Home » Бастауыш » Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамыту

Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамыту

«Халық пен халықты, адам мен адамды теңестіретін нәрсе-білім» деп ұлы жазушы М.Әуезов айтқандай, тәуелсіздік туын тіккен елімізді өркениетке апарар жолдың бастауы — мектеп. Қай елдің болсын өсіп-өркендеуі, әлемдік қауымдастықта өзіндік орын алуы оның ұлттық білім жүйесінің қалыптасуына, даму бағытына тікелей байланысты. Қазақстан Республикасының 2030 жылдарға арналған стратегиялық даму бағдарламасында Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев халқымыздың болашағын тереңнен толғай отырып «Мемлекетіміздің ең басты дүниесі тек қана табиғи байлық емес, сонымен қатар жасөспірім ұрпағы, өйткені олар — біздің ұлтымыздың болашақ айнасы» дегені мәлім. Олай болса, жас ұрпаққа білім мен тәрбие беретін ұстаз — баға жетпес биік тұлға. Қазіргі уақыттың негізгі талаптарының бірі – білімді әлемнің бүтіндей бейнесін қабылдай алатын, шығармашылық таныммен тікелей қатынас жасайтын жаңаша, тәуелсіз ойлай алатын шығармашыл адамға айналдыру. Қоғамның әлеуметтік – экономикалық даму деңгейі сол қоғамдағы жеке адамның шығармашылық мүмкіншілігіне байланысты.    «Надан жұрттың күні – қараң, келешегі – тұман», — деп М.Дулатов айтқандай, егеменді еліміздің тірегі – білімді ұрпақ. Сусыз, құрғақ, таса көлеңке жерге дән ексең өнбейтіні сияқты, жас ұрпақтарымызды тәрбиелемесек, өспейді, өнбейді. Қазіргі мектеп мұғалімдерінің алдында тұрған басты міндет – оқушылардың шығармашылық білім дағдыларын қалыптастыру.

Исакова Халида Сайдикаримовна,
Түркістан облысы Сайрам ауданы Қарабұлақ ауылы №10 негізгі орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.