Home » Мақалалар » Бастауыш сыныпта оқытудың жаңа әдістерін қолданудың ерекшеліктері

Бастауыш сыныпта оқытудың жаңа әдістерін қолданудың ерекшеліктері

«Біздің ең басты мақсатымыз 2050 жылға қарай
әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына кіру.
Бізде ол үшін мүмкіншілік те, ресурс та,
 білімді адамдар да, берекелі ұлт та бар»
Н. Назарбаев

        Мемлекеттегі басты тұлға – мұғалім десек, білім саясаты ең алдымен осы мұғалімдер арқылы жүзеге асырылады. Ал біздің алдымыздағы басты мақсат – рухани жан дүниесі бай, жан-жақты жарасымды дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру.

Л.С. Выготский: «Тәрбиелеу – оқушыны тәрбиелеу емес, оқушы өзін-өзі тәрбиелеуі керек» — деген еді. Сондықтан әрбір оқушының жеке іс-әрекеті болуы керек. Сабақты жаңашыл үрдіспен өткізу – оқушылардың білім сапасын арттырып, олардың шығармашылық және ойлау қабілеттерін дамытып отырады, ал ұстаздар үшін кәсіби шеберліктерінің өсуіне жәрдемдеседі.

Мектептің тірегі де, жүрегі де, білімнің тұтқасы да — мұғалім. Бала тағдыры қолына сеніп тапсырылып отырған басты тұлға да ұстаз екені барлығына белгілі.

Тәуелсіз елдің тірегі – білімді ұрпақ, өркениет біткеннің өзегі – білім, ғылым, тәрбие дейтін болсақ, осының барлығының бастауы – бастауыш мектепте. Ал бастауыш буынның негізгі міндеті – баланың жеке басын бастапқы қалыптастыруды қамтамасыз ету, оның шығармашылық және ойлау қабілеттерін дамыту, өздіктерінен ойлана алатын, ізденгіш саналы ұрпақ тәрбиелеу.

      Мақсатым – өзімнің күнделікті оқыту тәжірибемде сабақтарды жоспарлау және оны өткізу барысында жаңа технологиялық әдістермен бағдарламада қарастырылған жеті модульді пайдалануға тырысудамын. Заман талабы әрбір оқушыға саналы да терең білімнің берілуін көздейді. Сондықтан да мектептегі оқу үдерісінің негізгі мақсаты – әр түрлі педагогикалық әдіс-тәсілдер арқылы жүйелі түрде жұмыс жүргізіп, оқушылардың шығармашылық ойларын дамытып, ғылыми көзқарасы мен белсенділігін қалыптастыру болып саналады.

Топтық жұмыс белгілі бір тәртіп талабымен құрылады. Мұғалімнің топтық жұмыс барысындағы қызметі барлық оқушылардың іс-әрекетінің бірлікте болуын басқару, яғни барлық оқушылар бірдей тапсырманы орындайды, жұмыс бәріне ортақ, мәселені барлық сынып болып талқылайды.

Бұл үшін мұғалім топқа бөлудің қызықты тәсілдерін қолдану керек. Оқушыларды топқа бөлудің қызықты, әрі танымды тәсілін олардың алдағы жұмысқа деген ықыласын арттырады. Топпен жұмыс істегенде уақытша болса да бастарын біріктіреді, араларында бір-біріне деген жылы сезімдер орнайды.

Кез-келген жұмысты бастамас бұрын жағымды көңіл күй мен атмосфера қалыптастыру керек. Бірлескен жұмыс оқытылатын пәннің мазмұнын берумен ғана шектеліп қана қомайды. Табысты оқу мен оқытудың мәні оқыту үдерісінде жеке тұлғалар өздерін еркін және қауіпсіз сезінуіне жағдай жасаудан тұрады.

Мен өз сыныбымда ынтымақтастық атмосфераны қалыптастыру үшін сабақ басталмас бұрын «Мен саған… сыйлағым келеді» және оқушылар шеңберге тұрып, бiр-бiрiне жақсы тiлектер айтады, бейнекөрсетiлiмдегi жаттығуларды қайталап сыныпта ынтымақтастық атмосфераны қалыптастырдым.

       Ойындар оқушылардың сабаққа белсенділігін, қызығушылығын арттырады, шығармашылық қабілетін ұштайды.

«Сөз ойла, тез ойла», «Сен жалғастыр»

Ойынның шарты: сөзді дұрыс оқып айтқан балаға жұлдызшалар беріледі.. Кім көп жұлдыз жинайды, сол жеңеді. Басталған буынға буын қосып, сөз құрауға, зейінділікке баулу.

«Сақина салу»

Қазақ тілі сабағында бір буынды, екі буынды сөздерді айту, буындарға бөлу тақырыбын ашу үшін қолданылады. Мұғалім бір оқушының алдына сақина қояды да «кі» — деп дауыстайды. Сақинаны алған оқушы «тап» — деп дауыстайды. Сонымен кітап сөзі шығады.

Бастауыш сыныптарда «Телефон арқылы сөйлесу», «Дәрігердің қабылдауында», «Танысу», «Кітапханада», «Қонақта», «Дүкенде», «Базарда» деген рөлдік ойындарды жаңа сабақты қорыту, үй тапсырмасын және сөздікті тексеру үшін қолдануға болады. Оқушылардың қызығып ойнайтын ойыны «Адасқан айлар». Төрт қорап дайындайсыз. Әр қорап сыртында жыл мезгіліне сай сурет болады, ай аттарын ауыстырып саласыз, оқушы әр айды жыл мезгіліне сай тауып салады. Бұл ойынды уақытпен ойнатуға болады. Ойын оқушының тез оқу, қимылдау дағдысын қалыптастырады. Мұғалім оқушының ай аттарын, жыл мезгілін есінде қалай сақтағанын бағалайды.

Математика сабағында қолданылатын ойын түрлері оқушылардың математикалық ұғымдарын кеңейтіп, ойлау қабілеттерін арттырып, есептеу дағдыларын шыңдай туседі. Әр баланың тапқырлығын арттырып қызығушылығын туғызады, сергітеді, оқуға ынтасын арттырады. Сабақ барысында ойын есептері оқушыларда проблемалық жағдай туғызады, яғни оқушы ойлау арқылы есеп жауабын табады. Ойындарды сабақ барысында жыл мезгілдеріне қарай түрлендіріп отыру оқушыны зейін қойып тыңдауға, мақсатқа жетуге, ынталандырады. Оқушыларды топтар арасында бiрiн-бiрi бағалауға, топты бағалауға, өз бағаларына деген сенiмдiлiкке бағыттай отырып қолданылған бағалау түрiнiң оқу үдерiсiнде алға жылжытатындығын байқадым. Мұнда үйренушi өзiнiң қандай дәрежеде дамығандығын айқындайды. Баланың тапсырмаға деген танымдылық, қызығушылық қабiлетiн дамытады, әрбiр сабақ кезеңдерiнде оқушының сабақты қабылдау деңгейiн бақылауда олардың iс-әрекетiне қарай дұрыс шешiмдi қолдана бiлуге бағытталу қажеттiгiн ескере отырып, жұмыс жасауды жоспарладым.

Сабақ соңында (кері байланысты ұйымдастыруда) бірлескен жұмыстың нәтижелігі туралы оқушыларға келесі сұрақтарға ауызша немесе жазбаша жауап беруді тапсырған орынды.

Ушибаева Гүлмира Исмайлқызы,
Науайы атындағы жалпы орта мектептің
бастауыш сынып мұғалімі,
ОҚО, Созақ ауданы, Созақ ауылы

 

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.