Home » Ашық сабақтар » Бастауыш сыныпта математика пәні бойынша оқушылардың білім сапасын арттыруда қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалардың маңыздылығы

Бастауыш сыныпта математика пәні бойынша оқушылардың білім сапасын арттыруда қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалардың маңыздылығы

Мазмұны

  • І. Кіріспе

      Жаңартылған бағдарлама — оқушылардың шынайы өмір жағдаятында функционалдық сауаттылығын қалыптастыруға бағытталған

  • ІІ. Негізгі бөлім

Бастауыш сыныпта математика пәні бойынша оқушылардың білім сапасын арттыруда қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалардың маңыздылығы

  • А. 20-ға дейінгі сандарды 2-ден топтап тура және кері санауды анықтаудағы эксперименттік тапсырмалар
  • В. 20-ға дейінгі сандарды 2-ден топтап тура және кері санауды анықтаудағы деңгейлік тапсырмалар
  • ІІІ. Қорытынды

«Математика» пәні бастауыш білім берудің мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асыруға маңызды үлес қосады. Математика бойынша бастапқы білім сын тұрғысынан ойлау қабілетін дамытады, зерттеу және қарым-қатынастың, математикалық білімді өмірде қолданудың алғашқы дағдыларын қалыптастырады. Математиканың бастапқы курсын оқып үйрене отырып, оқушылар талдау, синтездеу, жіктеу, салыстыру, себеп-салдарлық қатынастар мен заңдылықтарды анықтауды үйренеді, түрлі заттар мен қоршаған орта құбылыстарын сипаттау үшін математикалық тілдің негіздерін игереді, білім мен іс-әрекет тәсілдерін меңгереді, мұның барлығы жинақтала келе оқи білуге негіз болады. Бастауыш математиканың кезең-кезеңге бөлініп, жүйелі түрде берілген, қоршаған ортадағы заттардың мөлшерлік қатынастары мен кеңістіктегі формаларын сипаттаудан тұратын оқу курсының негізгі мақсаты – оқушылардың математикалық таным негіздерін меңгеруіне және тиісті дағдыларын қалыптастыруына мүмкіндік жасау. Бұл оқу пәні математиканы қоршаған ортаны бейнелеу мен түсіну тәсілі ретінде қабылдауды дамытуға бағытталған және оқушылардың қабылдауы мен танымын кеңейтуді, математика ғылымына қызығушылығын талап етеді. Бастапқы математикалық білімнің негізгі мақсаттарына сәйкес, оқу пәні бірқатар міндеттерді айқындайды.

Атап айтқанда:

  • логикалық ойлауды, кеңістіктік елестетуді және математикалық терминдерді пайдалану біліктілігін дамыту;
  • оқу және тәжірибелік проблемаларды шешу, арифметикалық алгоритмдерді пайдалану, геометриялық салулар мен математикалық зерттеулер жүргізу қабілеттерін дамыту;
  • сын тұрғысынан ойлауды, шығармашылық қабілеттерді дамыту;
  • математиканы әлемді суреттеу, модельдеу және түсіну тәсілі ретінде қабылдау;
  • өзінің математикалық білімі мен біліктерін басқа пәндерді меңгеруде, күнделікті өмірде қалай пайдалану керектігін түсіну;
  • білуге құштарлық, мақсаттылық, жауапкершілік, сенімділік және тәуелсіздік сияқты тұлғалық қасиеттерді дамыту;
    • түсінудің, түсіндірудің, талдаудың, синтездің, жүйелеудің, қолданудың және суреттеудің когнитивтік дағдыларын дамыту;
  • коммуникативтік және әлеуметтік дағдыларын, топпен жұмыс істеу және өз көзқарасын білдіру, басқа адамдардың пікірін құрметтеу, көшбасшылық қасиеттерін көрсету, өз жұмысын жазбаша және ауызша түрде таныстыру дағдыларын дамыту;
  • ақпаратты іздестіру және таңдау, өз уақытын басқару, өзін-өзі реттеу дағдыларын дамытуға негізделген.

Ұсынылатын қызметтердің түрлері:

  • Оқылатын тақырыптар бойынша шағын зерттеулер
  • Карталар, кестелер, сызба-нұсқалар, көрнекі құралдармен жұмыс

Математика курсында эксперименттік көрсетілімнің маңызы өте зор. Сабақ барысыныда тиісті түсініктер беріліп, дұрыс қойылған эксперименттік көрсетілімдер нақты қондырғының жеке құралдарын, сәйкес тетіктері мен деталдарын ғана емес, сонымен бірге оқып үйретілген  математикалық құбылыстарды, процестерді, заңдылықтарды оқушылардың нақты түрде көзбен көруіне мүмкіндік береді. Эксперименттік көрсетілімдер математикадағы қандай да бір құбылыс немесе заңдылықты жасап көрсету ғана емес, ол оқушылар үшін білімдер көзі, әртүрлі теориялық қағидалардың дұрыстығының дәлелдемесі болып табылады. Тиімді ұйымдастырылған көрсетілімдер оқушылардың біліктілігі  мен дағдыларын дамытуға ықпал етеді. Сабақта уақытты үнемдеу үшін және экспериментті ықшамдау үшін сыныптағы оқушыларды топтарға бөлген пайдалы. Бұл топтардың әрқайсысына зерттелетін құбылысты сипаттайтын бір ғана себеп- салдарлы тәуелділіктің байқалуын тағайындау керек.

Мысалы, 20-ға дейінгі сандарды 2-ден топтап тура және кері санауды сыныпты үш топқа біріктіріп, бірінші топ оқушыларға тапсырма: Бишілерді екі-екіден топтап санаңыз және санын жазыңыз. Екі-екіден топтап кері санап көріңіз.

  Дескриптор: Білім алушы екі-екіден топтап тура санайды және санды жазады;

— екі-екіден топтап кері санайды.

     Екінші топтағыларға: Алмаларды санаңыз және санын жазыңыз. Ыдысқа алмалардың жартысының суретін салыңыз және санын жазыңыз.

Дескриптор: Білім алушы алмаларды санап, санын цифрмен жазады;

— санның жартысын анықтап, суретін салады және цифрмен жазады.

Үшінші топтағыларға Өмірмен байланыс: Сұрақ: Сыныптағы қандай заттарды екі-екіден санауға болады? Сыныпта қандай заттар көп? (парталар, орындықтар, оқушылар,т.б.) Оларды екі-екіден сана. Неше жұп пайда болды

Қорытынды: не нәрсені болсын екі-екіден санасақ жылдам санауға көмектеседі. Сонымен,  бірінші топтағы оқушылар — білім алушы екі — екіден топтап тура санайды және санды жазады,  екінші топтағы оқушылар — білім алушы амалдарды санап,санын цифрмен жазады, үшіншілері  өмірмен байланыстырады. [3] Топтық жұмыстан соң оқушылардың сабақты қаншалықты меңгергенін бақылау үшін жеке тапсырманы сапалық есеп түрінде беруге болады.

Мысалы,

Әрбір сабақты жоспарлағанда қалыптастырушы бағалау тапсырмаларын сандық, сапалық және эксперименттік есептерді сурет арқылы берілген тиімді деп ойлаймын. Мысалы ойлау дағдыларының білу және түсіну деңгейін қалыптастыруға:

“Өз жұбыңды тап”

Ойын мақсаты: Санды көру, есту және қимыл арқылы қабылдау қабiлетiн пысықтау.

Ойын барысы:

Балалар он адамнан топқа бөлiнiп ойнайды. Ойынға қатысушылар қарама-қарсы қарап, сапқа тұрады. Бiрiншi қатардағы балалардың омырауында – суреттер салынған карточкалар. Екiншi қатардағы ойнаушының бiреуi алақанын соғады. Бәрi неше соққы болғанын санайды. Омырауында осы соққы санына сай келетiн карточкасы бар бала ойын бастаушының қасына жүгiрiп келедi де, екеуi бiрге ойыннан шығады.

Тапсырма. Барлығы неше дөңгелек? Жұппен неше дөңгелек.

Барлығы:  Жұппен

Осы сияқты тапсырмаларды орындату арқылы оқушылардың математика пәніне қызығушылығы мен функционалдық сауаттылығын арттыруға болады деп ойлаймын.

Эксперименттік көрсетілімдер туралы ұлы ғалым М.В. Ломоносов былай деген еді: «Мен тек  ғана қиялдан туған мың пікірден гөрі бір тәжірибені жоғары бағалаймын». Ал белгілі ғалым -әдіскер П.А. Знаменский «Мұғалімнің эксперимент туралы аса бір бейнелі де әсерлі әңгімесі,  заттар мен құбылыстарды оқушылардың көзбен көріп тікелей қабылдауын алмастыра алмайды» деп, атап өткен. Адам бірінші кезекте өз қолымен жасағанда жадында сақтайды, осы әрекеттерінің негізінде туындаған білік пен дағдыларын күнделікті өмірде қолдана алады:«Менің өзіме жасатсаң — үйренемін!» (Конфуций). Әр сабақта оқушылар тек тыңдап және көшіріп қана қоймай, белсенді әрекеттер атқаруы керек: ойлау, оқу, сөйлеу, талқылау, жазу, пікірлесу, пікір таластыру. Егер оқушыларды осы деңгейге жеткізетін болсам, сабақта басты тұлға мұғалім емес, оқушы болатынына сенімдімін.

 

Үсенбаева Райхан Нүсіраліқызы,
Түркістан облысы, Шардара ауданы,
«Қызылқұм» жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

 

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.