Мемлекетіміздің білім беру үдерісіне енген жаңартылған білім беру бағдарламасы-заман талабына сай келешек ұрпақтың сұранысын қанағаттандыратын тың бағдарлама. Қазақстан 2030 стратегиялық бағдарламасы білім берудің ұлттық моделінің қалыптасуымен және Қазақстанның білім беру жүйесін әлемдік білім беру кеңестігіне кіріктірумен сипатталады. Қазіргі таңда қазақ тілі-мемлекеттік тіл, қарым-қатынас тілі – орыс тілі және ағылшын тілі – әлемдік кеңістікті тану тілін оқытуда жаңа идеяларды әр сабақта жан-жақты қолданып, жаңаша оқытудың тиімді жолдарын тауып, жүйелі түрде қолдану-заман талабы болып отыр. Оқытудың парадигмасы өзгерді. Білім берудің мазмұны жаңарып, жаңаша көзқарас пайда болды. Осыған байланысты ұстаздар алдында оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жаңартып отыру және технологияларды меңгеру, оны тиімді қолдана білу міндеті тұр. Бастауыш сынып пәндеріне арналған оқу бағдарламаларындағы оқу мақсаттары оқушылардан шынайы проблемаларды анықтап зерттей білуді талап етеді. Негізінен жаңартылған білім жүйесі құзыреттілікке және сапаға бағытталған бағдарлама. Жаңартылған білім берудің маңыздылығы – оқушы тұлғасының үйлесімді қолайлы білім беру ортасын құра отырып сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, тәжірибе жасау, АҚТ –ны қолдану, коммуникативті қарым-қатынасқа түсу, функционалды сауаттылықты, шығармашылықты қолдана білуді және оны тиімді жүзеге асыру үшін қажетті оқыту әдіс-тәсілдерді және критериалды бағалау жүйесін трениг арқылы мұғалімінің іс әрекетін ұйымдастырудың тиімді жолдарын курс барысында бағыт бағдар беріліді. Жаңартылған білім беру бағдарламасының ерекшелігі спиральді қағидатпен берілуі. Бағалау жүйесі де түбегейлі өзгеріске ұшырап, критериялық бағалау жүйесіне өтеді. Критериалды бағалау кезінде оқушылардың үлгерімі алдын ала белгіленген критерийлердің нақты жиынтығымен өлшенеді. Оқушылардың пән бойынша үлгерімі екі тәсілмен бағаланады: қалыптастырушы бағалау және жиынтық бағалау. Баланың жан-жақты ізденуіне ынталандырады. Бұл бағалау жүйесінің артықшылығы, баланың ойлау қабілетін дамытып шығармашылықпен, ғылыммен айналысуына ықыласын туғызады. Қалыптастырушы бағалау күнделікті оқыту мен оқу үдерісінің ажырамас бөлігі болып табылады және тоқсан бойы жүйелі түрде өткізіледі.
Қалыптастырушы бағалау және жиынтық бағалау барлық пәндер бойынша қолданылады.
Оқушыларды заманауи әдіс –тәсілдермен оқытып, ой –өрісі кең, саналы, еркін азамат етіп тәрбиелеу қажеттілігі де осы себептен туындап отыр. Оның үстіне білім берудің жүйесін қарқынды дамытқан бұл үрдістің жалпы білім беретін мектептерге де енгізіле бастауы көңілді қуантады. «Өрлеу» Біліктілікті арттыру Ұлттық орталығы АҚ Алматы облысы бойынша ПҚ БАИ-ның жоспарына сәйкес, ҚР орта білім мазмұнын жаңарту аясында бастауыш сынып мұғалімдеріне арнайы өткізіп жатқан курстардың мақсаты:
> Бастауыш білім беру сатысында пәндерді оқыту барысында қолдандатын тиімді жаңаша әдіс-тәсілдерді менгерту.
> Мұғалімдердің іскерлігін, ізденісін туғызып, шығармашылықпен жұмыс істеуіне жол ашу.
> Критериалды бағалау жүйесін еңгізу тұрғысынан мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін жетілдіру
> Жаңа әдіс тәсілдерді пайдалана отырып оқушылардың білім сапасын арттыру.
Аталған кусты маңыздылығы да міне, осында. Курс өткізу барысында басты назарда, жаңартылған оқу бағдарламасы, оқу жоспарлары, тілдік дағдылар, педагогикалық әдіс-тәсілдер және белсенді оқыту технологиялары, критериалды бағалау жүйесіне нақты бағыт — бағдар беріледі.«2016-2017 оқу жылында ҚР да жалпы білім беретін ұйымдарында оқу процестерін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы» нұсқау хатында жаңа оқу жылы 1-сынып мұғалімдері мен оқушылары үшін ерекше оқу жылы болып табылады, елімізде мектеп табалдырығын аттаған барлық 1-сынып оқушылары ҚР МЖМБС-2015 сәйкес жаңартылған білім мазмұны оқу жоспарлары және оқу бағдарламаларымен оқып, Отандық орта білім мазмұнын жаңарту барысында қазіргі өмірде кең ауқымды дағдыларға көп көңіл бөлінеді. Бұл дағдылар жалпы адамзаттық және этномәдени құндылықтарға негізделе отырып, оқушыларға оқудағы, сондай-ақ өмірдегі проблемаларды шешуіне мүмкіндік береді.Оқушы өзінің мектеп қабырғасында алған білімін өмірінде қажетке жүзеге асыра білуі керек.
ҚР орта білім мазмұнын жаңартуаясында өмірге еніп отырған бағдарламаның басты ерекшелігі, бастауыш сынып оқушысын тұлға ретінде тәбиелеу және оқушыны алған білімін өмірде қоданабіліуге, проблемаларды шеше білуге дағдыландыру. Осы орайда бастауыш сынып мұғалімдеріне, үлкен жауапкершілік міндеттелді. Оқушылардың бойына ХХІ ғасырда өмірдің барлық салаларында табысты болу үшін, қажетті дағдыларды дарыту үшін, мұғалімдер тынымсыз еңбектену керек. Жаңартылған білім беру бағдарламасы – сапалы білім кепілі.
Шолпанкулова Ания Абыйровна
«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы АҚ Алматы облысы бойынша ПҚ БАИ «Басқару және білім сапасы» кафедрасының аға оқытушысы, Алматы қ., Қазақстан Республикасы