Home » Жаңалықтар » БАСПАСӨЗ ПАРАҒЫ

БАСПАСӨЗ ПАРАҒЫ

Қызылорда облыстық білім басқармасының жоспарына сәйкес Е.Әуелбеков атындағы дарынды балаларға арналған №4 облыстық мектеп – интернатында 26 ақпан күні «Шаңырақ» жобасы негізінде тәрбие жұмысын жүзеге асырудағы инновациялық технологиялар» атты TED форматында диалог алаңы өтті.

Облыстық TED форматындағы диалог алаңының мақсаты:
рухани жаңғыру аясындағы бағдарламалар мазмұнын Назарбаев Зияткерлік мектептерінің тәрбие үдерісіндегі «Шаңырақ» оқушылар қауымдастығының әлеуметтік жобаларымен үйлестіру;

  • Мектеп – интернаттың тәрбие үдерісіндегі инновациялық іс – тәжірибесімен танысу;
  • Әлеуметтік жобалар арқылы жас ұрпақты ұлтжанды, елжанды, елін –жерін сүйетін саналы азамат болуға тәрбиелеу жолындағы әріптестердің пікір алысуын ұйымдастыру; «Әлеуметтік жобалар — тәрбие үдерісінде» тақырыбындағы жоба жетекшілері мен белсенді оқушылардың таныстырылымы ұсынылды. Олар «Туған елге тағзым», «100 кітап», «Көшбасшы», «Қоғамға қызмет ету», «Қазақ әндер» әлеуметтік жобалары бойынша атқарылған жұмыстар мақсаты, тиімділігі, нәтижесі туралы тәжірибелерімен бөлісті.Шараға облыстағы 46 инновациялық мектептердің басшылары, оқу — тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, сынып жетекшілері қатысты. Барлығы 300-ден астам адам қатысты. Облыстық оқу (әдістемелік) орталық директоры – С.Қ. Асқаров Облыстық «Рухани жаңғыру» орталығының «Тәрбие және білім» бөлімінің басшысы – Ә.Ж. Әбдіхалықова.
  • Қызылорда облыстық «Рухани жаңғыру» орталығының директоры – Н.К. Мыңжас
  • Спикерлер: Қызылорда облыстық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы – А.Б. Қасымова.
  • Облыстық TED форматындағы диалог алаңына қатысушылар әлеуметтік жобалар бойынша 6 тәрбие сағаттарының серияларына қатысып, тәрбие сабақтары жаңа форматта, интербелсенді әдістерге негізделіп, кіріктірілген оқыту түрімен жүргізілді.
  • Шара аясында мектеп – интернат ұжымы әзірлеген Рухани жаңғыру мен «Шаңырақ» оқушылар қауымдастығының сабақтастығын оқу – тәрбие үдерісінде ұйымдастырудың Үлгілік нұсқаулығының презентациясы таныстырылды.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.