Home » Жаңалықтар » БАСПАСӨЗ МӘЛІМДЕМЕСІ

БАСПАСӨЗ МӘЛІМДЕМЕСІ

 

 

 

Қазақстандағы ең ірі жыл сайынғы халықаралық көрмелерді өткізу жайлы:

«KazAgro-2018» — ауыл шаруашылығы және тамақ өнеркәсібі көрмесі

«KazFarm-2018» — мал шаруашылығы және ет-сүт өнеркәсібі көрмесі

 Қазақстан – агроиндустриалды ел, ауыл шаруашылығы халықтың өмірлік басты кәсібі болып табылады.

«ExpoGroup» Халықаралық көрме компаниясы 2018 жылдың 24-26 қазан күндері Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің, Астана қаласы Әкімдігінің және «ҚАЗАГРО» ҰБХ» АҚ-ның қолдауымен елордадағы «Көрме» көрме орталығында «KazAgro/KazFarm» халықаралық ауылшаруашылық көрмелерін өткізуде.

«KazAgro/KazFarm» сынды халықаралық ауқымдағы көрмелерді өткізу тәжірибесі, сондай-ақ, жобаны сапалы деңгейде ұйымдастыру арқасында Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіп кешеніне инвестицияларды тартуға жағдай жасалып отыр.

Іс-шара мақсаты – ауыл шаруашылығы саласындағы жетістіктермен инновациялық және көрнекі түрде таныстыру, бизнесті табысты дамыту үшін іскерлік байланыстарды орнатуға мүмкіндік беру, іскерлік келіссөздерді өткізу, қатысушылардың брендін және олардың өнімін ілгерілету үшін тиімді коммуникациялық алаңды ұсыну.

14 мың шаршы метр көрме алаңында Беларусь, Бразилия, Венгрия, Германия, Иордания, Испания, Италия, Қазақстан, Қытай, Литва, Нидерланд, Польша, Ресей, АҚШ, Түркия, Украина, Франция, Чехия, Швейцария, Швеция және Оңтүстік Кореядан келген 300-ден аса компания бас қоспақ.

Курган экспортты қолдау жөніндегі аймақтық орталығы, Қабардин-Балкария Республикасы Кәсіпкерлікті қолдау қоры ұлттық стендтерімен қатысып отыр. Сондай-ақ, Швейцария ұлттық стенді және қалыптасқан дәстүрге сай «Германияда жасалған» ұлттық стенді көрме қонақтарын осы саладағы соңғы жаңалықтарымен қуантпақ.

Германия, Моңғолия, Иордания және Ресейден келген делегациялар қазақстандық әріптестерімен өз білімдерімен, технологияларымен және жаңалықтармен бөлісу үшін көрмеге қатысуда.

Көрмелердің іскерлік бағдарламасы аясында бизнес-миссияларды, конгрестерді, ақпараттық-танымдық таныстырылымдарды, сондай-ақ, белгілі спикерлердің қатысуымен семинарларды өткізу жоспарланған.

Іскерлік бағдарламаның басты іс-шарасы ретінде 26 қазан күні «Германия және Қазақстан: тұрақты ауыл шаруашылығын дамыту бойынша серіктестер» тақырыбында конференция өтеді.

Қазақстанның агроөнеркәсіп кешені саласындағы ең ауқымды әрі елеулі «KazAgro-2018» — «KazFarm-2018» көрмелерінің қонағы болуға шақырамыз!

Аккредитациядан өту үшін: Жәнібекова Фариза, 8 7172 728047, 87757001940, e-mail: zhanibekova.f@pressclub.kz

Күні мен уақыты: көрмелердің ресми ашылуы – 2018 жылдың 24 қазаны, сағат 11:00-де

Жұмыс уақыты: 24-26 қазан күндері сағат 09:00-ден бастап 18:00-ге дейін

Өткізілетін орны: Астана қ. «Көрме» КО

Баспасөзді аккредитациялау: сағат 10:30-да «Көрме» КО фойесінде

 

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.