«Балаға өз бетімен зерттеуге мүмкіндік туғызған сайын
одан әрі жақсы оқи түседі»
Питер Клайн.
Абай Құнанбаевтың жетінші қара сөзіндегі «Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады. Біріншісі – ішсем, жесем, ұйықтасам деп тұрады. Екіншісі – көрсем, білсем деп, ер жетіңкірегенде ит үрсе де, мал шуласа да, «ол неге өйтеді?», «бұл неге бүйтеді?» деп көзі көрген, құлағы естігеннің бәрін сұрап, тыныштық көрмейді», – деген ой тұжырым оқушының биік танымдық қабілет, тұрмыс-тіршіліктің сырын ұғуға талпыныс баланың ерте жасынан туындайды екен. Сондықтан оқушыны ізденушілік, зерттеушілікке қабылетін баулу бастауыш сыныптан басталуы тиіс. Өйткені, бастауыш сыныптан бастап ізденушілікке баулыса, бала кішкентай кезінен өздігінен ой түйіп, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренеді.
“Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасының“ басты мақсаты оқушылардың талдау, синтездеу, әрі логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, оқушыны ізденуге, өз бетімен қорытынды жасауға үйрету болып отыр. Бәсекеге қабілетті жетілген тұлғаны қалыптастыру үшін оқушыны ізденушілікке, өз бетінше жұмыс жасауға, бақылау мен зерттеуге, зерттеу нәтижелерін жинақтап, қорытынды жасай білуге үйрету бастауыш сыныптан басталуы қажет.
Оқушының танымдық өзгертушілік әрекеті зерттеушілік деп аталатын әдістің көмегімен жүзеге асырылады. Шығармашылық қабілетті дамытудың құралдары мен түрлі жолдарының арасында оқушының өзіндік зерттеу тәжірибесі өте тиімді болып табылады. Зерттеушілік білігі мен дағдылары бүгінгі күні ғылыммен айналысатын адамдарға ғана тән емес, түрлі саладағы әрбір адамның әрекетіне қажет. Зерттеуші-оқушы өзінің табиғатынан зерттеуге бейім келеді. Білуге құмарлық, бақылау жасауға талпыныс, өзінше эксперимент жүргізуге баланың балалығымен бірге жүретін процесс. Зерттеу, іздеу белсенділігі — баланың жаратылысына тән табиғи құбылыс. Зерттеушілік әдісін қолдану қажеттігі оқушының білім алу процесінде қоршаған ортасына қызығушылығымен, сүйіспеншілікпен қарауымен түсіндіріледі. Оқушының өз бетінше зерттеу жүргізуі оның жеке талабын қанағаттандыруға, көкейінде жүрген сұрақтарға жауап табуға үлкен ықпал етеді. Одан басқа зерттеу жүргізу интеллектуалдық және шығармашылық қабілеті мен ойлау, зерттеу білігінің дамуына мүмкіндік туғызады. Оқушы өз бетінше зерттеу жүргізу арқылы қоршаған ортасын тани алады, жаңа білімді дайын күйінде емес, өзі үшін жаңа білім ашады.
-жобаның мазмұндық бөлігін оның кезеңдік нәтижелерін көрсете отырып, зерттеу әдістерін анықтау; зерттеу әдістерін талқылау, ақпарат жинау, соңғы нәтижелерді рәсімдеу; алынған өнімнің тұсауын кесу, талқылаулар мен қорытындылар.
Зерттеушілік, ізденушілік – бала табиғатына тән құбылыс. Білуге деген құштарлық, бақылауға тырысушылық тәжірибеден өткізуге дайын тұру, әлем туралы жаңа мәлімет жинауға талпынушылық қасиеттер балаға тән дәстүрлі мінез. Зерттеу түрлері: теориялық, фантастикалық, эксперимент
1.ТАҚЫРЫПТЫ ТАҢДАУ
Ғылыми зерттеу табыстылығының маңызды шарты-тақырыпты дұрыс таңдау. Тақырыпты таңдау –біржолғы процесс емес және қиын өзіндік ізденістің нәтижесі болып табылады. Тақырып оқушыларға қызықты, оларды тартатындай болу керек. Тақырып орындалатын, шешімі зерттеуге қатысушыларға пайдасы тиетіндей болу керек.
Оқушылардың қызығушылығын ескере отырып, жетекші өзі жақсы білетін тақырып аясын таңдау керек. Тақырып шынайы болу керек, онда жаңа дүниелер, күтпеген жаңалық, ерекшелік элементтері болу керек.
Зерттеу жұмысының басты шарты – оның жаңалығы және өзектілігі.
Жұмыстың сәтті болуы үшін зерттенудің мақсаты мен міндеттерін ұғыну қажет. Ғылыми жобада бет парақ, мазмұны, кіріспе, теориялық бөлімі, зерттеу бөлімі, қорытынды, пайдаланған әдебиеттер тізімі, қосымша (егер қажет болса) болуы керек. Ғылыми жобаға келесі құжаттамалар қоса тіркеледі, аннотация — қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде, ғылыми жетекшінің жұмыс туралы пікірі, оның қолымен расталады. Мазмұны бар беттерді ресімдеу:
— беттің жоғары бөлігінде немесе мазмұны деген сөз көрсетіледі;
-мазмұнда ғылыми жоба бөлімдерінің реттілігі көрсетіледі, мазмұнның әр тармағына қарсы, оң жақта осы тармаққа сәйкес араб санымен бет нөмірі қойылады;
— бет нөмірі 3- ші беттен басталатын кіріспе бөлімінен басталады. (1-ші бет — парақ нөмірленбейді, бірақ ескеріледі, 2-ші бет – мазмұны — нөмірленбейді, бірақ ескеріледі).
Әр жұмысқа жетекшінің пікірі берілу керек, онда таңдалған тақырыптың көкейкестілігі, автордың жұмысқа қосқан өз үлесі, жұмыстың кемшіліктері және нәтижелерді одан әрі пайдаланудағы ұсынымдар көрсетіледі. Пікір ғылыми жетекшінің жеке қолымен расталады.
Зерттеудің қол жетімді әдістері: дербес ойлау, кітаптан оқып білу, кино, теле- фильмдерден білу,интернет желісінен іздеп табу, басқа адамдардан сұрап білеу, байқау, эксперимент жүргізу.
Оқушыларды ғылыми ізденіске баулу мақсатында «Мен-зерттеушімін», «Мен – жобалаушымын» деген дәптер арнату. Дәптерге оқушылар ғылым әлеміне енудің түрлі жолдарын жазады, ұлы ғалымдар еңбегі, өмірінен мәліметтер береді. Оның маңызы оқушыларға практикалық та, теориялық та көмек бере алатынында. Ол әр баланың алдында жатады. «Мен-зерттеушімін» тақырыбында оқушылармен «дөңгелек стол», әңгімелер өткізуге болады. Алғашқы әңгімелерде «ғылыми жұмыстардың түрлері» сөз болады. Бұл жұмыстың тиімділігі оқушылардың ғылым туралы ұғымдарын кеңейтуге ықпал етіп, іздену, зерттеу жұмыстарының түрлерімен таныстырады.
Мектепте зерттеу жұмыстарын 2 сыныптан бастаған дұрыс деп өз басым ойлаймын. Педагогикалық үрдісте балалардың дарынын ашуда оқушы мен мұғалімнің ынтымақтастығы қажет. Зерттеу білігі мен дағдысы тек ғылыммен айналысатын адамға ғана емес, сондай-ақ, әр адамның түрлі саладағы қызметіне қажет.
Оқушының өзіндік зерттеу әрекеті оның өзіндік талабын қанағаттандыруға ықпал етеді. Оқушылар қоршаған ортамен таныса отырып өзіндік зерттеу әрекетінің көмегімен жаңа білімді дайын күйде емес, өзі ашады.
Зерттеу әрекеттері бала жаратылысына тән: білуге құмарлық, байқау жасауға талпыныс, өзінше эксперимент жүргізу сияқты табиғи құбылыстарды ынталандыра отырып, олардың жеке қасиеттерін ашуға жағдай жасайды. Алайда, бастауыш сатыда зерттеудің әдістерін қолданудың өзіндік қиындықтары бар. Төменгі жастағы баланы зерттеу тақырыбымен «қинауға» болмайды. Әрине, ол табиғатынан туа біткен зерттеуші, бірақ алғашқыда оған бәрі арнайы түрде үйретіледі: проблеманы қалай анықтауға болады, болжамды қалай құрылымдау керек, байқауды, эксперементті қалай жүргізу керек және т.б. қысқасы, оның зерттеушілік табиғаты үнемі педагогикалық қамқорлықты қажет етеді. Оқушылардың өзіндік зерттеулері, олардың жеке қажеттіліктері мен сұраныстарын қанағаттандыруға септігін тигізеді. Сонымен қатар, өзіндік зерттеулер интеллектуалды және зерттеу біліктерін дамытуға мүмкіндік береді. Өзіндік зерттеулердің көмегімен оқушылар қоршаған дүниені тани келе, өздері үшін жаңа білімдерді «дайын күйде» алмай, өз бетімен ашады. Кіші жастағы балалар тәжірибесінде жеке және ұжымдық зерттеулер қолданылады. Оқыту мен тәрбиелеудің тиімділігін арттырып, оқушылардың жоғары шығармашылық деңгейін қамтамасыз етеді. Ендеше мектепте оқушыны ізденушілікке баули отырып ғылым мен техниканың жетістігіне сәйкес армандарына жетуге, өз жолдарын дәл табуға, ғылымға жетелеу арқылы өздерінің қабілеттерін ашуларына көмектесуіміз қажет.
Смаилова Назгуль Жанбырбаевна,
Павлодар облысы
Екібастұз қаласы
№ 11 ЖОББ мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі.