Home » Жаңалықтар » БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУШЫЛАР ҚОЛА МЕДАЛЬМЕН МАРАПАТТАЛДЫ

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУШЫЛАР ҚОЛА МЕДАЛЬМЕН МАРАПАТТАЛДЫ

Қазақстандық оқушылардан құралған құрама команда
жасөспірімдер арасында Ботсвана Республикасы, Габороне қаласында
өткен XV халықаралық жаратылыстану пәндері бойынша ғылыми
олимпиадаға қатысып, жарыс қорытындысы бойынша қола медаль
иеленді. Олимпиадаға жалпы саны 50 мемлекеттен 294 оқушы қатысты.
3 кезеңнен тұратын сайыс физика, химия, биология пәндері бойынша
өтті. Алғашқы теориялық кезең 30 сұрақтан, ал екінші кезең пәндер бойынша
3 тапсырмадан және соңғы кезең 3 эксперименттен құралды.
Эксперименталдық және теориялық кезеңдердегі тапсырмалардың
қиындығына қарамастан қазақстандық оқушылар өздерінің білімдері мен біліктіліктерін барынша көрсете білді. Қазақстандық құрама команданың
құрамына Павлодар қаласындағы № 8 мектеп-лицейінің оқушылары
Драганчук Антон, Лим Владимир, Рахимжанов Дінмұхамед және Алматы
қаласындағы республикалық физика-математика мектебінің оқушысы
Амангелді Ислам кірді.

 

ҚР БҒМ баспасөз қызметі.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.