«Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Атырау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты базасында «Бастауыш сыныптарда жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыру мәселелері, даму болашағы» тақырыбында облыстық ғылыми-тәжірибелік on-line конференция болып өтті.
Жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыру мәселелерін зерделеу, педагогикалық қызметкерлер тәжірибесін жетілдіру және кәсіби құзыреттіліктерін арттыру мақсатында ұйымдастырылған конференция жұмысына «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы қызметкерлері мен облыстың жалпы орта білім беру ұйымдарының жаңартылған білім беру мазмұны бойынша сертификатталған педагогтары қатысты.
Шараға қатынасушылар білім беру мазмұнын жаңарту жағдайындағы озық педагогикалық идеяларды ортаға сала отырып, оқытудың табыстылығын арттыруда құзырлылыққа негізделген тәсілдердің тиімділігін зерделеп, критериалды бағалау тәсілдерінің тиімділігі бағытындағы ізденісті еңбектерін, іс-тәжірибелерін ортаға салды, ұсыныстар берді.
Шығармашылық еңбектерімен тікелей белсене қатысушыларға сертификаттар табысталды.