Home » Оқу-әдістемелік материалдар » Басты мақсат — бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу  

Басты мақсат — бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу  

 

 Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында еліміздің білім беру саласына жаңа мақсат-міндеттер жүктеді. Білімнің салтанат құруы. Бұл – Ел Президентінің мақаласындағы маңызды тараулардың бірі. Қазіргі күні әлемнің экономикалық, ғылым-техникалық және өндірістік салалары жылдам өзгеруде. Мұндай үрдіс болашақта кәсіби сауатты, білікті мамандарға деген қажеттілікті арттыратыны анық. Сондықтан, жас ұрпақты қазірден бастап бәсекеге қабілетті болуға тәрбиелеу қажет. Бұл – ел болашағы үшін аса қажет

№19 Дінмұхамед Қонаев атындағы мектеп-гимназиясы — Жамбыл облысы, Жуалы ауданындағы іргелі мектептердің бірі. Ұлы Жібек жолының бойындағы Бауыржан Момышұлы атындағы ауылға орын тепкен мектеп 1985 жылы пайдалануға берілген. Содан  бергі ширек ғасырдай ғана уақытта білім ұясынан мыңдаған түлектер қанат қағып, еліміздің түкпір-түкпірінде еңбек етуде.  Бүгінде ұжым мүшелері білім саласындағы міндеттерді жүзеге асыру ісіне қомақты үлес қосып келеді. Бүгінгі таңда  жас ұрпаққа бәсекеге қабілетті білім беру, жеке тұлғаның интелектуалдық қабілеттерін дамыту, мақсат тұтқан мектеп-гимназия ұжымының мүшелері жаңартылған білім  беру мазмұнын, білім берудің мониторинг жүйесін жетілдіру, қосымша білім берудің желісін дамыту және мазмұнын жетілдіру, авторлық бағдарламаларды ғылыми негізде дайындау  жөніндегі іс-тәжірибесі аудан және облыс көлеміндегі  білім мекемелеріне кеңінен танымал. Жыл санап мұғалімдердің кәсіби біліктілік деңгейі жоғарылап, жаңа технологияларды меңгеру, ғылыми-ақпараттық коммуникациялық желілерді бағындыру белсенділігі арта түсуде.
Жаңашыл білім ордасының қызметкерлері «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын» және білім беру жөніндегі мемлекеттік стандарттарды орындау бағытындағы міндеттер мен мақсаттарды жоғары талап деңгейінде орындау нәтижесінде орта мектептер арасындағы аудандық және облыстық байқауларда жүлделі орындарды иеленіп келеді.
Мектеп-гимназия ұжымы өзінің тарихында «Жылдың таңдаулы мектебі» облыстық байқауында ІІ-орынды, облыстық сырттай «Үздік мұражай» байқауында ұлттық тәрбие қалыптастырудағы мазмұнды еңбегі үшін ІІІ дәрежелі Дипломымен марапатталды. «RWCT» категориясында квалификациялаудың барлық талаптарын орындағаны үшін «RWCT мектебі» атты Сертификатпен, облыстық «Өнегелі мектеп» байқауында ІІ дәрежелі Дипломмен марапатталып, республикадағы «100 үздік мектеп» қатарына енген. Аудандық «Үздік білім беру ұйымы» байқауында бас жүлдені, «Ауылдың ең үздік мектебі» байқауында ІІ орынды, «Үздік білім ошағы» байқауында ІІ орынды, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі облыстық қоғамдық байқауда «Үздік мекеме, ұйым» номинациясы бойынша жеңімпаз атанып облыстық кәсіподақ кеңесінің Дипломымен, «Тәуелсіз елдің ұлағатты  ұстаздары» фестивалінде де мектеп-гимназия ұстаздарының түрлі жанрларды дайындау жөніндегі ізденістеріне аудандық және облыстық білім басқармасының,  кәсіподақ комитеті тарапынан «өте жоғары» баға берілді.
Мектеп-гимназия мұғалімдерінің оқу-әдістемелік құралдар әзірлеу, оқыту үрдісіне электронды оқыту жүйесін енгізу, қосымша білім беру жүйесін жетілдіру бағытында да қомақты табыстарға қол жеткізуде. 2016 жылы мектептің бастауыш сынып мұғалімі «Сатылай кешенді талдау технологиясының тренері» М.Абдукодированың «Фонетика және морфологиялық бірліктерді сатылай кешенді талдау» тақырыбындағы 3 сыныпқа арналған әдістемелік оқу құралы, жұмыс дәптерлері, 3-сыныпқа арналған «Фонетикалық бірліктер» әдістемелік құралы, орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі А.Ергебекованың «Методическое пособие по составлению позиционных и интерпретационных задач по развитию грамотности чтения» тақырыбында әдістемелік құралы жарық көрді.
Білім мекемесінде тәлім-тәрбие алып келе жатқан шәкірттердің  қоғамдық және әлеуметтік белсенділігі жыл санап арта түсуде. Білім шаңырағы үздіксіз білім берудің  ұлттық моделін қалыптастыру мақсатында білім беру сапасын арттыру бағытындағы әдістемелік жұмыстарды жыл санап жандандыра түсуде. Өткен оқу жылында 978 оқушы білім алған болса, оның 282-і озат, 391-і екпінді оқушы атанып, мектеп бойынша білім сапасы 69 пайыз болды. Аяқталған оқу жылында 90 оқушы орта мектепті бітіріп, қолдарына кәмелеттік аттестат алды. Жалпы алғанда, ҰБТ көрсеткіші бойынша мектеп бітірушілердің білім сапасы 89,1 пайызды құрады. 88 оқушы жоғары оқу орнына түсіп 47 түлек мемлекеттік грант иегері атанды.
2015-2016 оқу жылында 6 оқушы «Алтын белгі» төсбелгісіне, 3 оқушы «Үздік аттестатқа» ие болса, 2016-2017 оқу жылында 3 оқушы «Алтын белгі» төсбелгісін ақтап,  10 оқушы «Үздік аттестатқа» ие болды. Әбілжан Сауле, Әлжан Гүлнар, Сұлташ Инабат «Алтын белгі» иегерлері атанды. Соңғы 3 жылда «Алтын белгі» иегерлерінің саны – 21-ге, «Үздік аттестат» иегерлерінің саны – 16-ға жетті. Бұл нәтиже аудан бойынша алдыңғы орында екендігі сөзсіз.
Мектеп-гимназия оқушыларының бұл жоғары көрсеткіштері ұжым педагогтарының ғылыми-әдістемелік және кәсіби шеберлік бағытында күнделікті ізденісінің жемісі болып табылады. Мектепте ұжым мүшелерінің шығармашылық ізденіспен еңбек етуіне жан-жақты жағдай жасалған. Директордың орынбасарлары Г.Хабдуллаева, Р.Сайлаубаев, М.Әлімбеков, Р.Қасымбекова, Қ.Көшпенбетова, М.Исаева, Д.Қырғызбаева, М.Тіленшиев ұстаздардың оқу-тәрбие жұмыстарын ұтымды жоспарлауға және жүргізуге, ұжым мүшелері арасында өзара түсіністік, ынтымақтастық, әл-ахуал қалыптастыруға ұдайы назар аударып отырады.
Ұстаздар қауымы жеке тұлғаны жан-жақты дамыту, балалардың қоғамдық бірлестіктерін дамыту бағытындағы міндеттерді орындау жолында аянбай еңбек етіп келеді. Жыл санап мұғалімдердің жаңа технологияларды меңгеру, ғылыми-ақпараттық коммуникациялық желілерді бағындыру белсенділігі арта түсуде. Ұстаздардың  жаңа технологияны игеруіне жаппай ден қоюына мектептегі озық тәжірибелі тренинг ұстаздар мұрындық болып отыр. Атап айтқанда, арнайы курстан өтіп, «Тренер» сертификатына ие болған бастауыш сынып мұғалімі А.Папышева, тарих пәнінің мұғалімі Ә.Тоғайбаева, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Г.Тәжкенова, орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері И.Турикбаева, Н.Байғазиева «Кэмбридждік бағдарлама» әдістерін оқытуға белсене атсалысып келеді. Сондай-ақ пән мамандары дамыта оқыту, деңгейлеп оқыту, сыни тұрғыдан ойлау, модульдік оқыту және өзара белсенді оқыту технологияларын меңгеріп, күнделікті оқыту үрдісінде тиімді пайдалануда. Бүгінде мектеп бойынша озық технологияны меңгерген мұғалімдер құрамы 85 пайызға жетіп отыр.
Ұжымда ұзақ жылдардан бері үздіксіз еңбек етіп келе жатқан тәжірибелі ұстаздардан тәлім алған жас мамандар да өз жұмыстарына асқан жауапкершілікпен қарап, кәсіби тұрғыдан шыңдалу мақсатында аянбай ізденуде. «Жас мамандар» әдістемелік-тәжірибелік мектебі еңбек жолын жаңадан бастаған жас маманадарды дайындауға ерекше көңіл бөледі. Осының арқасында бастауыш сынып мұғалімі Жұмағұлова Рахат «Ең үздік интерактивті сабақтар» байқауында І орынды, химия пәнінің жас маманы Орынбек Жанболат республикалық интернет олимпиадасында ІІІ орынды, жас мамандар М.Қамбарбекова мен Қ.Джуманазарова «Үздік жас маман» аудандық байқауында ІІ орынды иеленді.
Білім мекемесінің оқу-тәрбие саласындағы жұмыстарда жоғары жетістіктерге жетуіне «Озат тәжірибе» мектебінің құрамына енетін тәжірибелі ұстаздар қомақты үлес қосып келеді.  Оқу жылында  мектебімізде 163 мұғалім дәріс берсе, оның 68-і жоғары санатты, 43-і бірінші санатты ұстаздар. Оның арасында республикалық «Үздік педагог» байқауының жеңімпазы М.Абдукодирова, ҚР Білім және ғылым министрлігінің құрмет грамоталарымен марапатталған А.Оразов, Қ.Көшпенбетова, Ұ.Ахметова, М.Әлімбеков, Г.Өтегенова сынды, облыстық білім басқармасының алғыс хатымен марапатталған Ә.Тоғайбаева, Р.Сайлаубаев, Х.Пралиева, Т.Дүйсембаева, М.Исаева, И.Турикбаева, Е.Қолаханов, Г.Хабдуллаева, Г.Тәжкенова сынды майталман ұстаздар бар.
Мектеп ұстаздары жеке тұлғаның дарындылық қабілеттерін жан-жақты дамыту бағытындағы зерттеу жұмыстарын жүйелі түрде жүргізіп келеді. Осы бағытта құрылған «Дарын» ғылыми қоғамы мүшелері түрлі пәндік олимпиадаларға, ғылыми-зерттеу жұмыстарына қатысып, аудандық, облыс көлемінде жеңімпаз атанды. 2017 жылы 20 оқушы аудандық пән олимпиадаларында, 2 оқушы облыстық пән олимпиадасында жүлделі орындарды иеленді. Атап айтқанда қазақстан тарихы пәнінің мұғалімі Г.Сейдалиеваның шәкірті Әбзәділ Әйгерім, орыс тілі пәнінің мұғалімі И.Турикбаеваның шәкірті Тельман Ұлжан ІІІ орынды иеленді. Аудандық пән олимпиадасында А.Әзтаева, Ұ.Ахметова, Ә.Тәжібаева, Ж.Орынбек, Г.Сембиева, Д.Қырғызбаева, С.Артаева, Ә.Тоғайбаева, Р.Нұралиева, Н.Байғазиева, Ш.Сағындықова, Ә.Нұранбекованың шәкірттері үздіктер қатарынан көрінді.
Мектебімізде қазіргі педагогикалық технологияларды меңгерген, заман талабына сай білім беру үшін арнайы семинарлар мен курстардан өткен шығармашыл ұстаздар еңбек етуде. Оқу жылында жаңартылған білім беру мазмұны бойынша 43 мұғалім арнайы курстан өтіп, және де деңгейлі курс бағдарламасы бойынша сертификат алған 30 мұғалім кәсіби қауымдастық құрып, жұмыстар жүргізуде. І деңгейлі курстан өткен 10 мұғалім, ІІ деңгейлі курстан өткен 2 мұғалім, ІІІ деңгейлі курстан өткен 18 мұғалім жоспар бойынша шеберлік сабақтарын, оқыту семинарларын, түрлі тақырыптағы коучингтерді өткізіп келеді.
Мұғалім өзінің кәсіби шеберлігін өзгеден үйреніп, өзінде дамыта отырып, өзгемен озық тәжірибесін бөліскенде ғана өседі, дамиды. Осы бағытта аудандық және облыстық көлемде шеберлік сабақтар беріп, тәжірибелерін баспа беттерінде жариялап жүрген мұғалімдеріміздің қатары көбейіп келеді. Жыл көлемінде шеберлік сабақтары мен коучингтердің озық үлгілерін көрсетіп жүрген Э.Әбдікерімова, Ә.Икласова, И.Баетова, С.Курташева, Қ.Боранқұлова, Ғ.Әміралиев, С.Төрегелдиев, Ш.Байдалиева сынды ұстаздар еңбегін атап айтуға болады.
Мектебіміз 2016-2017 оқу жылында түрлі облыстық, республикалық және халықаралық жарыстар мен байқауларда жоғары жетістіктерге жетіп мектеп абыройын асқақтатуда. 2017 жылдың мамыр айында Астана қаласында сатылай кешенді талдау технологиясы бойынша «Тілім менің — тірлігімнің айғағы» атты XVII республикалық ауызша командалық олимпиадасында бастауыш сынып мұғалімі М.Абдукодированың дайындаған шәкірттері «Жуалы қырандары» тобы, «Атамекен» және «Бауыржан ұрпақтары» тобы Бас жүлдені иеленді.
Астана қаласы білім басқармасының ұйымдастыруымен республикалық «ЭКСПО-2017: Мәңгілік ел құндылықтары» ғылыми жоба байқауында бастауыш сынып мұғалімі Ж.Қаңтарбаеваның, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі А.Махмутованың жұмысы «Үздік жоба» аталып ғылыми жинаққа енді. 2017 жылдың ақпан айында ТарМПИ ұйымдастырған «Үздік мультимедиялы оқу презентациясы» ІІІ аймақтық байқауында тарих пәнінің мұғалімі Р.Сайлаубаев І орынды иеленді. Облыстық «Үздік ашық сабақ» байқауында Г.Хабдуллаева, Ә.Тоғайбаева ІІ орынды, А.Папышева ІІІ орынды иеленсе, ІХ республикалық пән мұғалімдерінің олимпиадасында С.Артаева, Қ.Джуманазарова, Ғ.Амиралиев, И.Тлеубаева, Г.Қанаева, Г.Уалиева, С.Асанов, А.Саркулова, Қ.Джуманазарова, А.Ергебекова сынды ұстаздар жүлделі І, ІІ орындарды иеленді. Облыстық «Жамбыл оқулары» шығармашылық байқауында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері А.Махмутова, А.Полатова ІІІ орынды иеленді.
Халықаралық «British bulldog» байқауында мектеп-гимназия оқушылары Құралбай Сабина, Баялы Жанерке, Ибрашов Даниал жүлделі ІІ орындарды, «Руский медвежонок» конкурсында І орынды Алмасбек Дильназ, ІІ орынды Құралбай Сабина, Мұстафа Аяжан, ІІІ орынды Тельман Ұлжан иеленді. Республикалық «Ақбота» марафонында ІІ және ІІІ орындарды бастауыш сынып мұғалімдері Т.Дүйсембаева мен  Ж.Қаңтарбаеваның шәкірттері Ерулан Диана, Копбай Гулжазира, Абылкасым Нурислам, Әбдінұрқызы Ақерке, Қамбар Махаббат, Орынбек Еркеназ, Әбді Балнұр, Аршай Жәнібек жеңіп алды. Тараз қаласында өткен «Жарқын болашақ» ІХ республикалық «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» қазақ тілі олимпиадасының облыстық кезеңінде 11-сынып оқушысы Кәдірше Жұлдызай жүлделі ІІ орынды иеленсе, «Ақберен» облыстық байқауында І орынды Алмасбек Дильназ жеңіп алды. /пән мұғалімі Г.Тәжкенова/. «Зерде» ХІІ республикалық конкурсының облыстық кезеңінде бастауыш сынып оқушысы Күнту Әліби І орынды иеленіп, республикалық конкурсқа жолдама алды.
«Тәуелсіздікке 25 жыл» облыстық шығарма байқауында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Г.Базарбаевның шәкірті Садвакасова Хамида жүлделі ІІІ орынды иеленді. Шымкент қаласында өткен ІІІ республикалық «Балауса жұлдыздар» балалар өнер байқауында мектеп-гимназия оқушылары Тезекбай Нұрсұлтан, Құралбай Асқар ән номинациясы бойынша ІІ орынды иеленді. Қазақстандық интернет олимпиадасында қазақ тілі пәні бойынша мектеп-гимназия оқушылары Рахымжан Орынбек, Жұлдызай Телхожаева, Саяжан Қалмақан, Нурбол Кален, Сабина Құттыбай, Ақтілек Жақсылық жүлделі І, ІІ, ІІІ орындарды иеленсе, жаратылыстану пәндері бойынша  Алмат Мадиярбек, Серік Сегізбаев, Аружан Тельман, Даниал Ибрашов, Гүлназ Мақұлбек, Ердаулет Кәрісбай, Алмат Қайрат, Ермұхамед Молдахан т.б оқушылар жүлдегер атанды.
Спорт саласында 2017 жылы мектеп-гимназия оқушылары Өсербай Нұрдаулет пен Спандияр Бек бокстан халықаралық жарыс жеңімпаздары атанды. Бисеқұлов Темірлан, Өсербай Нұрдаулет, Мәлікқызы Зауре, Спандияр Бек, Рахметова Ақжүніс бокстан республикалық жарыс жеңімпаздары атанды. Кеңесбек Бақытжан Каратэдан республикалық турнир жеңімпазы атанды.
Шығыста «Сау дене, азат ақыл, адам көңіл – үшеуімен бақытты болады өмір» деген нақыл сөз бар екен сол айтқандай дені сау, құрыш білекті, батыл жүректі, салауатты өмір салтын ұстанатын ұрпақ тәрбиелеу дене шынықтыру пәні мұғалімдерінің басты назарында. «Волейбол», «Футбол», «Баскетбол», «Тоғызқұмалақ» спорт түрлерінен мектеп оқушылары ауданда 2015, 2016, 2017 жылдары қатарынан жеңімпаз атанып келеді. Облыстық «Лига» спорттық ойындарында футболдан мектеп-гимназия құрамасы 2016, 2017 жылдары қатарынан ІІ орынды иеленді. Бұл дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері Е.Қолаханов, А.Ауғамбаевтың жетістігі деп ерекше атауға болады.
Мектептің оқушылардан құралған «Салдәурен» жайдарман тобы ауданда бас жүлдені иеленіп, «Аудан әкімінің кубогын» жеңіп алды. Мектеп-гимназияда өскелең ұрпаққа ұлттық тәрбие беру жұмысы дұрыс жолға қойылған. «Қыз Жібек» қыздар және «Бозбала» ұлдар отау отырыстары бой жетер қыз бен ер жетер ұлдың ережелері бойынша тәрбиеленсе, «Жас Ұлан» ұйымы оқушылардың арасында басқару билігіне үйрету үстінде.
Мектеп-гимназия ұжымы Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы  міндеттерді іске асыруда жас ұрпаққа сапалы білім берумен қатар, оқушылардың сана – сезімін, ой-өрісін дамыта отырып, дені сау, ұлттық сана – сезімі оянған рухани таза, ар-ожданы мол, ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, еңбекқор, іскер, өз елін, жерін, тарихын, Отанын сүйетін, өз халқының салт-дәстүрін білетін, жақсы қасиеттерді бойына сіңірген ХХІ ғасырдың азаматын тәрбиелеуді «Халықтық педагогика» мен қазіргі заманғы салт-дәстүрін үлгі тұтып жұмыс атқаруды мақсат етіп алған. Мектеп-гимназияда құрылған «Шаңырақ» тәрбие орталығы оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай үш буынға бөлініп, бағыт-бағдарлары мен мақсат-міндеттері белгіленген. Сонымен қатар оқушылар арасында шығармашылық топтар құрылған. Олар: «Жас Ұлан», «Мирас», «Жас Отан» жастар қанаты, «Жас инспекторлар». Мектепте сонымен бірге «Пікір-сайыс», «Қолөнер», «Қылқалам», «Шахмат», «Волейбол», «Футбол», «Тоғызқұмалақ», «Жас ғалым», «Жас тілші» тағы басқа үйірмелері жұмыс атқарады. Үйірме мүшелері  аудандық, облыстық жарыстарға өз үлестерін қосып, жүлделі орындарға ие болуда.
Еліміздің ертеңі бәсекеге қабілетті білім иелерінің қолында. Сондықтан да мектеп педагогтары өскелең ұрпаққа жан-жақты терең білім беру, үш тұғырлы тілді  меңгерту, ұлттық құндылықтарымызды бағалауға және салт-дәстүрлерімізді құрметтеуге тәрбиелеу міндеттерін өздерінің абыройлы парызы деп түсініп, парыз биігінен көріну үшін қажымай еңбек етуді мақсат тұтуда. Өйткені білім берудің 2016-2019 стратегиялық бағдарламасын орындау – ұстаздар мен шәкірттердің үлесінде. «Егіншінің еңбегі жинап алған өнімінен көрінсе, мұғалім еңбегінің нәтижесі оқушының білім деңгейімен өлшенеді», — деп ұлы педагог Ы.Алтынсарин айтқандай, мұғалім еңбегінің жемісі-шәкірттерінің қол жеткен табыстары болып табылады. Дегенмен ұжым мүшелері қол жеткен табыстарға тоқмейілсімейді. Табыс бір жағы ұстаздар үшін мәртебе болса, бір жағы – жүктелген өте үлкен жауапкершілік.

 

 

САЙЛАУБАЕВ РУСЛАН БАХЫТҰЛЫ,
Жамбыл облысы Жуалы ауданы,
№19 Дінмұхамед Қонаев атындағы
мектеп-гимназия директорының
ғылыми-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары.

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.