Аңдатпа. Бұл мақалада педагогтың кәсіби тұлғалық құзіреттілігін дамытудағы міндеттер, біліктілікті арттырудың негізгі аспектілері, бастауыш сынып мұғалімінің кәсіби дамуындағы бағыттар, жүргізілетін жұмыстар көрсетілген.
Аннотация. Данная статья раскрывает круг понятий, связанных с профессиональным развитием педагога, предоставляет информацию о направлениях содействия профессиональному росту учителя начальных классов в системе повышения квалификации.
Annonation.This article reveals the range of concepts related to the professional development of teachers and provides information on ways to promote professional development of primary school teachers in the training system.
Қазіргі таңда білім беру жүйесінің мақсатының бірі – әлемдік білім беру кеңістігіне ықпалдастырылған және қоғам қажеттіліктеріне сай көп деңгейлі үздіксіз білім берудің ұлттық үлгісін қалыптастыру.Білім беру жүйесіндегі жаңашылдық үдерістердің жүзеге асуы-бұл білім беру жүйесінің дамуы, оны жаңарту мен тиімділігін арттырудың басты шарттары. Бүгінгі оқушы –дамушы жеке тұлға. Сондықтан білім беру ұйымдарында жүргізілетін оқу-тәрбие жұмыстарын жаңаша мазмұнға лайықтау, білім беру мақсатын –күтілетін нәтиже түрінде нақтылау, технологияландыру, ақпараттандыру, таңдаған бағдарына сай ғылыми-әдістемелік кешен мазмұнын жасау және жетілдіру, ұжымның жаңашылдық бағыттылығын қалыптастыру т.б. кезек күттірмейтін мәселе. Бұл мәселелерді табысты іске асырудың маңызды факторы – педагогикалық іс-әрекет.
Педагог қауымның білімін жетілдіруде біліктілік арттыру институттарының жүргізіп отырған жоспарлы жұмыстары өз нәтижелерін беріп келеді, дегенмен жоспарлы курстармен қатар курсаралық кезеңде бастауыш сынып мұғалімінің кәсіптік қызметі табысты жүзеге асыру үшін технологиялық, ақпараттық мәдениетті қалыптастыру арқылы ізденісі, өзін-өзі жетілдіруі, кәсіби біліктілігін арттыруы басты шарт.
Бүгінгі күн мұғалімнің біліктілігін арттыруды жалпықоғамдық мәселе ретінде қарастыру қажеттігі туған кезең. Себебі білімді тереңдету, молайту, жетілдіру, арттыру жеке басы үшін ғана емес, қазіргі қоғамға қажет әрекет деп қабылдауымыз керек. Бұл мұғалімнің өз қызметінде табысқа жетуін ғана көздемейді, оның аясын одан әлдеқайда кеңірек қарастырған жөн.
Еліміздің бүгіні мен ертеңі өскелең ұрпақ еншісінде. Ал осы ұрпақты бүгінгі таңда жан–жақты, терең білімді, интеллектуалдық деңгейі жоғары өз бетімен ізденуге қабілетті етіп қалыптастырудың бірден-бір жолы – оқушыны шығармашылыққа жетелеп, өздігінен білім алу. Бұл мұғалімнен терең біліктілікті қажет етеді. Себебі шығармашыл ұстаз ғана шығармашыл тұлғаны қалыптастыра алады. Бүгінгі қазақстандық мектептерге қоғамның қарқынды дамуына ілесе алатын, заман талабына сай ойлайтын, ғылыми-әдістемелік білімі жеткілікті, педагогика мен психологияны терең меңгерген ізденімпаз мұғалім қажет. Бұл мұғалімнің кәсіби шеберлігінен көрінеді. Басқаша айтқанда, білім беру үдерісі мұғалімнің дайындық деңгейі мен мамандық сапасына үлкен талап қояды. . Ол мұғалімнің өзін-өзі дамуына, өзіндік білім алуына және өздігінен шығармашылық түрде қызметтерін іске асыруға мүмкіндік береді. Мұғалімнің кәсіби біліктілігі оның іс-әрекетінің тиімді болуының теориялық және жалпы әдіснамалық негізі болып табылады. Мұғалімнің кәсіби білігі оның практикалық қызметінде іске асырылады, сондықтан ол, оның жалпы педагогикалық, әдістемелік біліктілігімен, дағдысымен тығыз байланысты. Біліктілікті арттыру курстары арқылы мұғалімдерді оқытуда оқытушы жетекшілік, бағыт берушілік, ұйымдастырушылық, түзетушілік әрекеттерді атқаруы керек. Оқытушының осындай әрекетіне білім алушы мұғалімнің өзі де бойындағы бар білімін көрсете байланыс жасағанда ғана сапалы нәтижеге жетуге болады. Мұғалімдердің өз білімдерін жүйелі көтеріп отырулары – олардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне ықпал ететін негізгі фактор.
Орта білім беру саласындағы өзгерістермен бірге мұғалімдердің біліктілігін арттырудағы бағдарламалары да жаңарды. Жаңартылған білім беру мазмұнын ендіру бойынша курстарда оқыту «Назарбаев зияткерлік мектебі» ДББҰ-ы Педагогикалық шеберлік орталығы мен «Өрлеу» БАҰО» АҚ ұйымдастыруымен арнайы жасалған біліктілікті арттыру бағдарламаларымен жүзеге асырылып отыр. Мұғалімдер білім сапасын көтеру мақсатында түрлі жаңалықтарды мектеп өміріне енгізіп жүр. Жаңа заманның білімді ұрпақтарын тәрбиелеп оқытуда түрлі қиындықтар кездеседі. Соның жолдарын іздеуде көптеген іс- тәжірибелер жасалуда.Тәуелсіз ел тірегі- білімді ұрпақ десек – жаңа заманның басты мәселесі- білім беру, ғылымды дамыту. Қазіргі өмірдің өзінен туындап отырған талаптарды орындау, жаңашылдыққа жаршы болу үзіліссіз тәрбие негізінің бастау бұлағы – бастауыш білім беру сатысынан басталады.
Жаңартылған бағдарламаның басты ерекшелігі: білімді, шығармашыл, бәсекелік қабілеті тұлға тәрбиелеу; білім беру процесін тұлғаға бағдарлау; бала өміріндегі білімнің жеке тұлғалық мәні; өзіндік дербес оқу қызметі, өмірлік тәжірибесі; педагогикалық қолдау мен қамқарлық көрсету және мұғалім мен оқушының ынтымақтастығы; оқушының жалпы жеке тұлғалық өсуі, дамуы және өзін-өзі дамытуы қамтылған. Жаңартылған бағдарламаның қолданыстағы бағдарламадан ерешеліктері баланың жан-жақты дамуына, өз пікірі мен ойын ашық жеткізуіне, әр адамға табиғатынан берілген, шығармашылық әлеуетін толық іске асыруына ықпал етеді.
Біз білімді оқушыға тыңдау, түсіну, ойлау, пайымдау, тұжырымдау, пікірлесу сияқты тілдік коммуникативтік біліктіліктерді оқушының өмірлік қажеттілігіне айналдыру үшін маңызы зор екеніне көз жеткіземіз.
Осы курстан алған ақпараттарды пайдалана отырып, АОПҚБАИ-ның жоспарына сәйкес бастауыш сынып мұғалімдеріне курс өткізу барысында кафедра оқытушылары төмендегі мақсаттарды басшылыққа алдық:
- Бастауыш білім беру сатысында пәндерді оқыту барысында қолдандатын тиімді жаңаша әдіс-тәсілдерді менгерту.
- Мұғалімдердің іскерлігін, ізденісін туғызып, шығармашылықпен жұмыс істеуіне жол ашу.
- Критериалды бағалау жүйесін еңгізу тұрғысынан мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін жетілдіру
- Жаңа әдіс тәсілдерді пайдалана отырып оқушылардың білім сапасын арттыру.
- Оқушының білім алу үдерісіне белсене қатысуын қалыптастыру.
Білім беру үдерісін ұйымдастырудың басты ерекшелігі білім беру мен тәрбиенің бірлігі болып табылады. Курстың 1-4-күндері жаңартылған білім беру бағдарламасына және оның құрылымына қысқаша шолу, оны тиімді іске асыру үшін қажетті педагогикалық тәсілдер және критериалды бағалау жүйесі тренигарқылы мұғалімінің іс әрекеті ұйымдастырылды. 5-15-күндері білім беру бағдарламасының пәндік аспектілері (белсенді және тәжірибелік), ықшам сабақтар, өзіндік рефлексия және метатанымдық тапсырмаларды тиімді әдістерді пайдалана отырып мұғалімдер өздерінің іс-тәжірибесімен бөліседі. Курсты өткізу барысында мұғалімдер электронды және баспадан шығарылған барлық әдістемелік құралдармен қамтамасыз етіліп, интерактивті әдістер, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар кеңінен қолдануда. Оқу бағдарламасы мен сабақ жоспарларын егжей-тегжейлі талдауға, ортақ ой шығаруға іс-тәжірибе алмасуға, әр сабақтың соңында тренер мұғалімдерге жаңартылған білім беру бағдарламасын түсіну жәйлы өзін-өзі бағамдау нысанын тотырылып, кері байланыс жүргізеді. Мұғалімнің өзін-өзі бағамдау нысаны тренер мүғалімдерге бүгінгі сабақта не ұнады? Үйренгенің ішінен өзінің тəжірибеңізде нені қолданады, сабақта түсінбеген мəселелер болды ма? Оны қалай пысықтағысы келеді? үйренгендердің ішінен не айтарлықтай құнды деген сұрақтарға жауап бере отырып мұғалімдерге қосымша әдістемелік көмек көрсетуге мүмкіндік береді. Әр тренер мұғалімдердің теория мен тәжірибені ұштастыруға, мұғалімінің өз әрекеттерін жоспарлай және ұйымдастыра білуге, мұғалім оқу материалдарын оқушыға дайын күйінде бермей, оқушымен бірлесіп, сабақ үрдісін ұйымдастырушы, бағыттаушы ретінде болуы, ал оқушы үшін білімді өздігінен жан-жақты ізденуі, мәселені анықтай алуы, өзіндік тұжырым жасай алуы, өзінің іс-әрекетіне баға беруге дағдылануы, сыни ақпараттарды өз бетімен тауып, талдап, дәлелдей алуына, белгілі бір деңгейде пікірталасты жүргізе білу қабілеттерін дамытуға аса назар аударылады. Сонымен қатар, кафедра оқытушылары мұғалімдердің кәсіби шеберлігін дамыту мақсатында төменгідей жұмыстар атқаруда:
1) бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби проблемаларын анықтау мақсатында зерттеулер жүргізу;
2) тәжірибе алмасу және «Назарбаев Зияткерлік мектептер» үздік практикаларын енгізу мақсатында педагог кадрлардың біліктілігін арттыру жүйесінің басқа ұйымдармен ынтымақтастығын дамыту;
3) мұғалімнің үздіксіз кәсіби дамуы үшін жағдай жасау;
4) оқыту материалдарының теориялық және практикалық мазмұнының және педагогтарды оқыту нәтижелерінің мониторингі негізінде педагогтардың біліктілігін арттыруға арналған білім беру бағдарламалары мен оқу материалдарын әзірлеу және сараптамасын жүргізуге, өзінің педагогикалық тәжірибесін кеңінен таратуға жаңашыл педагогтарды тарту.
Қорыта айтқанда, жаңартылған бағдарлама негізінде оқыған бастауыш сынып мұғалімдері курс барысында алған жаңаша біліммен өз іс тәжірибесін байытып, еңбегін жеңілдетіп, белгілі бір нәтижеге жетеді.
Әдебиеттер тізімі:
[1] Жайтапова А.А. Моделирование и мониторинг профессионального роста учителей в системе повышения квалификации: учебное пособие — Алматы: РИПКСО, 2006 — C.4. [2] Жаңа мазмұнды білім беру ісін жүзеге асырудағы біліктілікті арттыру жүйеснің рөлі Б.А. Əлмұхамбетов // Білім беру мекемесі басшыларының анықтамалығы //Справочник образовательного учреждения. — 2007-№1. — С. 23-28 [3] Жайтапова А.А. Моделирование и мониторинг профессионального роста учителей в системе повышения квалификации: учебное пособие — Алматы: РИПКСО, 2006.-C.36
Фазлыева Кулжаухар Какишевна,
Байузакова Айгүл Кусайновна,
«Өрлеу»БАҰО АҚ АОБПҚБАИ
«Басқару және білім сапасы»
кафедрасының аға оқытушылары
aigul.baiuzakova@mail.ru