Home » Мақалалар » Бастауыш сынып оқушыларының  оқу жетістіктерін критериалды бағалау —  білім сапасының кепілі

Бастауыш сынып оқушыларының  оқу жетістіктерін критериалды бағалау —  білім сапасының кепілі

 

       «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Алматы облысы бойынша ПҚБАИ – ның жоспарына сәйкес 2017 жылдың 21 маусымда Жамбыл ауданы, Ұзынағаш ауылы, С. Бердіқұлов атындағы орта мектеп базасында  бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Бастауыш сынып оқушыларының  оқу жетістіктерін критериалды бағалау —  білім
сапасының кепілі»
тақырыбындағы «Басқару және білім сапасы» кафедрасының жоспарына сәкес аға оқытушысы А.А. Шолпанкулованың ұйымдастырумен аймақтық семинар өткізілді.
Аймақтық семинардың өткізуінің басты мақсаты: бастауыш сынып оқушыларының оқу жетістіктерін критериалды бағалау бойынша мұғалімдердің білімін арттыру.Аймақтық семинар жұмысын «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Алматы облысы бойынша ПҚБАИ директорының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары, саяси ғылымдарының докторы, доцент Ауелгазина Тоқын Құдайбергенқызы алғы сөзбен ашты.

Семинарға «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Алматы облысы бойынша Басқару және білім сапасы кафедрасының меңгерушісі философия докторы Туралбаева Алмаш Турғанбайқызы, аға оқытушылары Фазлыева Гульжаухар Какишевна, Самарканова Аяулым Асқатқызы,  бастауыш сыныптан 74 мұғалімдер қатысып іс-тәжірибе алмасты.
  Семинар жұмысына қатысушылар білім беру мәселелері бойынша спиральді білім беру бағдарламасы жеңіл идеялардан анағұрлым күрделі идеяларға қисынды жолмен ауысуға, оқу мақсаттарына қол жеткізу мақсатында критериалды бағалау жүйесін қолдана білуге, оқушы тұлғасының үйлесімді  қолайлы білім беру ортасын құра отырып сын тұрғысынан ойлауға, білімді шығармашылық тұрғыда қолдана білуге,  өскелең ұрпақты оқыту және тәрбиелеуде, құнды пікірлерін, ойларын, идеяларын, озат педагогикалық іс-тәжірибелерін таратуда, педагогикалық әдістерді насихаттау барысында баяндама жасалды. Аймақтық семинар жұмысын «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Алматы облысы бойынша ПҚБАИ директорының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары, саяси ғылымдарының докторы, доцент Ауелгазина Тоқын Құдайбергенқызы қорытындылап, семинар жұмысында өзінің іс- тәжірибесімен бөлісіп белседілік көрсеткен  бастауыш сынып мұғалімдерін  құрмет грамотасымен қатысушы сертификаттармен марапаттады. Семинарда мұғалімдер шығармашылықтарын шыңдап, өзара ой бөлісті. Жоспарға сәйкес болған семинар жоғары шығармашылық деңгейде өтті.

 

Шолпанкулова Ания Абыйровна
«Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы АОБПҚБАИ
Басқару және білім сапасы кафедрасының
аға оқытушысы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.