Home » Сценарийлер » Бастауыш – білім бастауы

Бастауыш – білім бастауы

Осы кештің өткізілу реті:

  • «Тіл Қазақұлы» аялдамасы
  • «Пәндер» аялдамасы
  • «Сүйікті кейіпкер» аялдамасы

 

Бастауыш сынып мұғалімі:

Жүргізуші: Құрметті қонақтар, біздің бүгінгі кешіміз бірнеше аялдамадан тұрады. Соның ең бастысы — «Тіл қазақұлы» аялдамасы.

Ортаға қолына жеделхат ұстаған оқушы шығады.

Оқушы: Құрметті халайық, менің қолымда жеделхат тұр. Бұны жазған: Әліппе. Мекен-жайы мынадай:

Білімстан қаласы,

Сөзстан көшесі.

Бастауыш мектеп жатақханасы,

Тіл қазақұлына!

Жаңа оқу жылында сіздің қол астыңызға 25 шәкірт барады, қабылдап алыңыз, қазақша тілін сындырып, жөнге салыңыз!

Ортаға төртінші сынып оқушылары шығып, тақпақтарын 1-сынып оқушылары сияқты айтады.

1-оқушы: Тіл – бабаң, тіл – анаң,

Мәңгіге сол дейтін,

Жасайтын дін аман,

Уақытқа көнбейтін.

 

2-оқушы: Тіл – әкең, тіл – шешең,

Анаңның, атаңның

Қадірін білмесең,

Кім болып атандың!

 

3-оқушы: Ана тілің – арың бұл,

Ұятың боп тұр бетте,

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте.

 

Бірге: Туған тілім – бабам тілі, өз тілім,

Туған тілім – анам тілі –өз тілім.

Туған тілім – далам тілі –өз тілім,

Туған тілім – адам тілі – өз тілім.

Жүргізуші: Арада 4 жыл өтті.

 

1-оқушы: Анам тілім, ақшам тал түс таң шағым,

Қоңыр сазға толы бұлбұл кеудесі,

Соған сыйды, қанша шаттық, қанша мұң,

Жарқырап тұр сезімімнің сәулесі.

2-оқушы: Қымбат сенен нем бар менің жалғанда,

Қаз-қаз тұрдым, тәй-тәй бастым, ержеттім,

Жөргегімнен көтеріп сен алғанда,

Алтын құндақ бесігімде тербеттің!

 

3-оқушы: Бәрі сенде: Ұят, Иман, Намыс, Ар,

Ерлік күллі қасиеті алыптың,

Кім де болса, сен арқылы танысар,

Барша бекзат болмысымен халықтың.

 

4-оқушы: Басқа тілді сүйдім және сүйемін,

Несі айып, биік мұрат көздесе,

Жаса мәңгі ана тілім – киелім,

Саған ыстық махаббатым – өзгеше!

Әліппе және жеделхат әкелген оқушы:

О, о, мына оқушылар қалай өскен, қай Әліпппеге рахмет айтайын!

Ортада кішкентай Әліппе: Әй, жүргізуші бала, бері қара, осы маңайда тіл үйренуге келген шәкірттерім бар еді, шақыр оларды, сұрағым бар. (Балалар келеді)

 

Әліппе: Тірі табиғаттың ең ақылдысы кім?

Балалар: Адам

Әліппе: Оқушының жазу құралы не?

Балалар: Қалам!

Әліппе: Қазақтың жартысы әнші, жартысы….

Балалар: Ақын

Әліппе: Барлық өнер, оқушыларым, сендерге…

Балалар: Жақын

Әліппе: Бастауышты бітірдік, барлығымыз….

Балалар: Зерек!

Әліппе: Енді орта буынға өтуіміз….

Балалар: Керек!

Әліппе: Мен жарлық шығарамын:

Мына ылғи асыл жұлдыз,

Білім дариясында жүзген құндыз,

Орта буынға өтсін!

Балалар: Өтсін; Өтсін;

Ән «Мектеп вальсі»

ІІ –бөлім

«Пәндер» аялдамасы

 

  • Ана тіліБар ғылымдардың шекесі, ТамызғанОрысша «Литература»Мен сияқты білгір шәкіртті,Испытать етуге,О,о, болашақ достым – Әдебиет.

 

    1. Дайын ет!
    2. Есігіңнен кіргізіп,
    3. Қазақша «Әдебиет»
    4. Тіл қазақұлының көкесі
    5. Мәдениетті сөздің майын
    6. Ана тілінің әкесі,
  • Математика

 

Басым – шаршы,

Көзім – дөңгелек.

Құлағым – икс,

Мұрным – нүкте,

Тірлігім – шым-шытырық,

Теңдеу

Әй, Абылай, мына

Натурал сандар

Қиын болды ғой, бірге көнбей.

Е,е математика,

Қандай қиынсың,

Сондықтан бастауыштағы

Бағым апайдан алған сыйымсың!

  • ТарихТарих деген не?Есіктің үстінде,Ғасырлар шежіресі,Пән оқимыз сондай, сұрай бердің ғой – ғой қоймай

 

    1. Ех,ех
    2. Жазулы тұр ғой,
    3. Соны да білмейсің бе?
    4. Мағжан, а Мағжан,
  • ТабиғаттануНеше түрлі қызықтарға жарыдықТоқтамаймыз, білім жолын жонимызАзаматпыз, сынап бізді көріңдер.Жүргізуші:

 

  1. «Сүйікті кейіпкерлер» аялдамасы
  2. Ей, апайлар көбірек ой беріңдер,
  3. 5-іншіде табиғатты танимыз
  4. Бастауышта – дүниені таныдың,
  1. Ақ самайды әжеңненЕркелетіп, аймалап,Әжем, әжем, асыл жан,Жаманымды жасырған,Қазір, әжелер жарысына жол берейік;Жас кезімде қыз боп,Қартайған соң қалтылдап,Атым – Бақырамгүл,Келдім бар күшімді сайлап,Қол соғып қойсаңдаршы, қолдап, музыкамен жәй билеп басып, шығып кетеді.
  2. Әй, қара домалақтар, Шымкенттенсіңдер ме?
  3. Би жарысы болады дегенсоң,
  4. Жүрмін аяқ-қолды байлап,
  5. Жүріп едім жайнап,
  6. 1 әже. Абылай-Бақырамкүл
  7. Аман жүрші асыл жан
  8. Жақсымды менің асырып,
  9. Әжең әркехз тұрады.
  10. Күннің иесі шығады.

2 әже. Мағжан – Кербезгүл.

 

Сонау Чонджадан келген,

Кербезгүл әжелерің мен боламын,

Современный жарысқа қатысып,

Мынау Бақырамгүлмен тең боламын,

Башпайларым былқылдап,

Буындарым сыртылдап,

Жарыста озып-шығып,

Немерлеріме алып барсам екен,

Чупа-чупс, Дирол, Тойбокс аздап болса да шым-шымдап.

Сахнадан асықпай билеп кетеді.

3 әже. Жәнібек – Кебіскүл.

Кигенім – шляпа, шайнағаным – сағыз,

Атым Кебіскүл, Алматының кемпірімін нағыз,

Қолымнан бәрі келеді, твист дейсің бе,

Ча,ча,ча –Ламбада, брейгің тағы бар,

Әй кемпірлер, менімен жарысып,

Бірінші орынды қағып ал.

Жарыс: І) қазақ биі

ІІ) Қазіргі заман биі

 

Келді көктем!

1)Келді көктем далаға,

Келді сұлу шағала,

Аспандағы ақ құстар,

Ауылымды арала.

 

Қайырмасы

Ай,ай, келді көктем,

Ай,ай , сүйді беттен

Гүл көктемді қарсы алып,

Би билейміз, ән салып.

 

2)Бастауышты бітіріп,

Көңіліміз гүл ашты

Білім атты кемеміз,

Армандарға ұласты.

 

Қайырмасы

Ай, ай, келді көктем,

Ай, ай, сүйді беттен

Гүл көктемді қарсы алып,

Би билейміз, ән салып.

 

Б.Т. Тлеулесова,

«Абылай-Т» жекеменшік гимназиясы,

Алматы облысы.

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.