Қазақстан Республикасындағы білім саясаты білім мекемелерінің қоғамдық деңгейін жоғарылатуға, отандық дәстүрлер мен қазіргі заманғы тәжірибенің негізінде тәрбие құрылымы мен мазмұнын жаңартуға, оқу-тәрбие процестерінің, қоғамдық және жанұялық тәрбиенің көп қырлылығы мен интеграциясын қамтамасыз етуге негізделген. Білім жүйесіндегі басым міндеттердің бірі тұлғаның шығармашылық және рухани қабілеттерін дамыту, салауатты өмір салты құндылықтарының берік негіздерін қалыптастыру, сондай-ақ, жеке даралықты жетілдіруге жағдайлар жасау жолымен сана-сезімді байыту болып табылады Баланың мектептегі үлгермеу себебін көп жағдайда мектеп өмірінің басынан – бірінші сыныптан іздеуге болады. Бала алғаш мектепке жеті жасында келеді. Мектепке дейінгі жастан кіші мектеп жасына өту кезеңін әдебиетте дағдарыс деп атайды. Кіші мектеп жасында баланың жетекші әрекеті оқу болып табылады. Жеті жастағы дағдарыс бір сағатта өтіп кете қоймайды, бірақ та мектеп бірінші сынып оқушысынан мектеп оқушысы рөлін түйсініп, мектеп өмірінің ережелері мен талаптарына бағына білуді күтеді: тек осы жағдайда ғана ол оқу бағдарламасын тиімді меңгеруіне кепілдік береді. Егер қандай да бір себептермен бала әлі дағдарыстан өтпеген болса және қажетті психологиялық қасиеттерді иеленбесе, онда жемісті оқу әрекетінің қалыптасу мүмкіндігі өте төмен. Үлгермеушілігі, оқудағы үлгермеушіліктің себептері мәселелерін зерттеген Бабанский Ю.К., Цетлин В.С., Теплов Б.М.,Якобсон П.М., Крутецкий В.А., Колесов Д.В. т.б. белгілі ғалымдардың тәжірибесіне сүйенеді. Оқу әрекеті бала үшін өте жаңа әрекет түрі. Психологтар Г.В. Бурменская, О.А. Карабанова, А.Г. Лидерс мыналарды жатқызады.
1) Жаңа күн тәртібімен байланысты қиындықтар. Бұлар балабақшаға бармаған балаларға қатысты. Мұндай балаларға мектепке бару үшін ерте тұру қиын.
2) Баланың сынып ұжымына, құрдастарымен қарым-қатынасқа түсуге бейімделуінің қиындығы. Бұл жағдайда олар балалар ұжымында болмаған және отбасында дұрыс тәрбиеленбегендіктен, құрдастарымен қарым- қатынасында проблема бар балаларда жақсы байқалады. Кейбір балалар әрең тіл табысады (ұяң, өз-өзіне сенімсіз балалар), басқалары сыныптастарымен тең қатынас орната алмай¬ды (дау-жанжалды, төбелескіш балалар).
3) Мұғаліммен өзара қатынаста байқалатын қиындық. Ең жиі кездесетін мәселе оқушы мен мұғалімнің өзара қатынасы баланың субъективті қабылдауында мұғалімнің «жақсы оқушы» түсінігіне сәйкес келмейді. Өкінішке орай, мұғалім балаға мектеп өміріне бейімделуіне мүмкіндік пен уақыт, көмек бер¬местен оны өзінің санасында «нашар оқушы» қатарына жатқызады.
4) Баланың үй жағдайының өзгеруіне байланысты қиындықтар. Баланың жаңа әлеуметтік жағдайына ақырындап кіруін білдіреді: баланың «күн тәртіптік» міндеттері пайда болады және үлкендер бұрынғыға қарағанда қатал, үй тапсырмасын орындауды талап етеді, ойын әрекетін шектейді. Егер үй жағдайы аяқ асты өзгерсе, бала оны эмоционалды қабылдай алмайды. Осы себептен пайда болған уайымдаулар оқуға қызығушылықтың болмауына әкеледі.
Үлгермеуші оқушылардың қасиеттері неге байланысты:
1) ойлау қасиетіне;
2) жеке адамның бағытылығына.
Бұл қасиеттердің арасында бір-бірімен байланысты үш сәйкестік бар. Олар төмендегілер:
- Оқушының ойлау әрекетінің, санасының төмендігі, оқуға деген дұрыс қатынасының сай болуы және оқушының бағытының сақталуы.
2. Оқушының ойлау әрекеті сапасының жоғарлығы, оқуға деген теріс қатынасының болуы және «оқушының бағыттылығы» толық немесе жарым-жартылай жойылуы.
Бастауыш сынып оқушыларының үлгермеушілігінде темперамент маңызды рөл атқарады. Бастауыш сынып оқушыларының индивидуалды айырмашылықтары темперамент ерекшеліктерінен айқын көрінеді. 6-9 жасар балалардың мінезі жүйке жүйесінің қасиеттері мен темпераментке әлі тәуелді болады. Бала-ның жүйке жүйесі, оның темпераменті өзіндік регуляция тәсілдеріне жеткі-ліксіз бағынады. Балалар өздерінің эмоционалдық көңіл-күйін сыртқа білдірмеуге әлі дағдыланбайды. Оның үстіне, мектептегі оқу басталған тұста балалар-дың жүйке жүйесі әлі толық жетіліп бітпеген болады. Сол себептен, тілазарлық, алаңғасарлық, эмоционалдық сезімдердің бұлқан-талқанға түсуі және басқа да кері көріністер міндетті түрде балалардың тәрбиесіздігінің салдары болып табылмайды.
бала белгілі бір уақытта елеңдемей қателіксіз жүмыс істей ала ма деп сұрақ қойғанда, көбінесе: «Егер қызықса, иә» деген жауап естуге болады. Кез келген мұғалім бұл ережені, бастауыш сынып оқушысын оқу қызметінің өзіне қызықтыру өте қиын екенін, дегенмен қызығушылық туған жағдайда нәтижесі міндетті түрде болатынын біледі. Осы арада бастауыш сынып оқушыларының қызығушылықтары тұрақсыз екенін, олардың оқу қызметін өздігінше қолдамайтынын, үлгерімі төмендеген жағдайда оқу мате-риалы мен тапсырмаларынан бірден жалығатынын, соған орай жұмыс істеу қабілетінің күрт төмендейтінін ескеру қажет. Бұл туралы әдетте «жалықтыр-ғыш жұмыс» деп айтады. Алайда, педагогтар да, психологтар да кейде бастауыш мектептің соңына дейін балаларда оқу жұмысы процесіндегі қиындықтармен күресуге ынтасы пайда болмайтынын алға тартады. Бұл оқушыларды көбіне жұмыстың өзіне емес, тек соңғы нәтижеге (баға, бағалау), белсенді шығармашылық жұмысқа емес, «сұрайды-сұрамайды» сәттілік жағдайына бейімдейтіндіктен орын алады.
Сабақтың жекелеген кезеңдерінде үлгерімі төмен оқушылардың мотивациясын қалыптастыру
Мектепте сабақтарды жүргізудің негізгі формасы сабақ болып табылатын-дықтан, мұғалімнің көңілін тәжірибеде толыққанды қамтасыз етілмейтін нәрсе-лерге, дәлірек меңгеру мүмкіндіктері мен сабақтың жекелеген кезеңдерінде оқушы мотивациясын қалыптастыруға аударту қажет. Әрбір сабақта оқушылар-дың оқу қызметінің кейбір циклы жүзеге асырылуы керек. Сабақтың мақсаты мен типтеріне қарай ол әр түрлі болады. Бұл оқу қызметі циклдерінің мазмұны не жаңа білімдер мен жұмыс тәсілдерін меңгеру, не оларды жаңа жағдайларда қолдану, не бұрын меңгерілген білімдер мен жұмыс тәсілдерін нығайту. [5 13 б]
Үлгермеуші оқушылардың оқуға оң қатынасын тәрбиелеуге арналған индивидуалды әрекет
Сабақ шеңберінде үлгермеуші оқушылардың мотивациясын қалыптастыруға индивидуалды әрекет жүргізіледі. Түзету жұмысын салыстырмалы қысқа уақытта (апта көлемінде) іске асырылатын мақсаттардан бастау керек, бұл мұғалім мен оқушыға алғашқы позитивті нәтижелерді жылдам көруге мүмкін-дік береді. Тұтастай алғанда, оқу мотивациясын және үлгермеуші оқушы-лардың оқи білу қабілетін қалыптастыру келесі бағыттардан тұрады: ең алдымен оқуға және жеке оқу пәндері мен сабақтарға оңды қатынастың қалыптасуы, мұны олардың табыстағы сенімділігін қолдайтын тапсырмаларды шешуден бастау керек; тіптен шағын жетістіктің өзін қолдап, сұрау, төзімділік таныта тыңдау.
Жақыпова Қарақат,
ЖББОМ №59 мектептің педагог-психологы,
Қарағанды қаласы