Home » Жаңалықтар » Баспасөз хабарламасы

Баспасөз хабарламасы

  

 

АЛҒАШ РЕТ БІРІНШІ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ АТА-АНАЛАРЫ

психологтардан бала тәрбиесіне байланысты құнды кеңестер алады

ҚР Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқығын қорғау комитеті Отбасы тәрбиесі институтымен бірлесе биылғы жылдың қыркүйек-қазан айларында еліміздің барлық мектептерінде «ХХI ғасырдың ата-аналары: балаңызға үлгі болыңыз» тақырыбында «БІРЫҢҒАЙ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АТА-АНАЛАР КОНФЕРЕНЦИЯСЫН» өткізеді.

Мектептегі дәстүрлі ата-аналар жиналысы көптеген мәселелерді шешуге көмектесетіні анық. Алайда, сынып жетекшілерінің айтуынша, ата-аналармен қарым-қатынас орнатудың бұл түрінде бірқатар қиындықтар туындайды. Ең басты себебі – педагогтерге жүктелетін жұмыстың шамадан тыс болуы және жиналысты өткізу әдісінің ескіруі. Сайып келгенде, бұл ата-аналардың мектеппен қарым-қатынас орнатуына әсер етеді. БІРЫҢҒАЙ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АТА-АНАЛАР КОНФЕРЕНЦИЯСЫНЫҢ дәстүрлі жиналыстан ерекшелігі – бұл жас ұрпақты инновациялық білімдермен және отбасылық тәрбиелеу әдістерімен оқытуға бағытталған және түрлі тақырыптады қамтитын жаңа формат. Осыған орай республикалық ата-аналар конференциясын еліміздің барлық мектептерінде өткізу жоспарланған. Кездесу барысында мынадай тақырыптар қозғалады:

  • «Бірінші сынып оқушылары ата-аналарына психологиялық көмек»
  •   8 қыркүйек
  • «10-11 сынып оқушылары ата-аналарына психологиялық көмек»
  • 9 қыркүйек
  • «2-4 сынып оқушылары ата-аналарына психологиялық көмек»
  •   13 қазан
  • «8-9 сынып оқушылары ата-аналарына психологиялық көмек» 14 қазан
  • «5-6-7 сыныпта оқитын жасөспірімдердің ата-аналарына психологиялық көмек»
  • 22 қыркүйек

 

Естеріңізге сала кетейік, алғашқы конференция  8 қыркүйек күні бірінші сынып оқушылары ата-аналарына арналады. Ал, 10-11 сынып оқушылары ата-аналарына – 9 қыркүйекте.

Өтетін орны мен уақыты: еліміздің барлық мектептерінде сағат 10:00-де.

Журналистердің аккредетиттеу үшін: pressa.edu@gmail.com Арман 87027259713, Перизат 87787008493, Маржан 87024480838.

Астана қ. 8 қыркүйек (1 сын.), 9 қыркүйек (10-11 сын.)

№59 мектеп-гимназия (орыс тілді), Сауран көш.  5/1

— №54 мектеп-лицей (қазақ тілді), Ш.Иманбаева көш., 4

Алматы қ. 8 қыркүйек (1 сын.)

—  қазақ тілінде білім беретін №84 мектеп КММ (Түркісб ауданы)

орыс тілінде білім беретін №156 мектеп КММ (Алатау ауданы)

9 қыркүйек (10-11 сын.)

— қазақ тілінде білім беретін №122 мектеп КММ (Әуезов ауданы)

орыс тілінде білім беретін №28 мектеп-лицей КММ (Медеу ауданы)

 

 

   ҚР БҒМ баспасөз қызметі

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.