Бала дамуының ең шарықтау шегі – бұл тіл мен ойдың шығармашылығы
Л. С. Выготский
Әрбір ұстаздың мақсаты – сабақ сапасын көтеру, түрлерін жетілдіру, оқушының сабаққа қызығушылығын арттыру. Логикалық ойлау арқылы оқушының пәнге деген қызығушылығы артады. Логикалық есептердің оқу процесіндегі маңызы зор. Логикалық есептер оқушының ойлау қабілетін, математикаға деген қызығушылығын арттыру үшін өте тиімді және математикалық олимпиадаларда, әр түрлі жарыстарда «Кенгуру», «Ақбота» интеллектуалды ойындарында жиі қолданылады. Шығармашылық деңгейдегі есептер жоғары сыныптарда да беріледі. Сонымен бірге сыныптан тыс жұмыстарда шығармашылықпен айналысатын оқушыға логикалық есептерді шешу тиімді.
Логикалық есептерді бірнеше жолмен шешуге болады. • Логикалық есептерді таблицалық тәсілмен шешу.
Мысал: Көшеде төрт қыз Анар, Марал, Нұргүл, Гүлнар дөңгелене тұрып әңгімелесті. Көк көйлекті қыз (Анар Марал емес) көгілдір көйлектегі қыз бен Нұргүлдің арасында тұр. Ақ көйлекті қыз қызғылт көйлекті қыз бен Гүлнардың арасында тұр. Әрбір қыз қандай көйлек киген?