Home » Оқу-әдістемелік материалдар » Бастауыш сынып оқушыларының тілдерін дамытуда заманауи әдістерді (мнемотехниканы) қолдану

Бастауыш сынып оқушыларының тілдерін дамытуда заманауи әдістерді (мнемотехниканы) қолдану

                                                       Бұл дәуірде өз тілін, әдебиетін білмеген,

қадірлемеген адам толық интеллигент емес деуге болады.

Себебі, ол қандайлық мамандық ой тәрбиесінде

білімі болса да рухани, сыңаржақ азамат болады.

                                          Мұхтар Әуезов

Кез келген халықтың ұлттық қазынасы тіл болып табылады. Әрбір халықтың тілінде оның ұлттық дәстүрінің, сана-сезімінің, ойлау тәсілінің, мінез-құлқы белгілері көрініс табады. Бастауыш мектептегі қазақ тілін оқытудың қай түрін алсақ та, ол оқыту, үйрету үрдісінің бүкіл жүйесін қамтиды. Тіл – қоғамдағы адамдардың бір-бірімен пікір алысып, қарым-қатынас жасайтын құралы. Таза мәнерлі тіл – бұл ойлау жемісі. Баланы қазақ тілінде дұрыс сөйлеуге үйрету арқылы олардың бойындағы тілдік мәдениетті қалыптастырамыз. Олай болса тіл адам баласы қоғамымен бірге туып, өмір сүріп, ұрпақтан-ұрпаққа мирас болып келе жатқан мұра. Қазақ балалар әдебиетінің атасы Ы. Алтынсарин атамыз да балаларды оқу және оқыту, тәрбиелеу ісінде ауыз әдебиеті шығармаларының маңызды орын алатындығын айта келіп: «Өмірге қажетті ауызекі сөйлеу дағдыларына жаттықпайынша, қай-қай тілде болса да, еркін, жүйелі сөйлеу мүмкін емес» — деген болатын. Тілді дамытуда заманауи әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану білім сапасын көтереді. Оқушыларға сапалы да терең білім беру, олардың ойлау дағдылары мен есте сақтау қабілеттерін жетілдіре отырып, қазақ тілінде еркін сөйлеу дәрежесін көтеру. Сонымен қатар, қазақ тіліне үйреткенде балалардың жас ерекшелігін ескеру әдіс-тәсілдерді таңдаумен сай келеді, сабақ өткізгенде бірінші орынға ойын, ойын қалуға көмектесетін әдіс-тәсілдерді ойлап шығаруға тырысқан.   “Мнемотехника түрлері қойылады. Ежелгі уақытта адамдар керек ақпаратты есте сақтап, маңызына қаныққандықтан, ұрпақтан-ұрпаққа жалғастырған. Грек тіліне аударғанда «мнемо»-зерде). Мнемотехника – есте сақтауды жеңілдететін және зерде көлемін үлкейтетін, түрлі әдіс-тәсілдер жүйесі, оқу процесін ойын түрінде өткізуге арналған.

Мнемокесте мынадай бағыттар үшін қолданылады:

  • Сөздің дыбыстық жағын дұрыс айтуға үйрету.
  • Сөйлем, әңгіме құрастыру.
  • Жұмбақтарды жасыру, жауабын табу.
  • Әңгімені құрастыру.
  • Тақпақтарды жаттау.

Мнемокесте арқылы тақпақ жаттау:

  Күлеміз!
  

     Өсеміз!

Ұшамыз!

 

 

 

 

Қонамыз!

Мнемокестені дидактикалық ойындарда да қолданамын.

Баланың ынтасын сабаққа аударуға, көңіл қойғызуға, қабылдауын жеңілдетуге, білімді толық игеруге көмектеседі, сабаққа эмоциялық бояу береді. Сабақтарымда әр тақырыптарға байланысты сызба-схемаларды қолданамын. Сол сызбаларға қарап, балалар әңгіме құрастыруды тез үйренеді.

           Оқушылардың сызба арқылы әңгімелеу сәті

   

        Талғатбек Хангелді                         Елікбай Абдулла

Осыдан шығатын нәтиже:

— Әр бала өздігінен жұмыс істеуге дағдыланады.

— Баланың жеке қабілеті анықталады.

— Балалар бір-бірлерінен қалмауға тырысады.

— Әр бала өз деңгейімен бағаланады. Қорытындылай келе, балаға дұрыс берген білімнің нәтижесінде олардың болашақта сөздік қоры мол, сауатты азамат болуларының негізі біздің сабақтарымызда қолданатынын дұрыс түсінгеніміз жөн. Тіл дамыту бойынша оқылатын әрбір сабақ өзінше ерекше болуы керек және де ол баланың бойына сіңіп, тамырын тереңнен алғаны жөн деп түсінемін.

Байтулеева Нағима Мадиярбекқызы,

№ 177 жалпы білім беретін мектеп,

Бастауыш сынып мұғалімі,

Алматы қаласы, Жетісу ауданы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.