Home » Бастауыш » БАСТАУЫШ СЫНЫПТА КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУ ЖҮЙЕСІ АРҚЫЛЫ ОҚУҒА ҮЙРЕТУ ЖОЛДАРЫ

БАСТАУЫШ СЫНЫПТА КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУ ЖҮЙЕСІ АРҚЫЛЫ ОҚУҒА ҮЙРЕТУ ЖОЛДАРЫ

Бүгінгі таңда Қазақстанда білім берудің деңгейі мен сапасына  жаңа талаптар қойылып отыр. Қазақстан Республикасында  соңғы жылдары  білім беру саласындағы  жүргізіліп  жатқан  реформалар  еліміздегі  білім  беру  сапасының  әлемдік деңгейге  сәйкес келуін қамтамасыз ету,  сол арқылы әлемдік сұранысқа жауап бере  алатын  мамандарды  даярлау  және  бәсекеге  қабілетті  білім   беру болып табылады. Мұғалімдер білім сапасын көтеру мақсатында түрлі жаңалықтарды мектеп өміріне енгізіп жүр. Жаңа заманның білімді ұрпақтарын тәрбиелеп оқытуда түрлі қиындықтар кездеседі. Соның жолдарын іздеуде көптеген іс- тәжірибелер жасауда.Тәуелсіз ел тірегі- білімді ұрпақ десек – жаңа заманның басты мәселесі- білім беру, ғылымды дамыту. Қазіргі өмірдің  өзінен туындап отырған талаптарды орындау, жаңашылдыққа жаршы болу үзіліссіз тәрбие негізінің бастау бұлағы –  бастауыш білім беру сатысынан басталады.

Жаңартылған бағдарламаның басты ерекшелігі: білімді, шығармашыл, бәсекелік қабілетті тұлға тәрбиелеу; білім беру процесін тұлғаға бағдарлау; бала өміріндегі білімнің жеке тұлғалық мәні;  өзіндік дербес оқу қызметі, өмірлік тәжірибесі;  педагогикалық қолдау мен қамқорлық көрсету және мұғалім мен оқушының ынтымақтастығы;   оқушының жалпы жеке тұлғалық өсуі, дамуы және өзін-өзі дамытуы қамтылған. Жаңартылған бағдарламаның қолданыстағы бағдарламадан ерешеліктері баланың жан-жақты дамуына, өз пікірі мен ойын ашық жеткізуіне, әр адамға табиғатынан берілген, шығармашылық әлеуетін толық іске асыруына ықпал етеді.

Біз білімді  оқушыға  тыңдау, түсіну, ойлау, пайымдау, тұжырымдау, пікірлесу сияқты тілдік коммуникативтік біліктіліктерді оқушының өмірлік қажеттілігіне айналдыру үшін  маңызы зор екеніне көз жеткіземіз.

Осы курстан алған ақпараттарды пайдалана отырып, АОПҚБАИ-ның жоспарына сәйкес бастауыш сынып мұғалімдеріне курс өткізу барысында төмендегі мақсаттарды басшылыққа алдым:

  • Бастауыш білім беру сатысында пәндерді оқыту барысында қолдандатын тиімді жаңаша әдіс-тәсілдерді менгерту.
  • Мұғалімдердің іскерлігін, ізденісін туғызып, шығармашылықпен жұмыс істеуіне жол ашу.
  • Критериалды бағалау жүйесін еңгізу тұрғысынан мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін жетілдіру
  • Жаңа әдіс тәсілдерді пайдалана отырып оқушылардың білім сапасын арттыру.
  • Жаңа форматтағы қысқа мерзімді жоспар құруды үйрену
  • Белсенді оқыту кезеңдері мен саралау тәсілдерін жоспарда тиімді қолдану
  • Оқушының білім алу үдерісіне белсене қатысуын қалыптастыру.

            Білім беру үдерісін ұйымдастырудың басты ерекшелігі білім беру мен тәрбиенің бірлігі болып табылады. Курстың 1-4-күндері  жаңартылған білім беру бағдарламасына және оның құрылымына қысқаша шолу, оны тиімді іске асыру үшін қажетті педагогикалық тәсілдер және критериалды бағалау жүйесі трениг арқылы мұғалімнің іс — әрекеті ұйымдастырылды. 5-15-күндері білім беру бағдарламасының пәндік аспектілері (белсенді және тәжірибелік), ықшамсабақтар, өзіндік рефлексия және метатанымдық тапсырмаларды тиімді әдістерді пайдалана отырып   мұғалімдер өздерінің іс-тәжірибесімен бөлісті. Курсты өткізу барысында  мұғалімдер электронды және  баспадан шығарылған барлық әдістемелік құралдармен қамтамасыз етіліп, интерактивті әдістер, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар кеңінен қолданылды. Оқу бағдарламасы мен сабақ жоспарларын егжей-тегжейлі талдауға, ортақ ой шығаруға іс-тәжірибе алмасуға, әр сабақтың соңында тренер мұғалімдерге жаңартылған білім беру бағдарламасын түсіну жәйлы өзін-өзі бағамдау нысанын тотырылып,  кері байланыс жүргізеді. Мұғалімнің өзін-өзі бағамдау нысаны тренер мүғалімдерге   бүгінгі сабақта  не ұнады?   Үйренгеннің  ішінен өзінің  тəжірибеңізде нені қолданады,   сабақта түсінбеген мəселелер болды ма? Оны қалай пысықтағысы келеді?  үйренгендердің ішінен  не айтарлықтай құнды деген сұрақтарға жауап бере отырып,   мұғалімдерге қосымша    әдістемелік көмек көрсетуге мүмкіндік береді. Әр тренер мұғалімдердің теория мен  тәжірибені ұштастыруға, мұғалімінің өз әрекеттерін жоспарлай және ұйымдастыра білуге, мұғалім оқу материалдарын оқушыға дайын күйінде  бермей, оқушымен бірлесіп, сабақ үрдісін ұйымдастырушы, бағыттаушы ретінде болуы, ал оқушы үшін білімді өздігінен жан-жақты ізденуі, мәселені анықтай алуы, өзіндік тұжырым жасай алуы, өзінің іс -әрекетіне баға беруге дағдылануы, сыни ақпараттарды өз бетімен тауып, талдап, дәлелдей алуына, белгілі бір деңгейде пікірталасты жүргізе білу қабілеттерін дамытуға аса назар аударылды. Бастауыш сыныптан оқушысын өмірге дайындау, яғни көшбасшылыққа тәрбиелеу мүмкіндіктері қарастырылды. Қазақстан Республикасының Президенті  Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде бір болашақ» атты өзінің Қазақстан халқына Жолдауында: «ХХI ғасырдағы дамыған ел дегеніміз – белсенді, білімді және денсаулығы  мықты азаматтар. Ұлттық да бізді ауқымды жұмыс күтіп тұр» — деген. Білім берудің сапасын жақсарту әрине бастауыш сатыдан басталады. Бастауыш білім үздіксіз білім берудің алғашқы басқышы қиын да, жауапты жұмыс. Бұл сатыда білім берудің сапасы, мұғалімнің кәсіби құзыреттілік деңгейіне байланысты. Әрине қазіргі заманда оқушыға сапалы білім беру үшін,  мұғалімнің өзінің педагогикалық білімі, іс-тәжірибесі жоғары деңгейде болу керек. «Жай мұғалім — хабарлайды, жақсы мұғалім – түсіндіреді, керемет мұғалім — көрсетеді, ұлы мұғалім – шабыттандырады», осы орайда бастауыш мектеп мұғалімдерінің кәсіби біліктілігін арттыру мақсатында жүргізілген курстар мұғалімдерге өз кәсіби  құзыреттілігін жетілдіруге мүмкіндік  береді деген ойдамын. Қорыта айтқанда  жаңартылған бағдарлама негізінде оқыған бастауыш сынып  мұғалімдері курс барысында алған жаңаша біліммен өз іс тәжірибесін байытып, еңбегін жеңілдетіп, белгілі бір нәтижеге жетеді.

 

 

Шолпанкулова Ания Абыйровна,
«Өрлеу» Ұлттық орталығы АҚ  Алматы обылысының филиалы «Мектепке дейінгі тәрбие және тұлғаны әлеуметтендіру» кафедрасыны аға оқытушысы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.