Бастауыш білім үздіксіз білім берудің алғашқы басқышы. Бастауыш мектеп – бұл оқушының тұлғасы мен санасының дамуы қатар жүретін ерекше құнды, қайталанбайтын кезеңі. Білім берудің басты міндеттерінің бірі – оқушы білімін әрі қарай жалғастыруға дайындығын сипаттайтын белгілі бір деңгейде болуын қамтамасыз ету. Қоғамға еніп еніп жатқан жаңалықтар келешек ұрпақтың еркін дамуын, жан-жақты білім алуын, белсенді, шығармашыл болуын талап етіп отыр. Сонымен қатар, білім беруде әр мұғалім көздеген мақсатына қол жеткізу үшін оқыту үдерісін жоспарлап қолданысқа енгізгенде оқушыларды бағалауды басты назарда ұстануы керек. Осыдан оқушының оқу жетістіктерін шынайы бағалау мақсаты туындап отыр. Бағалаудың жаңа түрлерін пайдалану, білім алушының дамуы, оның оқуға деген қызығушылығы және оқуға деген ынтасын арттыруға бағытталып отыр.
Бағалау – одан арғы оқу туралы шешімді қабылдау мақсатымен оқытудың нәтижелерін жүйелі түрде жиынтықтауға бағытталған қызметті белгілеу үшін қолданылған термин.
Бүгінгі күнде қалыптастырушы бағалау және жиынтық бағалау түрлерін қолданысқа енгізе бастадым. Жиынтық бағалау арқылы тест, бақылау жұмысы, жазба жұмыстары тәрізді жұмыс түрлерін жүргізіп, оқушының белгілі уақыт аралығында кандай деңгейге жеткенін анықтадым. Қалыптастырушы бағалау арқылы оқу үдерісін дер кезінде түзетуге мүмкіндік беретін, білім алушы мен мұғалім арасындағы кері байланысты қамтамасыз етіп, үздіксіз жүргізілетін бағалау түрін де тәжірбиеме енгіздім. Аталған мақсаттарды жүзеге асыру мақсатында алғашқы кездері әр баланың кемшілігін тапқаннан гөрі, олардың жетістіктерін атап көрсетіп, мадақтау оқушы бойына сенім ұялатып, оқу белсенділігінің артқанын байқадым. Формативті бағалаудың: «Жұбыңды бағала», «Жазбаша түсініктеме», «Екі жұлдыз,бір тілек», «Өзін-өзі бағалау», «Жетістік баспалдағы», «Бағдаршам», «Тәтті тоқаш», сияқты стратегиялық әдіс-тәсілдерді қолдандым. Бағалаудың бұл түрлері үй тапсырмасын тексеру барысында бір сабақ бойы алған білімдерін қаншалықты меңгергендігін анықтауға ыңғайлы болды. «Өзін-өзі бағалау» белгіленген критерийлер арқылы жүзеге асырылды. Алғашқы кезде оқушылар өздерін дұрыс бағаламады. Сабақ соңында оқушы жұмысын қайта тексеру арқылы баға қоюдағы сәйкес емес тұстарды байқадым. Оқушыларды хабардар етіп бұл қателікті жойып, шынайы бағалауға жетеледім.
Дүниетану пәніне деген оқушылардың қызығушылғы жоғары емес. Берілген мәтіндерді әңгімелеуде оқушылардың 30% ғана жауап береді. Басқа пәндермен қатар, осы пәнді түрлендіріп өткізу арқылы ғана нәтижеге жетуге болатынына анық көз жеткіздім.
Мысалы: Дүниетанудан өткізген бір сабақ үлгісіне тоқталып өтсем.
Үй тапсырмасы «Сәйкестендіру тесті» арқылы сұралды.
«Сәйкестендіру тесті»
Антрациттей жалтырамайды, қызуы төмен. | Тас көмір |
Қарағанды көмірі қай жылдан бастап өндіріле бастады? | 1856 ж. |
Қарағанды көмір кен орындары қандай әдіспен көмір өндіреді? | Шахталық |
Майлы, қоймалжың сұйық зат бұл не? | Мұнай |
Картада газ қандай белгімен белгіленеді? | Ақ мұнара |
Табиғи газды не үшін пайдаланады? | Отын және химиялық шикізат ретінде |
Қазақстанда қаншаға жуық көмір кеңдері бар? | 400 ден астам |
Жанғыш пайдалы қазбалар түрлерін тап. | Тас көмір,мұнай және газ |
Қандай шартты белгі | Мұнай белгісі |
Тас көмірдің ең сапалы түрі | Антрацит |
Дұрыс жауаптардың орны ауысып тұрады. Оқушылар керекті жауапты сәйкестендіріп көрсетеді. Енді оқушыларға өздерін бағалауға дұрыс жауап үлгісі таратылды. Өздерін жауап сандарына қарай бағалайды.
9-10 дұрыс жауап — «5», 7-8 дұрыс жауап — «4», 6-5-4 дұрыс жауап — «3», 3 тен төмен — «2» .
Келесі сабақтың кезеңінде оқушыларға жаңа сабақ түсіндірілді. Тақырыбы: «Кенге жатпайтын пайдалы қазбалар». Оқушылар тұз, фосфорит, асбест, мәрмәр шартты белгілері арқылы төрт топқа бөлінді. Тақырыпты ашып, түсіндіру жұмыстарынан соң өздерін бағалау мақсатында «Геодиктант» алынды. Яғни, оқушыларға кенге жатпайтын пайдалы қазбалардың қасиеті бір сөйлем бойынша жасырылады. Жанына жауабын жазу керек.
«Геодиктант»
1 | Өрт сөндірушілердің киімінде пайдаланады, оңайлықпен үзілмейді бұл не? | |
2 | Дәрі ретінде пайдаланамыз, онсыз ас ішпейміз бұл не? | |
3 | Ескерткіштер жасалады, тынайтқыш алынады бұл не? | |
4 | Қолмен оңай опырасың, үгілгіш, ақ түсті бұл не?. | |
5 | Қоңыр түсті тастан тыңайтқыш алуға болады. Бұл не? |
- (асбест), 2. ( тұз), 3. (мәрмәр), 4. (әктас), 5. (фосфорит).
Оқушыларға бағалау парақшасына тиісті бағаларын қою тапсырылады.
5 — дұрыс жауап- «5», 4-3- дұрыс жауап — «4», 2-1- дұрыс жауап — «3».
Осы тақырыпты қорытындылау мақсатында «Семантикалық карта» арқылы тапсырма орындалды. Яғни, оқушылар пайдалы қазбалардың сәйкес түрін анықтап, (+ ) белгісін қою тапсырылды.
«Семантикалық карта»
№ | Кенге жататын пайдалы қазба | Жанғыш пайдалы қазба | Кенге жатпайтын пайдалы қазба |
темір | + | ||
тұз | + | ||
мырыш | + | ||
көмір | + | ||
алюминий | + | ||
фосфорит | + | ||
мұнай | + | ||
әктас | + |
Оқушыларға дұрыс жауап ұсынылды. Тиісті орынға дұрыс қойылған қосу белгілерін санады. Бағалау парақшасына өздерін бағалады.
8 — дұрыс жауап — «5»
7-6 — дұрыс жауап — «4»
5-4-3-2 дұрыс жауап — «3»
Тек бір сұраққа ғана жауап берген оқушыларды бақылап шығып, өзіме белгілеп аламын деп мақсат қойдым. Әр оқушының алдына сабақ басында таратылған бағалау парақшалары арқылы сабақта барлық оқушы бағаланды.
Бағалау парақшасы. Оқушының аты-жөні
№ | Тапсырмалар | Әр тапсырма бойынша алған бағасы |
1 | Үй тапсырмасы. «Сәйкестендіру тесті» | |
2 | Жаңа сабақ. «Геодиктант» | |
3 | Қорытынды. «Семантикалық карта» | |
Жалпы баға | ||
Мұғалім бағасы |
Егерде күнделікті оқушыларды тақта алдына шығарып, оқушыларды бағалаған сабақтармен, бағалау парақшасы арқылы оқушының өзін бағалау арқылы өткізген сабақтарымды салыстыратын болсам: бағалау парақшасын пайдаланып өткізген, сабақтағы нәтиже жоғарғы көрсеткіш көрсетті.
Осындай бағалау тәсілдері оқыту үрдісінде және жеке тұлғаның дамуына ерекше үлес қосып жатыр. Мен үшін бағалаудың жаңа түрлерін қолдану:
— мұғалім оқу үрдісін тиімді етіп бағыттай алады;
— білім алушылардың даму деңгейін, өсіп жетілу жетістіктерін анықтай алады;
— оқушы бағалау түрлерін түсініп, әр сабаққа тыңғылықты дайындалады;
— әр оқушы бойында көшбасшылық қасиет қалыптасып, үнсіз оқушыларда белсенділік артады. Өз жұмысын оқушы біледі, түсінеді, талдайды, қолданады;
— сыныптағы барлық оқушының білім жетістігі бағаланады.
Г.А. Сейсенбаева
Қарағанды қаласы,
«№23 ЖББОМ» КММ
бастауыш сынып мұғалімі