Home » Бастауыш » Бастауыш сыныптарда оқытудың жаңа технологиясын сабақта тиімді қолдану

Бастауыш сыныптарда оқытудың жаңа технологиясын сабақта тиімді қолдану

Бастауыш сыныптарда оқытудың жаңа технологиясын сабақта тиімді қолдану Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың халыққа жолдауында айтқанындай «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанда 50 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін- білім. Қазіргі заманда жастарға ақпаратты техникамен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет» деп атап көрсеткеніндей, инновациялық әдіс-тәсілдерді кеңінен қолдану жаңаша білім берудің бір шарты. Болашақтың бүгінгіденде нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын күш тек білімде ғана. Қай елдің болмасын өсіп өркендеуін, өркениетті дүниеде өзіндік орын алу оның ұлттық білім жүйесінің деңгейіне, дамыту бағытына байланысты. Қазіргі кезде білім беру саласын, қамтудың әр түрлі техникалық құралдарын пайдаланусыз елестету мүмкін емес. Сондықтанда, уақыт талабына сай білім мазмұнын жаңарту – бүгінгі күннің басты міндеті. Еліміздің білім беру жүйелерінде ХХІ ғасыр жастарына білім беру мен тәрбиелеу бағытында сан алуан жұмыстар жүргізілуде. Қазіргі таңда қоғам алдында қойылып отырған басты міндеттердің ең бір өзектісі – бүкіл білім жүйесін түбегейлі жаңартып, дүниежүзілік деңгейге сәйкес келетін жастарға сапалы білім беруге жағдай жасайтын және олардың үйлесімді дамуына, жеке бастың тұлға ретінде қалыптасуына бағытталған жаңа үлгідегі әдістеме жасау.

Әр педагогтың міндеті — оқушының шығармашылық ойына бағыт беру, шығармашылық ізденісті қолдау, жағдаяттар туғызып, оның шешімін табуға бағыттау, жаңаны іздеуге, жүйелі зерттеулерге талдау жасауға талпыныс беру.

Бұл технология несімен өзіне баурап алғандығын бірнеше сұрақ- жауап ретінде бергім келіп отыр. «Сын тұрғысынан ойлауды дамыту» технологиясы немен қызықтырады?

• Кез келген ұстазға сапалы сабақ беруге мүмкіндік беретіндігімен.

• Оқыту мен ұйымдастырудың тиімді әдістерінің /стратегияларының/ көптігімен.

• Оқу мотивацияларын өзгертуге пайдалы екендігімен.

«Сын тұрғысынан ойлауды дамыту» технологиясының өзге технологиялардан қандай ерекшеліктері бар?

• Сын тұрғысынан ойлау сабақтарының құрылымы /қызығышылықты ояту, мағынаны ажырату, ой толғаныс/ .

• Негізгі үш кезенінің маңыздылығы.

• Стратегиялардың психологиялық астары мен ерекшеліктері. Осы жобамен жұмыс жасау барысында мұғалім оқушының өзін ізденуге жетелейді, ойлануға үйретеді. Педагогикалық технология оқушылардың жеке басын дамыту мен білім беру мақсатына жету жолындағы педагогикалық қызметтің, іс- әрекеттің жүйелі дамып отыратын жобасы ретінде оқушы белсенділігін арттыруды көздейді. Ал, оқушы белсенділігінің артуы оны шығармашылыққа жетелейді. Шығармашылық дегеніміз – адамның өмір шындығында өзін-өзі тануға , жаңалық ашуға, жаңа тәсілдер табуға ұмтылуы,ізденуі. Шығармашылық қабілет әр баланың табиғатында болуы мүмкін. Біздің міндетіміз – оқушыға оның бойында жасырынып жатқан мүмкіндіктерін ашып көрсету. Өз тәжірибемде бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін, сабақта және сабақтан тыс уақытта дамытуда Сын тұрғысынан ойлау жобасының көптеген әдіс- тәсілдерін қолданамын: • Тақырыпты мазмұнына қарай жинақтау,арнаулы бір тақырыпқа пікірталас тудыру /ой қозғау, «инсерт» кестесі/ • Берілген тапсырманы түрлендіру бағыттағы жұмыс / эссе,шығарма, сауаттылықты ашатын хаттар т.б стратегиялар/ • әңгіменің ұқсастығын салыстыру, бөліктерге бөлу, ат қойғызу, мәтіндегі ұқсастық пен айырмашылықты табуға /Вендиаграммасы, аялдамамен оқу стратегиясы/ • Қиялдау арқылы сурет салғызу /сурет салу стратегиясы/ • Кейіпкерге мінездеме беру өз ойын жазғызу /авторға, кейіпкерге хат жазу стратегиясы • Шығармада екі кейіпкердің қарама – қарсы элементтерін сипаттау /қарама-қайшы элементтер стратегиясы/ • Өлең шұмақтарын құрастыру / 5 жолды өлең/ Бұл бағдарламаның мақсаты – барлық жастағы, соның ішінде бастауыш сынып оқушыларының кез келген мазмұн түсінікке сыни тұрғыдан қарап, ең керекті пікір, ұйғарым таңдауға, шешім қабылдауға үйрету. Оқушылардың білім деңгейін көтеруге, шығармашылыққа баулуға, ойларын еркін айтуға жетелеу. Сын тұрғысынан ойлау сынау емес, шыңдалған, бірін – бірі толықтырған ойлау. Ең бастысы жекелей, топта, сыныпта оқушылардың білім деңгейін көтеруге ретімен сұрыптап қолданған стратегиялардың қай – қайсысы болсын сабақтың сапасын арттыруда үлесі зор. Жаңа білімді қабылдау, бекіту, іскерлік пен дағдыны тәрбиелеу барысында жұмыс жүйесін, оқушылардың дербес белсенді әрекетін дамытуда, өздік жұмысының тиімділігін арттыруда «Сын тұрғысынан ойлау» барысындағы әдіс-тәсілдер білімді меңгертудің әр түрлі кезеңінде қолдануға болатынын тәжірибе көрсетті. Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы ұстаз бен оқушыны ізденуге жетелейтін, шығармашылық шабыт беретін, болашаққа деген үмітті арттыратын

бағыт. Әр оқушыда өзін – өзі дамыта, жетілдіре бақылай алатын дағды қалыптастыру, соған сәйкес өз бетінше білім алуға үйрету, дамудың ең биік шыңына жету болып табылады. Яғни, ең алдымен, шығармашылық ойлау нәтижесінде жаңалық ашылады, тұлғаның дамуы жеделдейді. Оқушы ойын осылайша шыңдауға мүмкіндік туады. Сын тұрғысынан ойлауды үйрету үшін мына шараларды білу қажет: 1.Сын тұрғысынан ойлауды үйрету үшін уақыт керек. 2.Оқушыларға ойланып, толғануға, ойын ашық айтуға рұқсат беру. 3.Әр түрлі идеялар мен пікірлерді қабылдау. 4.Үйрену барысында оқушылардың белсенді іс – әрекетін қолдану. 5. Кейбір оқушылардан жауабының, сынының дәлелді, дәйекті болуын талап ету. 6.Сын тұрғысынан ойлауды бағалау. Сын тұрғысынан ойлау технологияларын пайдалану нәтижесінде қазіргі оқушының: — Сабаққа қызығушылығы артады; — Нақты өз деңгейінде бағаланады; — Жеке қабілеті айқындалады; — Өз бетімен жұмыс істеуге үйренеді; — Даму мониторингі айқын көрінеді; Өз пікірін ашық білдіруді талап ету қажет. Тек сонда ғана олар: — Мен осы мәселе туралы не ойлаймын? — Осы мазмұннан алған ақпарат менің бұрынғы білетініме сәйкес пе? — Маған бұл жаңа ойлар қаншалықты әсер етті, -деген сауалдар төңірегінде ойлауға үйренеді. Сын тұрғысынан ойлау сабақтарының алғы шарттары: — Сабақты белсенді өткізіп, әр баладан еркін жауап алуға жағдай жасау; — Сенімділікке тәрбиелеу үшін баланың жауабын санмен бағалау; — Қиялын дамыту үшін «Менің ойымша» деген жауапқа дағдыландыру; — Әр түрлі жауапқа бірдей қарау, жақсысын мадақтап, жаманын сынамау; — Тіл байлығын дамыту үшін қалайда жауабын соңына дейін тыңдау; — Жауап беруге тілек білдірмеген баланың өз еркінсіз, қинап сұрамау; — Жеке тұлға ретінде «Мен» деген рөлін көтеру, өз пікірін қалыптастыру. Өз іс-тәжірибемде сыни тұрғысынан ойлау технологиясы арқылы оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастырып, шығармашылыққа баулуға көп көңіл бөлу. Білім берудің мазмұнына енгізіліп жатқан өзгерістер мен жаңалықтардың барлығы да ғылым негіздері бойынша білімді меңгертумен қатар оқытуды дараландыруға жағдай жасау арқылы оқушылардың жеке және жас ерекшеліктерін ескере отырып, қажеттіліктері мен қызығуларына сай білім беруге бағытталып отыр. Сабақ беруде мұғалім оқушылардың жас ерекшелігін негізге алуы керек. Тапсырамаларды да меңгере алатындай, сұрақтарға дұрыс жауап іздей алатындай етіп қою керек.Сол кезде сабақ күтілген нәтижеге қол жеткізеді.

Сонымен сөзімді қорытар болсам сабақ барысында мынадай талаптар басшылыққа алынуы қажет:

  1. Мұғалім оқыту кезінде билік жүргізу әдісінен арылуы керек.

Оқыту үрдісі кезінде сабақтағы басты тұлға білім беретін мұғалім емес, осы білімді қызыға қабылдауға дайын оқушы болуы тиіс.

  1. Балалардың оқуға деген ынтасын күшейту керек.
  2. Өз дербестігін, белсенділігін дамыту қажет.
  3. Оқу, дамыту жұмысын ұтымды жүргізу үшін баланың табиғи талабын, қасиетін дер кезінде айқындау керек.

Осы қағидалар негізінде сабақты жаңа технология әдістерін қолдану арқылы жүргізу – оқушының өзін-өзі дамытуына, өз біліміндегі олқылықтарды өзі тауып, өз сұрағына өзі жауап іздеп жан –жақты білім алуына көмектеседі.

Әр уақытта бала білімін алға қоюшы ұстаз үлкен көрсеткішке қол жеткізу жолында талмай талаптанып, шаршамай еңбектенеді. Сол кезде ғана еліміз көкке шарықтап, басқа елге елді танытады. Елді өсіретін де, елді төмен түсіретін де – білім. Сондықтан қолда бар амалдарды тиімді пайдана білу сіз бен біздің үлесімізде, құрметті әріптестер!

 Маханова  Гульнар Аманжоловна
Целиноград  ауданы  №2 Қосшы  орта
мектебінің  бастауыш  сынып  мұғалімі

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.