Home » Жаңалықтар » Баспасөз хабарламасы

Баспасөз хабарламасы

Құрметті әріптестер, таяу күндері біз педагогтардың төл мерекесі – Ұстаздар күнін атап өтпекпіз.

Педагогтардың қоғамдағы мәртебесін және беделін арттыру, үздік мұғалімдердің озық педагогикалық іс-тәжірибесін тарату мақсатында 2012 жылдан бастап жыл сайын республикалық «Үздік педагог» конкурсы өткізілуде.

Алты жыл ішінде конкурсқа 27556 ​​мұғалім қатысты, оның ішінде мектепке дейінгі және орта білім, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының  304 мұғалімі жеңімпаз атанып, 1000 айлық есептік көрсеткіш көлемінде ақшалай сыйақы мен «Үздік педагог» төсбелгісінің иегерлері болып танылды.

Ағымдағы жылы «2018 жылдың үздік педагогы» атағын тағайындау бойынша Республикалық комиссияның қарауына мектепке дейінгі және орта білім саласы  педагогтарынан  109  құжат, техникалық және кәсіптік білім саласынан 37 құжат келіп түсті.

2018 жылғы 19 қыркүйекте министрлікте «2018 жылдың үздік педагогы» атағын тағайындау бойынша Республикалық комиссия жұмысын бастады.

Конкурстың  қорытындысы бойынша 64 жеңімпазға «2018 жылдың үздік педагогы» төсбелгісі, куәлік, сондай-ақ, 1000 АЕК сомасында сыйақы табыс етіледі.

 

 

 

 

 

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.