса ерекше. Біз, бәріміз ұлттық мүддеге жұмыс жасаймыз. Жұмыс нәтижелі, мектеп өміріне түрліше өзгеріс енгізіліп, өнегелі ортаға айналған сапалы білім беретін табысты мектеп жасау қазіргі таңдағы ұжымның басты қағидасына айналды.
Білім берудің қай сатысында болмасын оның негізгі көрсеткіші-оның сапасы. Сондықтан біз білім нәрімен сусындата жүріп, жинақтаған іс-тәжірибелерімізді негізге ала отырып, білім алушылардың білім сапасына, мұғалімнің кәсіби жетілуіне ,біліктілігіне әсер ететін негізгі нысандарды Рудный қаласы әкімдігінің «№7 мектеп-гимназиясы»КММ төмендегі сұлба (модель) арқылы беруді жөн көрдік.
Келтірген сұлбаны тұтас бір үдеріс, білім ошағы деп түсінеміз.
Ал қалыпты жұмыс жасауы оның әрбір тармағымен тығыз байланысты.
Шынында да «Ынта болса адамда, қиын іс жоқ ғаламда»- демекші, білім алушыларға білімге деген құштарлығы, ынта жігері, талабынан бастап психологиялық көңіл-күйі мен материалдық жағдайының ойдағыдай болуы білім сапасына әсер етеді. Модельде мәңгілік ел жасампаз жарқын болашақ кең мағынада қолданылады. Оқушының өзін-өзі басқару топ құрылымы және т.б жатқызуға болады және олардың да өзара тығыз байланыстылығы, жетілдіру, дамытудың жақсы нәтиже береді. Сонымен қатар, сұлбадағы әрбір нысанды жеке талдап, оның да дамуының қажетті және жеткілікті шарттарын айқындап алумен қатар, жетілдіру жолдарын қарастырған жөн.
Жақсы ата-ананың тәрбиесін алған, ұлағатты ұстаздың өнегесін көрген, базалық білім деңгейі толық, денсаулығы мықты, талантты, талапты, жігерлі ынталы жеке тұлға яғни оқушыға сабақ беру-табыстың қайнар көзі емес пе?
Жаңартылған білім мазмұны, жаңашыл мұғалім, жаңа бағдарлама келешектің кемел, өркениет өріне жетелеу, оқушыларымыздың жаңаша көзқарасы бәсекеге қабілетті болуы біздің қолымызда.
Табысты мұғалім өз кезегінде мектептің дамуын нығайтуға үлес қосушы. Мұғалім мен оқушы ынтымақтастық, сыйластық, достық қарым — қатынаста болып, аянбай еңбек етсе дарынды, қабілетті, көшбасшы бола алатын, өзіне нық сенімді дербес тұлға қалыптасады. Жасалған әрбір игі істің бастамасында нәтижеге қол жеткізуде бірқатар кемшіліктердің де орын алатыны мәлім. Кедергілерден кемелденуге ұдайы ұмтылыс өзі қуаныш, үлкен іске бет алғанда еңбектің нәтижелі, жемісті болатыны белгілі. Басшының адамгершілігі біреуге ғана істеген қызметімен емес, қоғамның дамуына қосқан үлесімен өлшенсе, өркениетке жету деген сол. Ойдың сезімге, мінезге және көзқарасқа айналуы бірден емес, біртіндеп болатынын бастан өткердім. Менің ойларым, да осы сатылардан біртіндеп өтті.
Сайып келгенде, табысты мектепке бағыттап дамытуды жүзеге асыру басқару мәдениеті деп білемін. Жетістік-әрекетте, жетілу-мақсат, ізгі мұрат жолында еш аянбау біздің міндетіміз.
Қымбат Бірманова
Рудный қаласы әкімдігінің
«№7 мектеп-гимназиясы» КММ
директоры