Home » Ашық сабақтар » «Бастауыш»

«Бастауыш»

 

Тақырыбы: Бастауыш.

Мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың бастауыш жайлы алған білімдерін бекіту, сөйлем мүшесіне сұрақ қоя білуге, оны ажырата білуге үйрету. Теориялық және практикалық білім дәрежелерін қалыптастыру.

Дамытушылық: Өзіндік қорытынды жасай білуге, ізденуге үйрете отырып сөйлеу тілін, шығармашылық қабілетін, ойлауын дамыту.

Тәрбиелік: Сауаттылыққа, жылдам ойлауға, әдемі сөйлеуге, жинақылыққа тәрбиелеу.

Сабақ түрі: жаңа сабақ

Пәнаралық байланыс: дүниетану, математика, әдебиет

Қолданған әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, талдау, түсіндіру, әңгімелеу, жинақтау Көрнекілігі: интерактивті тақта, суреттер

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.

Сабаққа қажетті оқу құралдарын қадағалау.

— Қазір қай сабақ?

— Қазақ тілі сабағы.

-Қазақ тілі сабағының ұранын айтайық:

Қазақ тілім — өз тілім, ана тілім,

Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.

Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені

Болашағым, бақыты, дара тілім

Үй тапсырмасын тексеру:

66 бет 4-жаттығу

Өткен сабақты қайталау.

  1. Сөз таптарын атаңдар?

2.Мәтін дегеніміз не? Қандай түрлері бар?

3.Зат есім дегеніміз не?

5.Сөйлем дегеніміз не? Түрлерін ата?

6.Сөйлем мүшелері дегеніміз не?

7.Сөйлем мүшелері неше топқа бөлінеді?

9.Бастауыш дегеніміз не?

Дәптермен жұмыс:

Көркем жазу минуты

Дәрігер

Сиыр

Балықтар

— Бұл сөздерге сұрақ қойыңдар?

— Қандай сөз табына жатады?

— Осы сөздерге сөйлем құрастырыңдар?

— Сөйлемде кім немесе не жайында айтылып тұр?

-Бұл сөздер сөйлемде сөйлемнің қандай мүшесі болып тұр?

Тақтамен жұмыс:

— Назарларымызды интербелсенді тақтаға аударамыз! Суреттерді пайдаланып, сөйлемдерді толықтырып жазасыңдар.

 

 

… есеп шығарды.

… сурет салды.

… машинаны жүргізді.

… сабақ түсіндірді.

… түскі асты дайындады.

… шекараны күзетеді.

— Көп нүктенің орнына қойылған сөздер сөйлемнің қай мүшесі болып тұр?

Сергіту сәті:

Жел соқты гу-гу

Жаңбыр жауды тырс-тырс

Жаңбыр басылды, күн ашылды.

Біздер тату баламыз, гүл-гүл жайнап жанамыз

Жаттығулар жасасақ, жақсы сергіп қаламыз

Орнымыздан тұрамыз

Қолды белге қоямыз

Бұрыламыз оңға бір, бұрыламыз солға бір

Бір, екі, үш

Қолды жоғары созамыз

Өзіндік жұмыс:

— Берілген сөздерден сөйлем құрастырып жаз.

  1. қағаздан, батпырауық, жасады, балалар.
  2. әкесімен, аулауға, Әсет, балық, барды.
  3. аңдар, түрлі, болады, тоғайда.
  4. зиянды, құстар, жояды, жәндіктерді.

Қорытынды.        

Тест

                                     

1 Кім?не?кімдер?нелер? сұрақтарына жауап беретін сөйлемнің негізгі мүшесі:

А)Зат есім           Ә)Бастауыш           Б)Баяндауыш

 

  1. Сөйлем құрамындағы нақты сұраққа жауап беріп тұрған толық мағыналы сөздер

А)Сөз таптары     Ә)Сөйлем мүшелері       Б)Сөз

 

  1. Сөйлемнің неше түрі бар?

А)3                         Ә)5                   Б)2

 

4.»Өсімдіктер бөлменің ауасын тазартады» сөйлеміндегі бастауышты тап

А)бөлменің         Ә) тазартады                 Б)өсімдіктер

 

  1. Бастауыштың сұрақтарын тап:

А) Қандай?қай?     Ә)неше?нешіші?         Б)Кім? Не?кімдер?нелер?

 

Үйге тапсырма:

69 бет 5-жаттығу

Ж.Б.Қайсар

Бастауыш сынып мұғалімі

Бәйтерек орта мектебі

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.