Қазіргі қоғамның халық білімі алдына қойып отырған негізгі мақсаттарының ішінде белсенді саналы ізденгіш тұлға тәрбиелеу міндеті ерекше тұр.
Бастауыш мектеп жасында оқу іс — әрекеті ерекше рөл атқарады, өйткені дәл осы уақытта ауысу басталады «оқиғалар» арқылы өмірді білу ғылыми зерттеуге бастайды, білім алу тек қана кеңейтілмейді, сондай – ақ жүеленеді және тереңдетіледі. Оқу іс — әрекеті ғана осы жаста оқушыларға әр түрлі ақыл – ой адамгершілік мақсаттарға жету тәсіл, жолдарын меңгеруге мүмкіншілік береді, осы негізде балалардың қоршаған ортамен ара қатынасын қалыптастыру жүйесі қалыптасады.
Оқу процесінде мектептегі бастауыш балалары біртіндеп педагогикалық әсер ету нысанасы болады, мұғалімдер бірден және барлық жағдайларда нәтижеге жете бермейді. Педогогикалық әсер ету нысанасы болады, егер баланың тәртібінде өзгерістер болса. Бұл балалардың алған біліміне байланысты, олардың біліктілігін ұштау, дағдысын, іс — әрекеттің тәсіл, жолдарын меңгеру, және оқушылардың арақатынасының өзгеруі.
Бастауыш оқушыларының даму процесінде бұл керекті «саты », бірақ бұл жерде баланы көп кідіртуге болмайды.
Тұлғаны қалыптастыру мәселесіне филосовтар, психологтар, педагогтар көптеген зерттеулер арнаған. Осы мәселе бойынша бірнеше мәселе шығаруға болады: жеке тұлғаның өмірдегі іс – ірекеті дұрыс болады, егер ол қоршаған ортаға сәйкес өз іс — әрекетін бағыттай алса.
Нақты жүргізілген жұмыстың нәтижесінде тұлғаның іс — әрекетінің сапасын байқауға болады, оның белсенділігін, мақсатқа жетуге деген талпынысын, өзінің мүмкіншілігін түсінуі, олрдың өмір талабына сәйкес келуін бағдарлай алуы. Бұл талаптар өмірден туындайды және өмірде орындалуы, орындалмауы байқалады.
Оқу барысында бастуыш оқушылары оқу тапсырмасын орындауда, өз тәртібін қадағалауда бағытталған әрекет жасауды үйренеді. Олардың іс — әрекеті саналы түрде болады. Әр – түрлі ақыл – ой, адамгершілік мәселелерін шешуде оқушылар жинаған тәжірибелерін қолданады.
Іс — әрекет жасаушы өз мүмкіншілігін түсінуі керек, білігін өмір талабына сай пайдалануы керек.
Бұл ерекшеліктердің дамуына оқу іс — әрекетінің компоненттері негіз болады. Адамның тәртібінің себебі сол жағдайда қажет болады, егер өмір талабы қажет етсе. Себеп іс — әрекеттің мүмкіншілігі мен керектігін анықтайды.
Бұл жерді біз оқу барысының құрылымының екінші жағына келеміз – оқу барысының үш компонентінің бірегейлігіне бастауш оқушыларының қалыптасуы үшін және, осы бірегейліктің керектігін екі аспектіде қарауға болады.
Біріншісі — әр қайсысының екі басқасының негізінде дамуы. Сондықтан, оқушының тәртібінің себебі мазмұн, операция жағынан дамуынсыз дұрыс болмайды, өйткені өз мүмкіншілігін түсіну, қарым – қатынас жасау сәйкес «белгі» болуы мүмкін тек сол жағдайда, егер бала нақты мазмұнын меңгерсе, соның негізінде қажеттілік туындайды, тәсіл жинақталады, қажеттілікті өтеуге жолдар туындайды.
Осы жағдайда, оқушы оқу процессінің белсенді қатысушысы болады, яғни оқу іс — әрекетінің нысанасы, сонда ғана ол нақты мазмұн ды меңгереді, яғни не істеу керек, не үшін керек екенін түсінеді. Қалай істеуді таңдау, оның білімімен, оның операциялық құрылымын меңгеру және осы іс — әрекеттің себебін білу деңгейіне қарай анықталады.
Екінші аспект,осы компоненттердің бірегеилігінің мәнін ашатын: осы күні бастауышта оқу процесі көбінесе білім алуға, оқу жұмысының тәсіл, жолдарын меңгеруге бағытталған, яғни тірек мағыналы және кейде операциялық компоненттерге жасалады.
Бұл жағдайда осы процесс барысында ақыл – ой, адамгершілік дамуы жүріп жатады дейді. Бір жағынан бұл дұрыс та, бірақ бағытталған мағыналы элементтердің қалыптасуына, кей уақытта «төтеден» дамыған операциялық, себептік процесіне кедергі болады, ол оқушының өз мүмкіншілігін толық пайдалануға, ақыл – ой және адамгершілік дамуына мүмкіншілік бермейді.
Мектепте оқуды бастау – баланың тәрбиесі мен дамуындағы жаңа және маңызды саты. Оқушы болған соң, ол бірінші рет жүйелі, қоғамдық – пайдалы іске араласады.
Көп маңызды рухани байлықтарды бала бастауыш сыныпта бойына сіңіреді. Дәл осы уақытта ол жүйелі білімнің негізін алады, адамгершілік келбеті қалыптасады, мінезі дамиды, еркі қалыптасады. Баланың оқудағы бірінші қадамы тәрбиелік мәні маңызды. Мұғалім оған тек қана білім беріп қоймайды, оның қиыншылығы мол міндетті оқуға әкеледі, қиын, бірақ қызықты еңбекке баулиды.
Қазіргі уақытта бастауыштағы білім, оқушының танымдық жағынан дамытады, білім алуда белсенділік дағдыларын дамытады алған білімін жүйелеуге дағдыландырады, өйткені ол өмірде қажет. Ой — өрісінің дамуы, оқу материалдарды меңгеруді әртүрлі жолдармен жұмыс жасау балалардың адамгершілік білім меңгеруіне тікелей әсер етеді, оқу процессін ұйымдастыру, оның әдістері адамгершілік тәжірибе жинауға атсалысады.
Адамгершілік тәрбиесінде алдымен баланы тек жақсылыққа, қайырымдылыққа, мейірімділікке, ізгілікке тәрбиелеп, соны мақсат тұтса, ұстаздың, ата-ананың да болашағы зор болмақ. Жасөспірімдерді адамгершілік тәрбиесі арқылы толыққанды жетілген азамат ретінде тәрбиелеу – қоғамымыздың басты мақсаты.
Пайдаланған әдебиеттер:
- Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика. Астана,1998.
- Аренова А.Х. Активизация познавательной деятельности младших школьников: дис. канд. пед.наук // — Актау: Актаус. филиал Атыраус. ун-та, — 140с.
- Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін ұйымдарында ғылым негіздерін оқытудың ерекшеліктері туралы. Әдістемелік нұсқау хат. – Астана: Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық ғылым академиясы, 2015.
- Сухомлинский В.А. Сердце отдаю детям.-Киев: Рад. шк., 1974.
Алпысбаева Карлыгаш Ерикбаевна
бастауыш сынып мұғалімі
Қарағанды облысы
Қарқаралы ауданы,
«ЖББ №33 орта мектебі» КММ