Home » Бастауыш » Бастауыш сыныпта оқытудың жаңа технологияларын қолданудың тиімділігі

Бастауыш сыныпта оқытудың жаңа технологияларын қолданудың тиімділігі

Болашақта өркениетті дамыған елдер қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Сондықтан қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдына оқу үрдісін технологияландыру мәселесін қойып отыр. Мектеп өміріне еніп отырған жаңа технологиялардың ерекшелігі өсіп келе жатқан жеке тұлғаны жан –жақты дамыту. Бастауыш мектеп- оқушы тұлғасы мен санасының дамуы қуатты жүретін, ерекше құнды, қайталанбас кезең.Сондықтан бастауыш білім үздіксіз білім берудің алғашқы баспалдағы, қиын да жауапты іс. Оқытудың әртүрлі технологиялары сарапталып, жаңашыл педагогтардың іс- тәжірибесі зерттеліп, мектеп өміріне енуде. Қазіргі заманның талабына сай болу және жаңа формация мектебінде жұмыс істеп жүрген педагогтардың алдында тұрған  проблемаларды шешу негізгі мақсат болып табылады, олар: баланы оқи білуге үйрету;  баланы ойлауға үйрету; баланың өзін-өзі тұлға ретінде дамуына жағдай жасау.

Осыған орай мектеп білімі түбегейлі жаңартылып, мұғалімнің қызметінің мақсаттары кеңейіп, үлкен өзгерістер үстінде.

«Сын тұрғысынан ойлауды дамыту» технологиясы:

  • Кез — келген ұстазға сапалы сабақ беруге мүмкіндік беретіндігімен.
  • Оқыту мен ұйымдастырудың тиімді әдістерінің /стратегияларының/ көптігімен.
  • Оқу мотивацияларын өзгертуге пайдалы екендігімен.

Осы жобамен жұмыс жасау барысында мұғалім оқушының өзін ізденуге жетелейді, ойлануға үйретеді. Педагогикалық технология оқушылардың жеке басын дамыту мен білім беру мақсатына жету жолындағы педагогикалық қызметтің, іс- әрекеттің жүйелі дамып отыратын жобасы ретінде оқушы белсенділігін арттыруды көздейді. Ал, оқушы белсенділігінің артуы оны шығармашылыққа жетелейді.

Шығармашылық дегеніміз – адамның өмір шындығында өзін-өзі тануға, жаңалық ашуға, жаңа тәсілдер табуға ұмтылуы, ізденуі. Шығармашылық қабілет әр баланың табиғатында болуы мүмкін. Біздің міндетіміз – оқушыға оның бойында жасырынып жатқан мүмкіндіктерін ашып көрсету. Өз тәжірибемде бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін, сабақта және сабақтан тыс уақытта дамытуда сын тұрғысынан ойлау  жобасының көптеген әдіс- тәсілдерін қолданамын:

  • Тақырыпты мазмұнына қарай жинақтау, арнаулы бір тақырыпқа пікірталас тудыру /ой қозғау, «инсерт» кестесі/
  • Берілген тапсырманы түрлендіру бағыттағы жұмыс / эссе, шығарма, сауаттылықты ашатын хаттар, фишбоун, шахмат тақтасы, торлы диаграмма т.б стратегиялар/
  • әңгіменің ұқсастығын салыстыру, бөліктерге бөлу, ат қойғызу,

мәтіндегі ұқсастық пен айырмашылықты табуға /Венн диаграммасы, аялдамамен оқу стратегиясы/

  • Қиялдау арқылы сурет салғызу /сурет салу стратегиясы/
  • Кейіпкерге мінездеме беру өз ойын жазғызу /авторға, кейіпкерге хат жазу стратегиясы
  • Шығармада екі кейіпкердің қарама – қарсы элементтерін сипаттау /қарама-қайшы элементтер стратегиясы/
  • Өлең шумақтарын құрастыру / 5 жолды өлең/

Оқушы бұрын тек тындаушы болса, енді ізденуші, ойланушы, өз ойын дәлелдеуші болады, ал мұғалім осы әрекетке бағыттауда, оқуды ұйымдастыруда жетекші рөл атқарады. Тақырыпты мұғалім түсіндіріп оқып бермейді. Тақырып бойынша оқушылар өздері жұмыс істейді және топпен жұмыс жасап белсенділік көрсетуге жағдай жасалады. Оқушының білімін қалыптастыру деңгейінде, оны зерттеу, талдау, жауап табу үшін жеткілікті материал болу керек, «Ассоциация» , «Топтау», «Түртіп алу», «Болжау», «Әлемді шарлау», «Броундық қозғалыс», «Стикердегі диалог»  әдістерін пайдалануға болады. «Өзара оқыту әдісі», «Кең ауқымды лекция» әдісі, «Инсерт» әдісі, «Білемін, білгім келеді, үйренемін», т.б. әдіс-тәсілдерді қолдану оқушының өздігінен білім алу, шығармашылық іс-әрекеттерінің оянуы, бір сөзбен айтқанда, өзіндік еңбек ету кезеңіне айналдырады. «Үштік» әдіс- Сынып бойынша тапсырманы оқиды. Оқушылар бірнеше жұптан бөлінеді:бірінші оқушы оқиды немесе айтады, екінші оқушы тындайды, үшінші оқушы түртіп алады, кейін өз пікірін айтады. SWOT – талдау Бұл әдісті қолдану барысында мәселенің жағымды, жағымсыз жақтарына сараптама беріледі, мүмкіндіктері бағаланып, қауіп-қатерлері туралы нақты дәлелдер келтіріледі. «Бір минуттық әңгіме» тәсілі.

Оқушылар қарама-қарсы сызық бойымен қатарға тұрып, жұптық әңгіме жүргізеді. Үйге берген тапсырма туралы әңгімелесулеріне болады немесе жаңа сабақты бекіту мақсатында өз ойларымен бөліседі.

«Бес жолды өлең», «Вен диаграммасы», «Кейіпкерге хат», «Кубизм», «Т кестесі», «ПОПС формуласы», «Шахмат», «Фишбоун» т.б. әдіс-тәсілдер әр сабақтың ерекшелігіне ауыр-жеңілдігіне қарай лайықты қолданылады. Бұл әдістің тиімділігі сабақтан тысқары қалатын оқушы болмайды.

Бұл бағдарламаның мақсаты – барлық жастағы, соның ішінде бастауыш сынып оқушыларының кез келген мазмұн түсінікке сыни тұрғыдан қарап, ең керекті пікір, ұйғарым таңдауға, шешім қабылдауға үйрету. Оқушылардың білім деңгейін көтеруге, шығармашылыққа баулуға, ойларын еркін айтуға жетелеу.

Сын тұрғысынан ойлау сынау емес, шыңдалған, бірін – бірі толықтырған ойлау. Ең бастысы жекелей, топта, сыныпта оқушылардың білім деңгейін көтеруге ретімен сұрыптап қолданған стратегиялардың қай – қайсысы болсын сабақтың сапасын арттыруда үлесі зор.

Әр оқушыда өзін – өзі дамыта, жетілдіре бақылай алатын дағды қалыптастыру, соған сәйкес өз бетінше білім алуға үйрету, дамудың ең биік шыңына жету болып табылады. Яғни, ең алдымен, шығармашылық ойлау нәтижесінде жаңалық ашылады, тұлғаның дамуы жеделдейді. Оқушы ойын осылайша шыңдауға мүмкіндік туады.

Сын тұрғысынан ойлау технологияларын пайдалану нәтижесінде қазіргі оқушының:

– Сабаққа қызығушылығы артады;

– Нақты өз деңгейінде бағаланады;

– Жеке қабілеті айқындалады;

– Өз бетімен жұмыс істеуге үйренеді;

– Даму мониторингі айқын көрінеді;

Сын тұрғысынан ойлау сабақтарының алғы шарттары:

– Сабақты белсенді өткізіп, әр баладан еркін жауап алуға жағдай жасау;

– Сенімділікке тәрбиелеу үшін баланың жауабын санмен бағалау;

– Қиялын дамыту үшін «Менің ойымша» деген жауапқа дағдыландыру;

– Әр түрлі жауапқа бірдей қарау, жақсысын мадақтап, жаманын сынамау;

– Тіл байлығын дамыту үшін қалайда жауабын соңына дейін тыңдау;

– Жауап беруге тілек білдірмеген баланың өз еркінсіз, қинап сұрамау;

– Жеке тұлға ретінде «Мен» деген рөлін көтеру, өз пікірін қалыптастыру.

Өз іс-тәжірибемде жаңа технология арқылы оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастырып, шығармашылыққа баулуға көп көңіл бөлемін. Қазіргі ұстаздар қауымының алдында тұрған үлкен мақсат-өмірдің барлық саласында белсенді, шығармашылық іс-әрекетке қабілетті, еркін және жан-жақты жетілген тұлға тәрбиелеу. Өмірдегі сан алуан қиындықтарды шеше білу тек шығармашыл адамның қолынан келеді.

Оқушылардың шығармашылығын, танымдық белсенділігін арттыруда шығармашылық сабақтарды өткізудің, оқушының өз бетімен ізденіп, шығармашылық ой-өрісін арттыруда алатын маңызы ерекше.

Қандай технологияны пайдаланған кезде де оқушының белсенділігі, мақсатқа ұмтылуы, ақпаратты өзі іздеп табуы, шапшағаңдығы мен еркіндігі, шығармашылдығы, көңіл-күйінің көтеріңкі болуы қамтамасыз етіледі.

Қорыта келгенде,  қазіргі кезде мектептерде жиі қолданылып отырған жаңа технологиялар  ойлауды дамыту,  қабілетті қалыптастыруға бағытталған әдіс-тәсілдер.   Оқушыларымның сабаққа деген қызығушылықтары артып, сыныптың білім сапасы көтерілді. Егер де жаңа технология элементтерің сабақта өз дәрежесінде ұйымдастыра білсек, өз нәтижесін береді деп ойлаймын.

 

 

Ибрагимова Шохноза Жумадуллаевна,

Түркістан облысы, Кентау қаласы,
«Шорнақ» жалпы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.